Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Егер бұрын Русьте есім таңдаудан ешбір қиындық болмаған болса: жаңа туылған сәбидің ата-анасы жай ғана шіркеу кітабына қарап, күнтізбе күні бойынша сәйкес келетін есімді берген, ал қазір жағдайда есім қою әжептеуір әбігерге салады. Баршаға ұнайтын және сәбиіңізге өте лайықты болып келетін есімді қалай таңдауға болады?

Сіз сонау бала кезіңізде ұлды болсам, оған Федя деп, ал қызды болсам, оған Маруся деп есім қоямын деп ниеттенген болсаңыз, ал күйеуіңіз бұл ойыңызды құптаған болса, өте жақсы. Ал егер сәбиіңізге қойылатын барлық есімдер көңіліңізден шықпаса немесе керісінше, сүйікті есімдер тым көп болса, не істеуге болады?

Дәстүрлерге адалдық

Иә, сізге ата-бабалардың жолына сүйеніп, тек қана шіркеу кітабындағы есімдерді таңдау міндетті емес, алайда, қалай болмасын сізге қандай есім түскенін тексеріп көруге болады. Мүмкін, сізге сәйкес келіп, сіз қалаған «сол бір есім» тап болатын шығар?

Сәттіліктен үміттену

Күйеуіңізбен бірге бірнеше парақ қағазға өзіңізге ұнайтын есімдерді жазыңыз: әр параққа бір есімнен жазыңыз. Егер қаласаңыз, бұл іске туыстарыңыз бен достарыңызды қосыңыз. Содан кейін барлық қағазды қалпаққа салып, жақсылап араластырыңыз, сөйтіп, бір есімді суырып алыңыз. Бұл іске ойын сияқты қараңыз: егер сізге суырып алған есім мүлдем ұнамайтын болса, сіз әрқашан тағы басқа бірнеше есімді суыра аласыз.

Әуезділік

Есім таңдау барысында біз оны сәбиге өмір-бақиға беретінімізді ұмытпағанымыз жөн. Өйткені біз сәбиіміз үшін ондаған мәпелеуші және сүйкімді есімдерді ойлап таба береміз, ал бірақ басқа адамдар сәбиді тек қана есімімен шақыратын болады. Сондықтан бұл жерде бірнеше маңызды кезеңге назар аудару қажет:

  • Есім күлкілі болмауы тиіс. Біз баламызды балабақшада немесе мектепте мазақтағанын қаламаймыз ғой.
  • Есім әкесінің атымен және тегімен үйлесімді болуы тиіс. Біз үшін сәбиіміз Сашажан немесе Коляжан болуы мүмкін, бірақ мектепте оны тегімен бірге атайды, ал жұмыста әкесінің атымен қосып шақырады. Сәбидің толық есімі айтуға оңай болғанына, әлдекімдерді күлкісі мен жағымсыз сезімдерін тудырмауына көз жеткізуіміз керек.
  • Инициалдары да әуезді дыбысталуы тиіс. Баланың есімін бір парақ қағазға жазыңыз. Алдымен толық атын, соңынан тегі және инициалдарын ғана жазыңыз. Сізді ешнәрсе қынжылтпайтындығына көз жеткізіңіз.

Сән — нашар кеңесші

Кейбір адам есімдері де киім сияқты сән қуады. Алайда, егер сән қатарынан шығып қалған көйлекті басқа кимейтін болсақ, баланың есімі өмір-бақиға қалып қояды. Сондықтан өзіңіздің жеке талғамдарыңыз бен тілектеріңізге ғана бағдар тұту қажет.

Сәби үшін ең тамаша есім таңдалған кезде, балақайға арналған фотокітапты да осылай атаңыз. Егер сіз дәл қазір біздің сайтқа тіркелетін болсаңыз, онда сіз міндетті түрде сыйлық алатын боласыз.