Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Емізуді аяқтау уақыты келген кезде, сізде оны қашан және қалай аяқтауға байланысты көптеген сұрақтар туындауы мүмкін.

Баланы емшектен қашан ажырату мәселесі – әр ананың жеке таңдауы. Сіз балаңыздың оған қашан дайын болатындығын күтуіңізге болады немесе жұмысқа қайту тәрізді қандай да бір жеке себептер бойынша белгілі-бір сәтке орай тоқтатуыңызға болады.

Баланы емізуден ажыратуға байланысты сондай-ақ әртүрлі варианттары болады. Осы орайда сізге жеңіл болуы үшін, біз бірнеше амалын сипаттадық, сондай-ақ нені жасаған дұрыс және нені жасамау керектігін атап өттік.

Емізуден ажырату деген не

Алдымен терминдермен танысып өтейік. Емізуден ажырату, емізуді тоқтату – бұл анасы емшек сүтін беруді тоқтатып, нәрестенің бөтелкеден тамақтанатын (сүзілген сүт немесе қоспа), қосымша тамақты қабылдайтын (жасына байланысты) ана мен бала өміріндегі кезең.

Емізуден ажырату – бұл бір күнде болмайтын, жаңа әдеттерге біртіндеп өту. Мәселен, баланы емізуден ажырату әдістерінің бірі – ол, түнде тамақтандыруды жалғастыра отырып, күні бойы тамақтандыруды қысқарту, ал одан кейін біртіндеп түнгі тамақтандыруды да қысқарту.

Емізуден ажыратуды қашан бастаған жөн

Емізу бала өмірінің алғашқы жылында ұсынылады және алты айынан бастап қосымша тамақтандыру енгізіледі. Сондықтан кейбір аналар бала бір жасқа толғанда емізуді біртіндеп аяқтайды. Кейбіреулері оны ертерек, кейбірі кештеу жасайды, ал кейбір аналар, бала өз бетімен емшектен тамақтануды тоқтатуға дайын болған сәтті күтеді.

Емізуді қашан аяқтау керектігі – ол жеке таңдау. Кей жағдайларда анасы жұмысқа оралуына байланысты емізуді тоқтатуға мәжбүр болады. Емізуді аяқтауға емшек ұшының ауырсыну сезімдері немесе жарылып кетуі түрткі болуы мүмкін.

Кейбір балалар үшін ересектеу жасында (тоддлерлерде) емізуден ажырату ауырлау өтуі мүмкін екендігін атап өту керек. Мәселен, екі жасар тоддлерді бір жасқа дейінгі нәрестеге қарағанда, тұрақты әдетіне байланысты, емшек емуді қойдыру күрделірек болуы мүмкін.

Алайда теория жүзінде барлығы қарапайым, ал практикада күрделірек болуы мүмкін. Өздеріңіздің жеке жағдайларыңызды басқа аналардың жағдайларымен салыстырмауға тырысыңыз және белгілі-бір уақытты таңдап, қысымға жол бермеңіз. Оның орнына нақты сіз және сіздің нәрестеңіз үшін ненің дұрыс екендігіне зейініңізді аударыңыз, сондай-ақ педиатрдан консультация алыңыз.

Есіңізде болсын, егер сіз балаға емшек емуді қойғызсаңыз да сіз оған бөтелкеден немесе шыны-аяқтан емшек сүтін, қоспаны немесе қосымша қорек (жасына байланысты) бере отырып, барлық қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етуді жалғастыра аласыз.

Баланы емізуден қалай ажыратуға болады

Емізуді аяқтаудың екі негізгі тәсілі болады. Бірінші тәсіл: сіз баланың іс-әрекетін, атап айтқанда оның емшек емуді тоқтатуға дайын болуын басшылыққа алсаңыз. Екінші тәсіл: анасының емізуді қашан аяқтағысы келетінін шешуі және сол сәтке біртіндеп дайындалуы. Біз бұл тәсілдер туралы толығырақ төменде айтамыз. Сізге және сіздің балаңызға ыңғайлы тәсілді таңдаңыз.

