Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Анықтамалар

Компания - «Magnum Cash&Carry»  ЖШС (БСН 081040004326, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, A10b5h7, Астана шағынауданы, 1/10 үй), өз қызметін «Magnum» тауар белгісімен жүзеге асыратын сауда желісінің иесі болып табылады.

Бағдарлама - «Magnum Club» ниеттестік бағдарламасы аясында әзірленген «Magnum» Сауда желісінің тұрақты сатып алушыларына арналған «MUM Club Magnum»  бағдарламасы, оның көмегімен Компания Қатысушыларды өткізілетін науқандар мен түрлі промо-іс-шаралар, Қатысушылардың мүдделерін ескере отырып дайындалған қосымша жеңілдіктер мен көтермелеулер туралы хабардар етеді. Бағдарламаға белгілі бір адамдар тобы қатысады.

 «Magnum» Сауда желісі - өз қызметін «Magnum» тауар белгісімен жүзеге асыратын және Компанияға тиесілі сауда желісі.

Ережелер - «Magnum» сауда желісінің дүкендерінің тұрақты сатып алушыларына арналған «Magnum Аналар клубы» бағдарламасының нақты ережелері.

Қатысушының сауалнамасы - Бағдарламаға Қатысушы болғысы келетін жеке тұлға туралы Ережеде көзделген тәртіппен Бағдарламаға тіркелу кезінде Қатысушы ұсынатын ақпарат.

Қатысушы - 14 жасқа толған, қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы Ережеге сәйкес Бағдарламада тіркелген және Карта ұстаушы болып табылатын ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасауға құқығы бар кәмелетке толған тұлға немесе кәмелетке толмаған тұлға. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берілетін жеке сәйкестендіру нөмірі бар жеке тұлға ғана Қатысушы бола алады.

«Magnum Аналар клубы» Бағдарламасының Қатысушылары тек «Magnum Club» ниеттестік бағдарламасының тіркелген пайдаланушылары ғана бола алады.

Карта – Компания Қатысушыны анықтай алатын жеке нөмірі бар Қатысушының картасы.

Виртуалды карта - Бағдарламаға Қатысушыны тіркеу кезінде Мобильді қолданбадағы электрондық карта.

Сайт - web-site, Интернет желісінде орналасқан Бағдарламалар: http://mama.magnum.kz/, онда Бағдарлама және Клуб аясындағы арнайы Науқандар туралы ақпарат бар.

Мобильді қолданба - IOS және Android платформасына арналған смартфондарда, планшеттерде және басқа мобильді құрылғыларда жұмыс істеуге арналған.

«Magnum Club» бағдарламалық жасақтамасы. Мобильді қолданбаның  құқық иесі Компания болып табылады.

Байланыс орталығы - Компания ұйымдастырған және 7766 қысқа нөмірі бойынша Қатысушыларға тәулік бойы ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын Бағдарламаның қолдау орталығы (Қазақстан Республикасының аумағында ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін).

Хабарламалар - Компанияның оқиғалары, науқандары және басқа өнімдері туралы ақпараттық сипаттағы хабарламалар.

1. Бағдарламаға қатысудың жалпы шарттары

1.1. Осы Ереже Бағдарламаға қатысу шарттары мен тәртібін айқындайды. Бағдарламаға қосылған сәттен бастап Қатысушы Компаниямен өзара қарым-қатынас жасайды, осы Ережелерді қабылдайды, оларды орындауға міндеттенеді және Ережелерге сәйкес Компанияның ұпайларын есептеуге құқылы. Ережелер Сайтта, Мобильді қолданбада, сондай-ақ Компанияның қалауы бойынша басқа да ақпарат көздерінде орналастырылады.

  1. Бағдарлама Қазақстан Республикасының аумағында әрекет етеді, «Magnum» Сауда

желісі арқылы өткізіледі.

