Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Көбіне екінші триместрдің басында әйелдер болашақ оқиғаның қуанышымен өз жақындарымен бөлісуге дайын тұрады. Егер сіз жүктілік туралы қалай айту керектігін әлі шешпеген болсаңыз, достарыңыз бен жақындарыңызды таң қалдыратын және қуанта алатын керемет бір жаңалықты білдіретін ашық хаттар жасауыңыз үшін, сізге бірнеше идеяларды ұсынамыз.

1. «Жақында экрандарда»

Сәбиіңізге жасалған алғашқы ультрадыбыстық фотосуретті сканерлеңіз және оның бірнеше ондаған көшірмесін басып шығарыңыз. Суретті дайындалған картонға желімдеп, "жақында экрандарда" деген жазуды қосып қойыңыз, ашықхаттың жоғарғы оң жақ бұрышына баланың туған күнін жазып қойыңыз.

2. Жағымды толқулар

Жүктіліктің оң сынағының фотосуретін табыңыз (сіздің оны жасағаныңызға сенімдіміз) және оны электронды фотосурет жасау үшін пайдаланыңыз. Сурет сіздің орныңызға бәрін айтатын болсын, бірақ көптеген қоңырауларға, хабарламаларға және электрондық пошталарға дайын болыңыз.

3. Болашақ сәбиіңізге арнап дайындап қойған балалар кереуетін суретке түсіріп алыңыз.

Фотосуретті басып шығарыңыз, ашықхатқа желімдеңіз және "Кішкентай ханзадамызды немесе ханшайымымызды күтеміз" деп жазыңыз. Отбасыңызға және жақындарыңызға жіберіңіз.

4. Үлкеннің көмегі

Егер сіздің балаңыз бар болса, онда оған «аға» немесе «әпке» деген жазуы бар футболка кигізіп, суретке түсіріп алыңыз. Суретті басып шығарып, сәбидің дүниеге келуінің болжалды күні жазылған шағын хатпен бірге жақындарыңызға жөнелтіңіз.

5. Бормен тақтаға жазыңыз

Кішкентай бор тақтасын сатып алыңыз, оған жебе салыңыз және баланың туған күнін жазыңыз. Серігіңізден жебенің сіздің ішіңізді көрсететіндей етіп суретке түсіруін өтініңіз. Достарыңыз бен жақындарыңызға фотосуреттер жіберіңіз.

6. Орын бос емес!

Шөптің үстіне үш орындық қойыңыз: біреуі сіз үшін, екіншісі серігіңіз үшін және туылмаған балаңызға арналған кішкентай орындық. Таймерді камераға орнатыңыз, орындыққа отырыңыз және күлімдеңіз. Мұндай емеурінді ұғыну қиын болмайды, сондықтан жақын арада құтықтау үшін туыстарыңыз бен достарыңыз сіздің үйіңіңізде пайда болуы мүмкін.

7. Қуанышты хабар поштамен

Пошта арқылы ашықхаттар алу әрқашан көңілге қуаныш ұялатады, бірақ егер сіз оларға жағымды жаңалық жіберсеңіз, ашықхатты әдемі лентамен және бантпен қойсаңыз, туыстарыңыз бен достарыңыз одан сайын қуана түседі.

8. Туған күніңмен!

Жақын адамдарыңызға "Туған күніңмен" деп жазылған ашық хаттар жіберіңіз. Олар алдымен біршама шатасады, бірақ ең қызық хабар конверттің ішінде болады.

Ашықхаттың өзінде сіз оларды балаңыздың болашақ туған күнін атап өтуге шақырғаныңызды жазыңыз, оның дүниеге келу күнін көрсетіңіз.

9. Иә, айтпақшы!

Жан сырыңызбен бөлісіп, оларға өз өміріңіз туралы қымсынбай айта алатын өзіңіздің ет жақын туыстарыңызға хат жазыңыз. Хаттың соңына постскриптум қосыңыз, онда «[күнін енгізіңіз] біз сәби күтіп отырмыз» хабары жирияланады. Сіз сәбидің дүниеге келу күнін алдын ала есептей аласыз.

10. Мұқабада үлкейтіп көрсету

Журналдың күлкілі мұқабасын жасаңыз, онда ішінде сіздің болашақ сәбиіңіз бар ішіңіз үлкейтіп көрсетіледі. Фотосуреттің айналасына жүктіліктің мән-жайларын ашатын мақалалардың тақырыптарын жазыңыз: мерзімі, тамаққа әуестігі және баланың жынысы (егер белгілі болса). Журнал мұқабасын жақындарыңызға жіберіңіз және ең жақсы тілектерді күтіңіз.

11. Бонус: Жеңімпаз!

«Тук-тук! Кім бар?» жазуы бар скретч-карталарға тапсырыс беріңіз. Алушылар үстіңгі қабатын өшіріп, «Балақай [өз тегіңізді қойыңыз], туған күні: [болжалды мерзімді қойыңыз]» жазуын көреді.

Жақында сіз және сіздің серігіңіз ата-ана болатындығы туралы керемет жаңалық (екінші, үшінші немесе төртінші рет болса да) — бұл маңызды оқиға, сондықтан отбасыңызға және жақындарыңызға жүктілік туралы хабарлаудың ерекше әдісін ойлап тауып, рахатқа бөлену мен көңіл көтеруден бас тартпаңыз!