Емізуді табиғи түрде тоқтату

Емізуді аяқтаудың айтарлықтай қарапайым тәсілі: анасы баласының өзінің жеке қарқынымен емшек емуді тоқтатқанын күтеді. Кей жағдайда мұндай тәсілді «емізуді табиғи түрде тоқтату» деп атайды.

Мұндай тәсіл кезінде оқиға келесі түрде өрбуі мүмкін. 6 айлығында қосымша тамақтандыруды енгізген кезде, сіз нәрестенің емшек емудегі қажеттілігінің өзгергендігін байқай аласыз. Ал бір жасына қарай, баланың қызығушылығы қатты тағамға және шыны-аяқтан ішуге ауысып кетуі де ғажап емес.

Бала тоддлер жасына жетіп (мүмкін одан да көбірек уақыт), емшек емуді жалғастырғысы келуі мүмкін. Бұл ретте емуді көбінесе өз бетімен, емшек алдында көп отырғысы келмей, тоқтатады.

Адайда бұл тәсіл қазіргі уақытта аса кең таралмаған (көптеген аналар емізуді қашан аяқтауды өздері анықтағанды қалайды), бірақ, сіз үшін дәл осы тәсіл қолайлы болуы мүмкін. Мұндай сценарии кезінде сәбидің емуді өзі тоқтатуына уақыт қажет, сондықтан анасынан төзімділік қажет болады.

Емізуден біртіндеп немесе белгілі-бір сәтке орайластырып ажырату

Балаемізуден «ажырауға» өзі дайын болған сәтті күтетін тәсіл кезінде, емізуді аяқтау оңайырақ болуы мүмкін. Бірақ бұл вариант кезінде белгісіздік бар, сондықтан ол барлығына жарай бермейді.

Емізуден біртіндеп қойдыру кезінде, емізу көп жағдайда біртіндеп бөтелкеден немесе шыны-аяқтан тамақтандыруға алмастырылады және соңында қатты тағамға ауысады. Бұл тәсілдегі параллельді амал – әр емізудің ұзақтығын азайту. Осылайша уақыт өте келе баланың емізуді қажетсінуі жоғалады.

Анасы өзі үшін емізуді тоқтату мерзімін анықтауы мүмкін және біртіндеп «белгіленген» мерзімде емізуді толық аяқтап, оларды осы датаға қарай қысқартады.

Егер мүмкіндік болса, сіз бала өз бетімен, біртіндеп емізуге деген қызығушылығын жоғалта бастағанға дейін күткеніңіз дұрыс болады (баланың емшек емуді қоюға дайын екендігін қалай түсінуге болатындығы туралы толығырақ оқыңыз). Бұл кезеңде емізуді аяқтау жеңілірек болуы мүмкін. Бірақ әр ананың бұл сәтті күту мүмкіндігі жоқ.

Ересектеу балалар емшектен айырудың «идеясы» неде екендігін кей жағдайда түсінеді. Анасы баласына оның ересек болғанын, емшек емуді тоқтату керектігін түсіндіруі мүмкін және сіз балаңызбен бірге жаңа өмір сүру салтына үйрене бастайсыздар.

Емшектен ажыратылған кезде нені жасауға болады және нені жасауға болмайды

Мыналарды жасауға болады:

  • Баланы біртіндеп бөтелкеге, ал одан кейін шыны-аяққа үйрету. Егер бала ересектеу болса, онда бірден су ішетін ыдысқа немесе түтікшесі бар ыдысқа ауысуға болады. Нәрестеге бір жасынан бастап сүзілген емшек сүтін немесе қоспаны, сондай-ақ сиырдың сүтін бере аласыз.
  • Бала жақсы көңіл-күйде болғанда және қарны аша қоймаған кезде оны бөтелкеден тамақтандыру. Мұндай жағдайда бала бөтелкені аса үлкен ниетпен қабылдауы мүмкін. Егер бала әлі бір жасқа толмаған болса, тамақтандыру үшін сүзілген сүт немесе қоспа беруге болады. Бір жастан асқан соң сиырдың сүтін енгізуге болады.
  • Нәресте бөтелкеден тамақтануға үйренуі үшін, бас кезінде ағыны баяу бөтелкені пайдалану.
  • Тамақтандыруға үйдегілердің біреуін қатыстыру. Осылайша тамақтану балада тек анамен ғана байланысты деген ассоциация болмайды және емшектен ажырау жеңілірек өтеді.
  • Емізудің әдеттегі уақыты келген кезде баланы алаңдату. Оған аздап тамақ беріңіз немесе балалар алаңына, қонаққа барыңыздар, балаға кітап оқыңыз немесе серуендеуге шығыңыздар.
  • Тамақтандырудың ұзақтығын қысқарту.
  • Емізуді толығымен бөтелкеден немесе шыны-аяқтан, сондай-ақ егер нәресте ересектеу болса қосымша тамақтандырумен ауыстыру мүмкін болғанға дейін, емізу мөлшерін біртіндеп азайтып отыру.
  • Егер сіз емізуден ажыратуды алты ай мен бір жастың аралығында бастасаңыз, онда бала бір жасқа толғанға дейін, қосымша тамақтандырумен бірге сүзілген сүт немесе қоспа беруді жалғастыру керек. Содан кейін толығымен қатты тағамға және сиыр сүтіне ауысуға болады.

