Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Жүктіліктің ортасына қарай көптеген ата-аналар баланың жынысын біледі. Егер сіз отбасыңыз бен достарыңызды баланың жынысын жариялауға арналған мерекеге шақырмақшы болсаңыз, біз сізге осы жаңалықпен бөлісудің бірнеше ерекше тәсілдерін ұсынамыз.

Жасасын тосынсый!

Егер сіз УДЗ нәтижелерін дәрігерден мөрленген конвертте алсаңыз және дәрігерден басқа ол туралы ешкім білмесе, сіз мереке аяқталғанға дейін құпияны сақтай отырып, қонақтар үшін ғана емес, өзіңіз үшін де тосын сый жасай аласыз.

  • Мұны істеу үшін көптеген қызықты және ерекше тәсілдер бар. Мысалы, сіз балалар дүкенінен көгілдір және қызғылт бодиді таңдап, кассирден нәтижені көруді және сізге білдірмей сәйкес түсті бодиді қаптап қоюды өтіне аласыз. Мерекеде бүкіл отбасы алдында қорапты ашыңыз, бұл өте қызықты және әсерлі сәт болады!
  • Сондай-ақ болашақ анаға арналған мереке кезінде кімді (ұл-қыз) күтіп отырғаныңызды жариялау да орынды. Жүргізушінің баршаға білдірмей, мерекенің рәсімделуін жоспарлап алуы үшін, ішінде УДЗ нәтижелері салынған мөрленген конвертті оған алдын ала беріп қойыңыз. Сіз залға кірген кезде — көптен күткен жаңалықтан хабардар боласыз.
  • Тағы бір ерекше тәсіл — қызғылт және көгілдір қаптамадағы сабын көпіршігі  бар бөтелкелерді сатып алып, досыңыздан немесе отбасы мүшелеріңізден ерітіндіге тағамдық бояуды жасырын түрде қосуды өтініңіз (қыз туылған жағдайда, әрине, қызыл болады). Нәтижелерді көңілді жариялау үшін болашақ ата-аналар ақ футболка киіп, көптеген сабын көпіршіктерін бір-бірінің үстіне үрлеңіз. Сіздің футболкаларыңыз қызғылт түске боялғаннан кейін, жақында нәресте дүниеге келетіндігі белгілі болады!
  • Күңгірт әуе шарын қызғылт конфеттимен толтырып, дәл осылай тосынсый ұйымдастыруға болады. Кешкі отырыс кезінде әуе шарын тесіп, ұшатын қауыздар сарқырамасын ағытып, баршаға қуанышты хабарды жария етіңіз.
  • Өлшемі әртүрлі көптеген сыйлық қораптарын сатып алыңыз, бірақ бір түстен болсын, олардың ішін кәмпитпен және ақ түсті жағымды ұсақ-түйектермен толтырыңыз, тек бір ғана қорапты болашақ сәбиге арналған қызғылт түсті ойыншықтармен және киімдермен толтырыңыз. Мерекеде қонақтар арасында сыйлықтарды ашу бойынша көңілді марафон ұйымдастырыңыз. Қызғылт «салмасы» бар қорапты ашқан бақытты жан оны болашақ ата-анаға тапсырып, бәріне қуанышты хабар жариялайды.

Қашықтықтан тосынсый

Егер сіз кешкі отырыс өткізгіңіз келмесе немесе сізден алыс тұратын туыстарыңызбен және достарыңызбен қуанышты жаңалықпен бөліскіңіз келсе, Сіз бұл туралы ерекше, әдемі және салтанатты түрде электрондық пошта немесе әлеуметтік желілер арқылы айта аласыз.

  • Сүйіктіңізбен келісіңіз, ол баланың жынысын біліп, сіздің болашақ сәбиіңізге арналған титімдей етік береді. Сүйіктіңізбен бірге алақанмен жаңа киімнің айналасына жүрек жасап, оны әсерлі ашықхат жасау үшін, суретке түсіріп алыңыз. Фотоны әлеуметтік желіге жүктеп, адамдардың оған назар аударуын қадағалаңыз!
  • Фотосуретке арналған тағы бір қызықты тақырып — алақанмен қызғылт жарық шығару. Жарқылдан басқа барлық нәрсе қара және ақ болатындай етіп фотосуретті өңдеңіз, мұндай ашықхат өте әсерлі достарыңызға жіберіңіз.
  • Егер сіз қуанышты жаңалықты ерекше "айғайлап" айтқыңыз келсе, болашақ сәбидің құрметіне қызғылт және қызыл салют сатып алыңыз. Егер бюджет сізге мүмкіндік берсе, сіз түнгі аспанда баланың силуэті жарқырап көрінуі үшін, тапсырыс бойынша соңғы рет дүрілдетіп салют ата аласыз. Әрекетті камераға түсіріп, қатыса алмаған барлық жақын адамдарға жіберіңіз.

Сіз қуанышты жаңалықты қалай жариялағыңыз келетінін және осы кезде көңілді болғыңыз келетінін ойлаңыз — сүйікті балаңыздың дүниеге келуімен байланысты барлық нәрсе нағыз мерекеге лайық!