Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Емшек сүтін емізу — бұл баланы тамақтандыру және сәбимен жақын қарым-қатынас қалыптасатын процесс. Емшек емізу — бұл табиғи процес екендігіне қарамай, бастапқыда көптеген қиындықтар тудыруы мүмкін. Емшек сүтімен қоректендіру кезінде не болатындығын, сіз бен балақай үшін пайдасы және қалай емізу керектігі туралы толық біліп алыңыз — емшек ұшына әкелуден бастап, емшек сүтін саууға дейін.

Менің сәбиім үшін емізудің қандай пайдасы бар?

Емшек емізу сәбиге үлкен пайда әкеледі. Емшек сүтінің құрамында баланың өсуіне қажетті минералдар мен қоректік заттар бар. Емшек сүті бірқатар ауруларды төмендетеді:

  • құлақ инфекциялары
  • аллергиялар
  • есекжем
  • демікпе
  • құсу
  • ішөту
  • пневмония
  • жасөспірім диабеті
  • жасжеткіншек шағында және кемел жаста семіру
  • кенеттен болған бала өлімі синдромы

Кейбір зерттеулер көрсеткендей, емшек емізу сәби миының дамуына жақсы әсер етеді.

Емшек емізудің мен үшін не пайдасы бар?

Емшек емізу сәби үшін ғана емес, сондай-ақ ана үшін де пайдалы. Емізу барысында баламен ерекше қатынастар қалыптасады, өйткені емшек сүті  окситоциннің, «махаббат гормонының» өндірілуін ынталандырады, мұның өзі жатыр бұлшықетін жиырып, сол арқылы ананың жүкті кезге дейінгі жағдайқа оралуын ықпал етеді. Егер ана сәбиін емшек сүтімен қоректендірсе, бұл екеуіне де жайлы әрі ыңғайлы — анасында әрқашан дайындауды қажет етпейтін қолжетімді ыңғайлы тамақ бар. Тағы бір маңызды кезең: емшек емізу кеуде обыры мен аналық без обырының пайда болу қаупін азайтады.

Емізетін аналарда жүктілік кезінде жинап алған салмағын тезірек тастау мүмкіндігі мол. Сүт өндіру кезінде калория шығындалады, ал артық салмақ организм үшін сау қарқында кетеді. Егер салмақтың азаюы созыла түссе — сәби өсіп келе жатқанда және сүтке деген қажеттілік ұлғайғанда, денеге осы май керек.

Қалай дұрыс емізу керек?

Сәби туылған соң, оны бірден ашық теріге жатқызыңыз. Бұл жағдай сәбидің емшекті табиғи қажетсінуін тудыруы тиіс. Алақанмен ұстап, емшек ұшын сәбидің астыңғы ерніне тигізіңіз. Егер ол есінесе немесе ауызын кең ашса, емшек ұшын оның аузына апарыңыз. Емшекті балаға созбай, баланы емшекке қарай тартыңыз.

Жаңа туылған сәбилер әр емшекті 10-15 минуттан емуі мүмкін. Сіз сәбидің тек бір ғана емшек емгенін қалайтынын немесе қос емшекті де емуді қалайтынын анықтай аласыз. Сәби бір емшекті босатқанда, сіз оның қарны аш екенін түсіну үшін, екінші емшекті ұсыныңыз. Егер сәби екінші емшектен бас тартса, бұл жолы қай емшегіңізді емізгеніңіз есіңізде болсын, келесі жолы емізуді басқа емшектен бастайсыз. Екеуіңіз үшін ең жайлы позаны табу үшін, емізудің түрлі позаларын эксперименттен өткізіңіз.

Емшек сүті қандай болуы тиіс?

Емшек емізудің алғашқы күндері сіз сары реңкті және қою консистенциялы екенін байқай аласыз. Емшек сүті осындай болуы керек пе деп мазасызданасыз. Ойланудың қажеті жоқ, бәрі жақсы. Сәби дүниеге келген соң, емшек уыз өндіреді. Бұл жаңа туылған сәбидің алғашқы тамағы және оның ауруларға қарсы алғашқы вакцинасы. Сәбиге бір емізгенде бір шай қасықтан артық уыз қажет емес, сондықтан сәби көп уыз сорады деп күтпей-ақ қойыңыз.

Босанғаннан кейін 2–5-ші күндері сіз сүт консистенциясының өзгергенін байқайсыз. Ауыспалы сүт келіп, ол уызды ауыстырады. Сәби дүниеге келген соң 2-ші аптаның соңында жетілген сүт өндіріле бастайды, алдымен бұл сүт консистенциясы жағынан едәуір сұйық болып, одан әрі емізу барысында қоюлана түседі.

