Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Балаңыз 10 жасқа толғанға дейін мейрамханаға баруға қорқасыз ба? Шын мәнісінде баламен “сыртқа шығуға” әбден болады, тіпті рақат. Сіздің тарапыңыздан керегі, бар болғаны — отбасыңыздың ортасында кешкі ас ішуді қамтамасыз етуге көмектесетін шамалы дайындық және кейбір ережелерді білу.

Қолайлы орынды таңдаңыз

Сіз ресми түрдегі, салтанатты мейрамханада нәрестеңізбен кешкі ас ішуді қаламауыңыз мүмкін. Адамдар балаларымен баратын, маңайдағы қарапайымдау, жайлы жерді қарайластырыңыз.

Кешкі ас кезіндегі нәрестенің гигиенасы

Кешкі ас барысында бала жұқтырып алуы мүмкін бактериялар туралы алаңдамас үшін, өзіңізбен бірге жеткілікті мөлшердегі балалар салфеткаларын алып шығыңыз.

Қосымша ас алыңыз

Кішкентай бала барлығынан бұрын тойып алып, сізге бірнеше сәтке тыныштық сыйлап, кешкі ас барысынды ұйықтап қалуы мүмкін. Ересектеу бала үшін, бала өзінің тапсырысын күту барысында тыныштандыру үшін, өзіңізбен бірге печенье немесе крекер алыңыз.

Кішкентай ойыншықтар

Балаларға арналған кітапша, жұмсақ немесе резеңкелі ойыншықтар үстел басында ойнау үшін өте қолайлы және артық шуыл тудырмайды.

Сілекейге арналған алжапқыш және балалардың асхана аспаптары

Кірді сүртіп тастауға болатын, бір рет қолданылатын немесе клеенкалы, сілекейге арналған алжапқыштар тазалықты сақтауға көмектеседі. Егер  сілекейге арналған алжапқыш көп рет қолданылатын болса, тамақтанғаннан кейін оны пластик пакетке салып қойыңыз. Сондай-ақ бала үстелдің үстінен мейрамхананың нәзік фарфор ыдысын қағып түсірмес үшін, өзіңізбен бірге балалар қасығы мен шыны-аяғын алған артықтық етпейді.

Күтпеген жағдайларға дайын болыңыз

Дайындықтың барлығы қалай болғанда да пайдалы болады, бірақ баланың көпшіліктегі еркелігі мен қыңырлық танытуынан ешкім де сақтандырылмаған. Егер балаңыз бүгін үйде тамақтануды шешетін болса, шотты уақытынан бұрын сұратуға дайын болыңыз.

Мейрамханадағы отбасылық кешкі ас міндетті түрде сынаққа айналуы міндетті емес. Балаңызды өзіңізбен бірге мейрамханаға жиірек апарып тұрсаңыз, соғұрлым оның көпшілік алдындағы әрекеттерін алдын ала біліп отыруға үйренесіз.