Егер мүмкін болса, онда мыналарды жасамаған жөн:

  • Емізуді кенеттен аяқтау. Емізуді біртіндеп қысқарту, мәселен, түнгі тамақтандырудан бастау. Емізуді күндер, апталар немесе айлар бойы азайту.
  • Өзіңіз әдетте отыратын креслода отыру немесе тамақтандыратын кезде киетін киіміңізді кию, себебі ол қайшылық сигналы болуы мүмкін.
  • Егер бала табандылықпен сұрап тұрса, емізуден бас тарту. Мұндай әрекет, баланың одан бетер емшек емуді талап етуіне әкелуі мүмкін.
  • Балаға саусағын немесе көрпенің бұрышын соруға бермеу не болмаса оған тыныштануға көмектесетін кез-келген басқа әдеттен бас тарту. Бәлкім, ол осылайша өзгерістерді жеңіп жатқан болар және бұл қалыпты жағдай. Егер сізді баланың өз-өзін тыныштандыруындағы қайсыбір жағдай алаңдататын болса, оны педиатрмен талқылаңыз.

Балаңыздың емізуден ажырауына дайын екендігін қалай білуге болады

Егер сіз ешқайда асықпасаңыз және сізде емізуді аяқтау бойынша нақты дата болмаса, онда баланың дайындығының белгілерін қадағалауыңызға болады:

  • Бала емшекке деген қызығушылық танытпайды және оны емшекке жақындатқан кезде қыңырлық танытады.
  • Ол емшекті аз уақыт емеді. Мысалы, ол толық тамақтанбастан, алдыңыздан өзі түсіп кетеді.
  • Ол емшектің ұшын тартады немесе тістейді.
  • Бала еріндерімен емшекті алады, бірақ ембейді.

Егер сіз осы белгілерді байқасаңыз, сіз емізуді табиғи түрде тоқтатудың жарты жолында болуыңыз мүмкін (балада біртіндеп емшек емуге деген қажеттілік жоғалатын кез) немесе сіз осы сәтті емізуді біртіндеп тоқтатудың бастапқы нүктесі ретінде пайдалануыңызға болады.

Егер балаңыз емшек емуді тоқтатуға дайын болмаса, ол дайын болу белгілерін көрсеткен сәтке дейін емізуді тоқтата тұрған дұрыс. Егер күту мүмкін болмаса, емізуді біртіндеп аяқтауға тырысыңыз. Педиатрдың консультациясын алған пайда болуы мүмкін, себебі дәрігер дәл сіздің жағдайыңызда қалай жасаған дұрыс екендігі бойынша кеңес бере алады.

Емізуді қашан аяқтамаған дұрыс

Емізуді аяқтауды мүмкіндігінше күте тұрған дұрыс болатын жағдайлар да болады:

  • Егер сіз балаңызда кейбір тағамдарға аллергия болуы мүмкін деп ойласаңыз. Егер ата-ананың бірі аллергияға жақын болса, онда нәресте бір жылға толғанға дейін емізуді жалғастырған орынды болуы мүмкін. Баланың емізу фонында әлеуетті аллергендермен кезігуі аллергияның даму қаупін төмендетуі мүмкін. Егер сізде қандай да бір күмән немесе сұрақтар болса, оларды дәрігермен талқылаған дұрыс болады.
  • Баланың ауырып қалуы.
  • Анасы ауырып қалды және емізуді аяқтау процесіне зейін қоюға дайын емес.
  • Бала тістердің шығуын ауыр өткеруде.
  • Бала өзгерістерге алаңдаулы. Мысалы, отбасыңыз басқа пәтерге көшті немесе нәрестенің әдеттегі тұрмыс салты өзгерді.