Сәбидің қарны ашқанын қалай түсінуге болады?

Емізу жиілігі — емізетін аналардың кең таралған сұрағы. Егер сәби жыласа, демек, сіз оның ашыққан кезеңін жіберіп алғаныңыз, оны бұл жағдайда емшекке әкелу қиынға соғуы мүмкін. Аш болудың алғашқы белгілерін байқау үшін, оның әрекетін мұқият бағалаңыз. Сәби келесі жағдайларда аш болуы мүмкін:

  • мазасыз көрінеді
  • қолдарын бүгеді
  • жұдырық түйеді
  • саусақтарын аузына апарады
  • ему қимылдарын жасайды

Сәби тойған кезде, ол көзін жұмып алады, сіз оның қолдары мен аяқтарының қалай босаңсығанын сезінесіз.

Сәбиді қаншалықты жиі емшекке апару керек?

Сәбидің өзіне кесте жасауға мүмкіндік беріңіз. Туылған соң алғашқы бірнеше күн бойы сәбидің емшекті сағат сайын соруы сізді таңғалдырмасын. Бұл  сәбиіңіздің сүтке деген қажеттілігін қанағаттандыратын көлемде сүт өндіруін ынталандыруға мүмкіндік береді. Сүт қосылған сайын сіз сәбидің ашығуының әлсірей бастағанын байқайсыз, әр 2-3 сағат сайын немесе күніне 8-12 рет емізу керек болады.

Сәбиге сүт жетпей жатқанын қалай түсінуге болады?

Көпшілік аналар емшек сүті сәбиге жетпей қалама деп күйзеледі. Егер сіз сәбидің ему кезінде қалай жұтып жатқанын есітсеңіз, демек, сәби әлдебір сүт мөлшерін сорып жатыр. Егер сәби еміп болған соң ұйықтап қалса, бұл оның тойғанының белгісі.

Сәбидің жеткілікті сүт мөлшерін алу белгілері:

  • Сәби 6 аптаға дейін күні бойы 5–6 рет сиеді жәге күніне 2-5 рет сұйық нәжіс жібереді.
  • Несебі ақшыл-сары түсті (күңгірт- қызғылт сары және сары емес) емес.
  • Емізіп болған соң, сіздің емшегіңіз жұмсақ сезіледі.

Емізу кезінде нені жасау және нені жасамау керек?

Емізетін аналарды емшек емізу кезінде нені жасау керек және нені жасамау керек, сәби өзіне қажетті барлық қоректік заттарды алуы үшін, емізетін ананың диета ұстауы керек пе деген сұрақтар жиі мазалайды. Емшек емізетін аналарға арналған ұсыныстар:

  • Жеткілікті сүт мөлшерін өндіру үшін, күнделікті рационның калориялығын 450–500 калорияға арттырыңыз.
  • Аптасына 2–3 рет балық немесе теңіз өнімдерін жеңіз, бірақ сынап мөлшерін жоғары балықтан аулақ болыңыз (қылыш балық,  корольдік макрель, теңіз алабұғасы, акула).
  • Дәрігерлер ұсынған жағдайда, емшек емізу кезінде жүктілерге арналған дәрумендерді қабылдаңыз.
  • Жеткілікті сұйықтық ішіңіз.
  • Сәби туылғаннан кейін алғашқы күндері кофеден бас тартыңыз немесе аздап қана ішіңіз. Болашақта кофенің орташа мөлшері (күніне 200 мл-ге жуық) сәбиге зиян келтірмейді.
  • Егер сіз емшек емізу кезінде алкоголь ішкен болсаңыз, 2 сағаттан кейін ғана емізіңіз.
  • Күніне 2 алкогольдік сусыннан артық ішпеңіз.
  • Емшек емізу кезінде дәрі қабылдау туралы өз дәрігеріңізбен кеңесіңіз. Дәрілердің көпшілігі сәбиге қауіпті емес, бірақ емшек еметін сәби организміне шағын дозада түсетін заттар бар.
  • Темекі тартпаңыз. Темекі өнімдерін тұтыну сүттің өндірілуін төмендетеді, темекі түтіні балаға зиян тигізеді.
  • Емшек емізу кезінде қандай контрацепциялар қауіпсіз екендігі туралы өз дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

Емшек сүтін сауу туралы нені білу керек?

