Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Сіз балдың пайдасы туралы, оның антиоксиданттық және антибактериалдық қасиеттері туралы естіген боларсыз. Не болмаса сізге жай ғана балдың дәмі ұнауы мүмкін және сізге балаларға неше жастан бастап бал жеуге болатындығы қызықты болар. Пайдалы қасиеттеріне қарамастан, кішкентай балаларға бал жеуге болмайды. Осы мақаладан сіз балдың балалар үшін қандай қаупі бар екендігін, балаларға балды неше жасынан беруге болатындығын және егер бал балалар тағамына түсіп кетсе, не болатындығын білесіз.

Неліктен кішкентай балаларға бал жеуге болмайды

Екі жасқа дейінгі балаларға бал беруге болмайды, себебі онда баланың ас қорыту жүйесі үшін улы болып табылатын бактериялар болады. Балды тұтыну балалар ботулизмі тәрізді аурудың себебі болуы мүмкін, сондай-ақ бал күшті аллерген болып табылады.

Балаға сондай-ақ құрамында бал бар тағамдер беруге болмайды (мәселен, печенье немесе мюсли батончиктері). Ешқашан балаға бал жағылған емізік бермеңіз. Қосымша ескерту ретінде құрамында бал бар банкалардың сыртында, балды 12 айға дейінгі балаларға беруге болмайды деген ескерту болады.

Балаларға неше жастан бастап бал беруге болады

Балаларға балды екі жасынан бастап беруге болады. Осы уақытқа қарай баланың ас қорыту жүйесі, аурудың даму қаупін болдырмай, балдың құрамындағы бактерияларды жою үшін айтарлықтай жетілген болады.

Балаға бал берген кезде не болады

Балды тұтыну балалар ботулизмі — балдың құрамындағы бактериялармен туындайтын ауруға алып келуі мүмкін. Бал бала ағзасына түскеннен кейін, бактериялар көбейеді және балалар ботулизмін тудыратын токсин пайда болады.

Балалар ботулизмі деген не

Ботулизм — Clostridium botulinum бактериясымен өндірілетін токсиндер туғызатын ауру. Бұл бактерия балда, сондай-ақ үй дайындамаларында, олар дұрыс дайындаламаған немесе сақталмаған кезде кездеседі. Балалар немесе нәресте ботулизмі деп, бір жасқа дейінгі балаларға зақым келтіретін ауруды атайды.

Балалар ботулизмінің симптомдары:

  • іштің қатуы
  • әлсіз жылау
  • бетінде эмоцияның болмауы
  • әлсіз лоқсу рефлексі
  • бала емшекті дұрыс ала алмайды және баяу тамақтанады
  • әлсіздік
  • қиындатылған тыныс алу
  • белсенділіктің төмендеуі

Егер сіз баланың бал жеп қоюы мүмкін немесе онда жоғарыда сипатталған симптомдардың бірі байқалады деген күмәніңіз болса, бірден дәрігер көмегіне жүгініңіз. Егер балада ботулизм расталған болса, оған жұтыну және тыныс алу қиынға соғуы мүмкін. Сондықтан баланың ауруханада, дәрігерлердің қарауында болуы және ем алуы қажет, бәлкім, дәрі тамызғыштардың және өкпені жасанды желдету аппаратының көмегі жасалады. Оған сондай-ақ тез сауығып кетуі үшін, антитоксиндер жазылып берілуі мүмкін.

Балаға зиян келтірмес үшін, оның бір жасқа толғанын күтіңіз және содан кейін ғана оған бал беріңіз. Бала өскен кезде бұл тағамның дәмін татып, одан барлық пайдалы затты алу үшін, онда уақыт жеткілікті. Ал әзірше барлық қажетті қоректік заттарды нәресте емшек сүтінен немесе қоспадан, сондай-ақ өзі таныса бастаған қатты тағамнан алады.

Күнделікті бала күтімі барысында біраз жөргек ауыстарытан боласыз.   Жөргектер ең қажет кезде таусылып қалатындығына алаңдамас үшін, оларды алдын-ала арнайы бағамен сатып алып қойыңыз.