1.3. «Magnum Club» ниеттестік бағдарламасында тіркелген кез келген кәмелетке толған тұлға, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасауға құқығы бар 14 жасқа толған, кәмелетке толмаған тұлға Бағдарлама Қатысушысы бола алады.

1.4.Бағдарлама 03.12.2020 бастап және Компанияның оның әрекетін тоқтату туралы шешім қабылдаған сәтке дейін әрекет етеді.

1.5.Бағдарламаға қатысу ерікті болып табылады. Бағдарламаны Компания «Magnum Club» бағдарламасы аясында Қатысушылардың қалауына сәйкес балалар тауарларының белгілі бір санаттарына қызығушылығын қалыптастыру үшін әзірледі.

1.6.Бағдарламаны Компания Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қатаң сәйкестікте әзірледі, ешқандай заңсыз мақсаттарды, оның ішінде монополияға қарсы заңнаманы бұзуды көздемейді.

1.7.Бағдарлама, сондай-ақ Бағдарлама шеңберіндегі Компанияның хабарламалары мен басқа да әрекеттері жарнама болып табылмайды, өйткені бағдарламаға белгілі бір адамдар тобы қатысады. Бағдарлама, сондай-ақ Бағдарлама шеңберіндегі Компанияның хабарламалары мен басқа да әрекеттері тек жеке ақпараттық сипатқа ие.

 

 

2. Бағдарламаға тіркелу

2.1. Бағдарламаға тіркелу Сайтта сауалнаманы толтыру арқылы жүзеге асырылады.

2.2. Бір телефон нөмірімен бір ғана Қатысушы тіркелуі мүмкін.

 

3. Бағдарлама шарттары

3.1. Бағдарламаға қатысу сатып алу үшін ең қолайлы балалар тауарларының топтары туралы ақпараттандыру мақсатында Қатысушылардың мүдделерін қалыптастыруға бағытталған.

3.2. Бағдарлама Қатысушыларына өткізілетін науқандар мен түрлі промо-іс-шаралар шеңберінде қосымша жеңілдіктер мен көтермелеулер қолжетімді болады, сондай-ақ Хабарламалар тарату жеке жүзеге асырылатын болады.

3.3. Картаның және/немесе Виртуалды картаның жарамдылық мерзімі шектелмеген. Егер Карта зақымдалса, Компания оны «Magnum» Сауда желісінің кез келген дүкенінде алмастыра алады.

3.4. Егер Қатысушы 100 күн ішінде Картаны және/немесе Виртуалды картаны пайдаланбаса, Ұпайлар жойылады.

3.5. Компания ұпайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес Компания жеткілікті деп санайтын өзге де негіздер бойынша жоя алады.

3.6. Қатысушы Картаны және /немесе Виртуалды картаны үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес.

3.7. Сыйлық сертификатын қолдана отырып, «Magnum» Сауда желісінде тауарларды сатып алу кезінде ұпайлар берілмейді.

3.8. Тауарларға науқандық және промо ұсыныстар, белгілі бір уақыт кезеңінде әрекет етеді. Тауарларға науқандық және промо ұсыныстардың қолданылу мерзімі http://mama.magnum.kz/ сайтында көрсетіледі. Мерзімдер мен шарттар Компанияның бастамасы бойынша өзгертілуі мүмкін.

3.9. Қалған барлық жағдайларда Бағдарламаның шарттары www.magnum.kz сайтында орналастырылған «Magnum Club» ниеттестік бағдарламасының ережелеріне сәйкес келеді.

 

4. Қатысушының талабы бойынша Картаны бұғаттау тәртібі

4.1. Қатысушының өтініші бойынша Компания Карта жоғалған немесе зақымдалған жағдайда оны бұғаттай алады.

4.2. Қатысушы Картаны Байланыс орталығына қоңырау шалу немесе мобильді қолданбаны пайдалану арқылы бұғаттай алады.

4.3. Картаны бұғаттау шарттары «Magnum Club» ниеттестік бағдарламасының ережелеріне сәйкес әрекет етеді.