Өндірілетін сүт көлемі оның тұтынылуына байланысты. Сіз баланы неғұрлым көп емізетін немесе емшек сүтін сауып алатын болсаңыз, сізде сүт соғұрлым көп өндіріледі. Емшек емізіп жұрген кезіңізде жұмысқа оралғыңыз келсе немесе бала емшек емгісі келмеген кезде, сүттің өндірілуіне қолдау көрсетпек болсаңыз, бұл істе емшек сүтін сауу көмектеседі.

Емшек сүтін қалай саууға болатындығы туралы бірнеше пайдалы кеңес:

  • Босаңсыңыз. Күйзеліс өндірілетін сүт көлеміне теріс әсер етуі мүмкін. Емшек сүтін сауу үшін оңаша жайлы орын табыңыз.
  • Сүтті жиі сыздықтатып ағызыңыз. Бұл сүттің өндірілуін қолдайды. Екі емшекті бір  мезгілде сауып алыңыз.
  • Сәби емгісі келген кезде бірден емізіңіз. Егер сіз баланың аш екенін байқасаңыз, оны  тез арада қоректендіріңіз. Бұл сонымен қатар емшек сүтін сауып алған кезде көп сүтпен қамтамасыз етеді.
  • Сұйықтықты көп ішіңіз.

Емшек емізуді қанша уақыт жалғастыру ұсынылады?

Дәрігерлер емшек сүтін баланың өмірінің алғашқы алты айында жалғыз тамақ ретінде ұсынады. Бірінші жылы баланың рационына қатты тағам қосу керек. Емшек емізуді қай уақытқа дейін жалғастыруға болатындығының нақты шегі жоқ — бұл екеуіңізге де ыңғайлы таңдау болуы керек. Балаңызды емшектен шығаруғ дайын болған кезде,  нәрестені емшектен шығаруды қалай жоспарлау керектігі туралы біздің кеңестерімізді оқып шығыңыз.

Емшек емізу кезінде маған тағы не көмектесе алады?

Егер сіз алғаш рет емізіп отырған болсаңыз, емізу тәжірибесінің бастапқы кезінде сізге көмек қажет болуы мүкін.

Емшек емізуді біршама оңайлататын бірнеше кеңес:

  • Көмек сұраудан қорықпаңыз. Сіз алғаш рет емшек емізген кезіңізде, консультацияға жүгініңіз. Акушер әйел немесе емізу бойынша консультант сізге жаңа туылған нәрестені емізуге арналған жақсы позаны таңдауға көмектеседі және сәбидің емшекті дұрыс аузына алуына жәрдемдеседі.
  • Сәбидің кереуетін өзіңіздің жатын бөлмесіне орналастырыңыз. Алғашқы 6 айда ана  мен баланың бір бөлмеде тұрғаны ыңғайлы, сіз осылай бала ашыққан кезде бірден емізе аласыз.
  • Балаға емізікті бірден бермеуге тырысыңыз. Емізікпен тым ерте танысу емшек емізу процесіне нашар әсер етуі мүмкін, өйткені емізікті сору кезіндегі әрекет емшекті сору кезіндегі қозғалыстан ерекшеленеді. Сарапшылар балаға емшек емізу процесі жақсы жолға қойылғаннан кейін ғана беруді ұсынады, бұл, әдетте, туылған соң 3-4 аптадан кейін орын алады.
  • Өз емізігіңізге қамқор болыңыз. Табиғи түрде емізіп болған соң, емізікте сүтті кеуіп қалуға қалдыруға болады. Егер сіздің уақытыңыз болмаса, емізікті құрғақ жұмсақ сүлгімен жай ғана сулаңыз. Сүт ағып кетпеуі үшін, емізетін аналарға арналған бюстгалтер ішіндегі астарды тұрақты ауыстырып отырыңыз. Душ немесе ванна қабылдауды жоспарласаңыз, емізікке сусабынның немесе сабынның тиюін барынша азайтыңыз. Егер сіздің емізігіңіз құрғақ болса, әр емізген сайын ланолин жағып отырыңыз, бұл емізіктердің жазылуы мен ылғал ұстауына көмектеседі. Маститтің алғашқы белгілері пайда болғанда, тұмау жағдайы және емшектің ауыруы пайда болуы мүмкін, бұл кезде бірден дәрігермен кеңесіңіз.

Емшек емізу — бұл табиғи процесс, алайда сіз осы сәбиіңізбен әрекетті жолға қою үшін біршама уақыт жұмсауыңыз мүмкін. Сондықтан көпшілік аналарда көмек пен кеңеске деген қажеттілік туындайды. Жаңа туылған сәбиді алғаш рет емізу туралы толық оқып шығыңыз. Ал емізу жөніндегі консультант сізді дұрыс емізу жолдарын үйрете алады.