Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Болашақ сәбидің жынысын білудің негізгі және ғылыми дәлелденген тәсілі ультрадыбыстық зерттеу болып келеді. Алайда, әйелдер әрқашан бала дүниеге келгенше оның жынысын білуге құмар болады, сондықтан халық арасында болашақ сәбидің жынысын болжаудың «әжелер тексеріп көрген» көптеген тәсілдері таралған.

Барлық осы тәсілдердің ғылыми дәлелденгеніне қарамай, тәсілдер өте қызық әрі қауіпсіз болып келеді. Сондықтан өзіңіз үшін ермек ету немесе болашақ ана мерекесіндегі қонақтардың көңілін көтеру керек, осы тәсілдерді пайдаланып көруде сізге ешнәрсе кедергі жасамайды.

«Сан» тәсілі

Бұл ежелгі қытай тәсілі, мұнда сәбидің жынысын анықтау үшін математика пайдаланылады. Бұл әдіс УДЗ-ға қарағанда, кемінде алты ғасыр бұрын шыққан. Жынысты анықтайтын қытай күнтізбесі болашақ ананың жас ерекшелігі мен ұрықтану айын салыстырады. Кейбір әйелдер қызғылт немесе көгілдір түсті балалар бөлмесін қаласа, бала көтеруге жақсы болатын айды анықтау үшін, осы схеманы пайдаланады.

«Жіпке ілінген сақина» тәсілі

Сақинаға жіпті өткізіп алыңыз, сақинаны ішіңіздің алдында тербелтіп, не болатынын мұқият қараңыз. Егер сақина шеңбер бойлап қазғалатын болса, онда сізде қыз болады, ал егер алға және артқа қарай қозғалса, онда ұл болады.

«Сыртқы түрі» тәсілі

Көптеген тәсілдер болашақ ананың іші қалай көрінетіндігіне қарай сәбидің жынысын болжайды. Егер іші биік болатын болса, онда ұл болғаны, ал іші төмен болса, онда қыз болғаны. Егер ішінің дөңгелектігі «қауынды» еске түсірсе, онда қыз болғаны, ал егер «қарбыз» сияқты болса, онда ұл болғаны.

Қалай болмасын, болашақ сәбидің жынысын анықтаудың ең пәрменді медициналық емес тәсілі — бұл сіздің ішкі түйсігіңіз: қазіргі заманғы зерттеулердің көрсетуінше, сәбидің жынысын ішкі түйсікпен анықтайтын әйелдердің болжамы 70%-ға дұрыс болып шыққан. Сондықтан өз түйсігіңізге сенім артыңыз! 

Сәбидің жынысын білу — бұл міндетті талап емес, бірақ бұл сізге сәбиге есім таңдаудың жағымды сәттерін сыйлайды, сонымен қатар сіз болашақ ана мерекесін ұйымдастырып, қызыңызға немесе ұлыңызға арнап қажетті заттарды сыйға ала аласыз.