Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Балалар таңғаларлық дамыған сезімдерімен дүниеге келеді. Өмірге келген сәтінде жаңа туылған сәбидің көру қабілеті әлі толық қалыптаса қоймағанымен, бірақ әлемдегі ең маңызды нәрсені — өзін қолына ұстап көтерген анасын көре алады.

Сәби өмірінің алғашқы айларында сіз ұсақ моториканың дамуымен бірге оның көру қабілеттері де жақсара түсетінін байқайтын боласыз: көзқарастың ұзақтығы, қозғалысты қадағалау және түсті қабылдау.

Бала көзінің түсі қашан өзгереді?

Көру қабілеті дамыған сайын меланин пигментіне орай көздің түсі де өзгере түсуі мүмкін, меланин пигменті тері мен шаш түсіне де әсер етеді. Туылғаннан көздері қара (қой көзді немесе күңгірт-жасыл) көздер меланин құрамының жоғары екенін білдіреді, көздердің түсі енді өзгермеуі де мүмкін (алайда өзгеруі де мүмкін). Егер көз мөлдір (көгілдір немесе мөлдір-сұр) болса — демек, меланиннің аз болғаны, көздің түсі меланин мөлшерінің көп өндірілуіне орай өзгере түсуі мүмкін. Сәби көзінің түсі өмірдің түрлі кезеңдерінде құбыла түсуі мүмкін: алғашқы бірнеше айда, жылда немесе екі жылда құбылуы мүмкін. Бұл қашан болатынын болжау қиын, сондықтан өзгерістердің алғашқы белгілерінің пайда болуын бақылау одан сайын қызық бола түседі!

Сәбиіңіздің көру қабілеті: қабылдау диапазоны және ұзақтық

Кішкентайлар қау кезден бастап көре бастайды? Кішкентайлар қай қашықтықтан көре алады? Жаңа туылған сәбидің көру қабілеті өте шектеулі. Көру қабілеті 20-30 см қашықтықта тұрған затқа қана шоғырлана алады — мысалы, сіз сәбиді қолыңызға көтері тұрғанда немесе кереует жиегінде тұрғанда, көзқарасын сіздің бетіңізге шоғырландырады. 30 см-ден алыстағы заттарды балақай айқын ажырата алмайды. Алайда, оның көру диапазонындағы заттарды ол мұқият қарап зерттейді. Бастапқыда сәби сіздің жүзіңізге қарайды, оның көзқарасы әлдебір бөлшекке (мысалы, сіздің көзіңізге) шоғырланады, бірақ көп ұзамай ол көзқарасымен сіздің жүзіңізді толық қамти алады.

Көру диапазоны біртіндеп кеңейе түседі, үш айға толар шағында сәби  бөлменің ортасында тұрған кезіңізде сізді көре алады, тіпті, сізге қарап күлімдеуі де мүмкін! Мүмкін, ол тым жақын тұрған заттарға, мысалы, ойыншыққа назар аударуға тырысады. Біртіндеп сәбидің көру ұзақтығы ұлғая түседі, төрт айлығында терезеден көрінетін көрініс, қабырғадағы картиналар мен әшекейлер қызықтыра бастайды, ал жеті айлығында көру қабілеті түпкілікті қалыптасады.

Сәбиіңіздің көру қабілеті: заттарды қадағалау

Жаңа туылған сәбилердің дамуының тағы бір кезеңі — бұл қозғалатын затты қадағалау мүмкіндігі. Бұл әлеммен танысудың және кеңістікте қауіпсіз қозғалудың негізгі дағдысы. Сәби өскен соң, атап айтқанда, осы икемділігі машиналардың қайда қозғалып бара жатқанын анықтауға және жолдан арғы бетке өтуіне көмектеседі.

Сіз байқасаңыз, туылған кезде бала сылдырмақты көрмейді, тіпті сылдырмақ көз алдында тұрса да байқамайды, алайда екі ай өткен соң ол сылдырмақты көре алады, тіпті, ойыншықтың қимылын қадағалай алады. Бес айлық болған кезінде балақай біраз тәжірибе жинап, жақындап келе жатқан және алыстап бара жатқан заттарды көре алады, оның бойында кеңістік тереңдігін қабылдау сезімі дамиды.

Сәби шамамен үш айға толғанда, ол көз алдында тұрған заттарды қолымен ұстап көрмек болады, бірақ көбіне тигізе алмай қалады. Көзқарасты қол қимылымен үйлестіру үшін жасалған алғашқы әрекеттер сәби мен ананың көңілін көтереді. Уақыт өте келе оның ұсақ моторикасы, сондай-ақ заттарды қадағалау және оларды ұстап алу қабілеті жақсара түседі. Үш-төрт жасында сәби сіздің оған қарай лақтырған добыңызды ұстап ала алатын болады.

Сәбиіңіздің көру қабілеті: түстерді қабылдау

Жаңа туылған сәбилер әлемді көбіне қара-ала түсте көретіні анықталған. Істің мәнісі мынада, кішкентай адам дүниеге келгенде, түске жауап беретін көздің тор қабығындағы жасушалар толық дамымайды. Жаңа туылған сәбилер түстерді қашан ажырата бастайды? Шамамен бір айлығында балалар бояудың ашықтығы мен қарқындылығына мән береді, үш айлығында сәби қызыл түсті қоса алғанда, бірнеше негізгі түсті көре бастайды. Түсті түпкілікті қабылдауы төрт айында қалыптасады — бұл кезде сәби көптеген түстерді, тіпті, түс реңктерін ажырата алады.

Сонымен, жаңа туылған сәбилер нені көре алады? Сәбидің түс пен өрнектерге қалай мән беретіндігін бақылап көріңіз — мысалы, сәбидің кереует үстіндегі мобильге қарап тұрғанына назар аударыңыз. Сіз алғашқы айда сәбидің қарапайым қара-ала өректерге, кең жолақтарға немесе керағар гүлдер салынған суреттерге қарауына мән беріңіз. Сәби үш жасқа толғанда, оны бірқалыпты сызықтары бар өрнектер немесе шашыранды шеңберлер қызықтыра бастайды.

Ай өткен сайын сәби жаңа нәрселерді үйренеді, онымен бірге ата-анасы да оның жаңа дағдылары мен жетістіктеріне қуанады. Егер сізге өз сәбиіңіз өскен сайын не болатыны қызық болса, сәбидің төрт айдан тоғыз айға дейінгі даму кезеңдері туралы оқып шығыңыз. Егер сізде баланың көру қабілетімен байланысты сұрақтар мен қауіптер пайда болса, міндетті түрде дәрігерге көрініңіз.