Емізу аяқталған кездегі ананың өзін күтуі

Емізуді аяқтаудың ана үшін эмоционалды және физикалық салдары бар.

Емшек бөртуі мүмкін және ол ауырсынуы немесе инфекцияға алып келуі мүмкін. Мұны болдырмас үшін, емізуді біртіндеп аяқтаңыз. Емізуді қысқарта бастаған кезде, алғашқы күндері шамалы сүт сүзіп көріңіз, ол ауырсыну сезімдерін жоюға көмектеседі. Нәтижесінде денеңіз сигналдарға жауап береді және сүт шығаруды тоқтатады.

Сіз сондай-ақ мұңаю мен мазасыздануды қоса алғанда, эмоциялар гаммасын сезінуіңіз мүмкін. Нәресте бейімделіп жатқан уақыт, анасы үшін эмоционалды тұрғыдан оңай болмауы мүмкін. Бұдан бөлек, сізге емізу кезінде балаңызбен оңашада болатын тыныш сәттердің жетіспеуі мүмкін.

Балаға аса назар аудара отырып, қандай да бір уақытыңызды баламен өткізіңіз,  емізумен байланысты болмайтын, жақындасудың жаңа ережелерін орнатуға көмектеседі.

Егер емізуді аяқтау процесінде сізде эмоционалды немесе физикалық қиындықтар болса, дәрігер көмегіне жүгініңіз.

Емізуді аяқтауды қалай бастаған жөн?

Өзіңіз дайын болған кезде, емізудің жиілігін, сондай-ақ оның ұзақтығын біртіндеп қысқартыңыз. Мысалы, алдымен күндізгі емізуді тоқтатыңыз, бірақ түнде емізуді жалғастырыңыз, біртіндеп түнгі емізуді де тоқтатыңыз.

   

Емізуді аяқтауды қашан бастаған дұрыс?

Емізуді аяқтау үшін белгілі-бір идеалды жас жоқ. Ол жеке адамның шешімі. Көптеген аналар емізуді бала бір жасқа толғаннан кейін аяқтайды, ал кейбіреулер – одан ертерек немесе кешірек. Сіз сондай-ақ емуді өзі қалағанша уақыт бере отырып, балаға өзіне шешуге мүмкіндік беруіңізге болады. Мұндай тәсіл емізуді табиғи түрде тоқтату деп аталады.

    

Бала бір жаста және одан асқан кезде, оны емізуден қалай шығаруға болады?

Тоддлерлерге арналған бірнеше әдіс:

  1. Баланы бірден шыны-аяқтан немесе бөтелкеден ішуге ауыстырыңыз.
  2. Баланы емізетін креслода отырмаңыз және балада емізумен ассоциация болатын киімдеріңізді кимеңіз
  3. Әр емізудің ұзақтығын қысқартыңыз.
  4. Егер бала табандылықпен сұрап тұрса, емізуден бас тартпаңыз. Олай болмаған жағдайда ол емшек емуді одан бетер «қалауы» мүмкін.
  5. Балаға саусағын немесе көрпенің ұшын соруына тыйым салмаңыз. Ол солайша өзгерістермен күресуі мүмкін.
  6. Егер балаңыз емізудің неліктен аяқталып жатқандығын түсінетіндей болса, оған түсіндіруге тырысып көріңіз.
  7. Күндер, апталар немесе айлар ішінде немесе белгілі-бір датаға бағдарлана отырып, емізу санын біртіндеп қысқартыңыз.

Емізуді аяқтау кезеңі анасы үшін де, баласы үшін де оңай болмауы мүмкін. Шыдамды және икемді болыңыз және сол кезде сіз балаңызға жаңа тәжірибеге оңай өтуге көмектесесіз.