 

5. Қорытынды шарттар

5.1. Қатысушы Бағдарламаға тіркелу кезінде көрсетілген дербес деректердің дұрыстығы мен шынайылығына жауап береді.

5.2. Бағдарлама ережелерін Компания кез келген уақытта бір жақты тәртіпте Мобильді қолданбада және Сайтта өзгерістерді міндетті түрде жариялай отырып өзгерте алады.

5.3. Картаның сақталуына, сондай-ақ үшінші тұлғалардың Картаға немесе Виртуалды картаға рұқсатсыз қол жеткізуіне жауапкершілік Қатысушыға жүктеледі. Компания үшінші тұлғалардың Қатысушы Картасын немесе Виртуалды картасын рұқсатсыз пайдаланғаны үшін жауап бермейді. Компания ұпайларды есептеу үшін «Magnum» сауда желісінде тауарларды сатып алу кезінде Картаны ұсынатын тұлғаға Картаның тиесілігін тексеруге құқылы, бірақ міндетті емес.

5.4. Компания кез келген уақытта бір жақты тәртіпте кез келген Қатысушының Бағдарламаға қатысуын ескертусіз тоқтатуға құқылы, егер Қатысушы:

- осы Ережелерді сақтамайды;

- Бағдарлама шеңберінде Қатысушыға берілетін қандай да бір артықшылықтарды теріс пайдаланады;

- Компанияны жаңылыстыратын жалған мәліметтер немесе ақпарат береді;

- Компания Қатысушыны Бағдарламадан шығару үшін жеткілікті деп санайтын өзге де негіздер бойынша.

5.5. Қатысушының Бағдарламаға қатысуы тоқтатылған сәттен бастап кез келген негіздер бойынша Қатысушының Бағдарламаға қатысуы тоқтатылған жағдайларда Бағдарламаның әрекеті тоқтатылады және Қатысушы бұдан былай Бағдарлама шеңберінде Хабарлама алмайды.

5.6. Бағдарламаға тіркеуді жүзеге асыра отырып және Ережелердің 1 және 2 бөлімдерінің шарттарына сәйкес Ережелермен келісе отырып (қабылдап), Қатысушы Компаниядан хабарламаларды Мобильді қолданба және/немесе ұялы байланыс арқылы алуға келіседі.

5.7. Компания тиісті хабарландыруды Сайтта немесе Мобильді қолданбада жариялау арқылы Қатысушыларды хабардар ете отырып, кез келген уақытта бір жақты тәртіппен Бағдарламаның әрекетін тоқтата тұруға немесе тоқтатуға құқылы.

5.8. Қатысушының дербес деректері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес өңделеді. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім/қайтарып алу электрондық хабарламалармен алмасу арқылы немесе өзге де тәсілдермен жүзеге асырылады. Бағдарламаға қатысу үшін тіркелу кезінде Қатысушы Компания Қатысушының дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімін береді. Қатысушының бағдарлама бойынша Қатысушының дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімі Қатысушының оларды Компанияның өңдеуіне, оның ішінде Компанияның дербес деректерді өзінің контрагенттеріне, агенттеріне және басқа тұлғаларға трансшекаралық беруге келісімін білдіреді. Компания Қатысушымен телефон сөйлесулерін жазуға құқылы. Компания Қатысушының дербес деректерін, оның ішінде осындай деректерді үшінші тұлғаларға беру жолымен осы Бағдарламаны орындау мақсаттары үшін ғана пайдалануға құқылы.

 

6. Бағдарлама бойынша дауларды шешу

6.1. Компания мен Қатысушы арасындағы барлық даулар келіссөздер арқылы шешіледі.

6.2. Егер Компания мен Қатысушы арасында туындаған дау келіссөздер процесінде реттелмесе, ол «Компания» анықтамасында көрсетілген Компанияның орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен шешіледі.