Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Сәбидің есімін жақындарыңыздың бірінің құрметіне атау — бұл сүйіспеншілік пен құрмет белгісі. Алайда бұл түйткілді мәселенің қайнар көзіне айналуы да мүмкін! Отбасылық генеалогиядан сәбиге есім таңдау алдынан, ескерілуі тиіс кейбір пайымдарды қарастырамыз.

Я болмаса, барлық есімдердің толық тізімі ішінен таңдап алыңыз: Сәбиге есімді қалай таңдауға болады?

Егер жалғастыра алмайтын болсаңыз, бастамаңыз

Сіздің атаңыздың есімі Георгий деп елестетейік, сіз атаңызды өте жақсы көруші едіңіз, осы бәр әдемі әрі батыл есім сізге де, отбасыңызға да ұнайды. Сөйтіп, сіз тұңғыш ұлыңызды Георгий деп атадыңыз. Ал егер сіздің екінші ұлыңыз дүниеге келсе, қалай болады? Сіз отбасыңыз үшін өте маңызды әрі әуезді айтылатын өзекті есімді таңдай аласыз ба?

Егер сіз тұңғыш ұлыңыз тарихы терең әдемі есімге ие болғанын, ал кенже ұлыңыз жай ғана ұнаған есіміге ие болғанын қаласаңыз, болашақта ешқашан ренжітіп алмау үшін, басқа балаларыңызды қалай атайтыныңызды алдын ала ойластырып қойыңыз.

Ешкімді ұмытпаңыз

Егер сіз әлдебір тірі туысқандарыңыздың бірінің құрметіне сәбиіңізді атамақшы болсаңыз, басқа бір кісілердің ренжіп қалмауын да ойластырыңыз. Әлдеқашан тарихи тұлғаға айналып үлгерген отбасы мүшелері өздерін ұмытты деп шағымданбайды, ал егер сіз өз балаларыңызды әпкелеріңіз бен ағаларыңыздың құрметіне атамақшы болсаңыз, жағымсыз түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін.

Егер есімнің мағынасы болса, бала оны есте сақтауы тиіс

Егер есімнің өзіндік тарихы болса, бұл бала үшін ерекше зор маңызға ие. Егер бала өзінің есімін кімнің құрметіне қойғанын білсе, ол осы адамға ұқсауға барынша тырысып бағатын болады. Егер сіз балаңызға есімін бергіңіз келген адам әлі тірі болса, онымен әңгімелесіңіз — сіз балаңызға неліктен оның есімін бергіңіз келгенін айтып, оның рұқсатын алыңыз. Бұл өте маңызды кезең болуы мүмкін, өйткені сіз оған құрмет көрсетіп, ол туралы естелікті жалғастыра түсесіз.

Өз пікіріңізді құрметтеңіз

Егер сіздің отбасыңызда есім таңдауда өзіндік ізгі дәстүр қалыптасқан болса, сіз оған сүйенуге міндетті емессіз. Бұл сіздің балаңыз, ол осы есімді өмір бақи арқалап өтуге тиіс. Сондықтан отбасылық дәстүрлерді назарға ала отырып, әрқашан балаға есім таңдау құқығы сізде екенін ұмытпаңыз.