Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Сәбилерге арналған тауарлар дүкеніне бару сізді біршама әбіржітуі мүмкін. Жаңа туылған сәбиге қандай киім сатып алу керектігін қалай түсінуге болады? Сонау ерте жастан балаларға арналған қажетті заттардың негізгі тізімі мынандай болып келеді. Кейбір заттар тым артық болып көрінуі мүмкін, алайда сізге осынша мөлшердегі киімді күнде жуудың қажеті жоқ.

  • Балаларға арналған 2–3 жұмсақ монша сүлгісі және балаларға арналған 6–10 кішкентай сүлгі
  • 6–8 жөргек
  • Жаңа туылған сәбилерге арналған алдынан түймеленетін 6 иілімді комбинезон, костюм немесе сырғытпа
  • Алдынан түймеленетін 6–10 мақта футболкасы
  • 1–2 свитер
  • Ұйықтауға арналған 2–3 костюм
  • Кереует пен аспа бесікке арналған 3–4 жайма (жаймалар матрасқа тығыз жуысып тұруы тиіс)
  • Матрастың айналасын қымтайтын 2–3 жұқа көрпе немесе жылы жамылғы (есіңізде болсын, мамық көрпе БКӨС қаупін арттырады)
  • 4–6 жұп шұлық немесе башмақай
  • Жаңа туылған сәбилерге арналған жөргектер. Егер сіз бірреттік жөргектерді пайдаланатын болсаңыз, кіндікке арналған ойығы бар жөргектерді қарастырыңыз. Матадан тігілген жөргектерді қайыру оңай.
  • Серуен кезінде сәбиді күн сәулесінен қорғау үшін кемінде бір кең жиекті қалпақ.
  • Егер сіз салқын климатта тұратын болсаңыз, былғары конверт немесе қысқы комбинезон.
  • Салқын ауа райында серуендеуге арналған қолғап.

Киім қауіпсіздігі туралы кеңестер

Балалар киімін сатып алғанда, осы ұсынымдарды назарға алыңыз.

  • Жұмсақ және оңай жуылатын таза мақтадан немесе мақта қоспасынан дайындалған киімдерді сатып алыңыз.
  • Өз сәбиіңізге бауы бар заттарды сатып алмаңыз (бауы бар күләпаралы кеңжейде сияқты); бұл киімдер кішкентай қолдарға, саусақтарға, тіпті, мойынға да оралып қалуы мүмкін.
  • Баланы киіндіру процесі сіз үшін жеңіл әрі ол үшін жайлы болуы үшін, сәбидің басына кең саңылаулы киім сатып алыңыз.
  • Киім түймелерінің босап қалмағанын тұрақты тексеріп отырыңыз — сәби жұлынған түймеге кездейсоқ түйіліп қалуы мүмкін.
  • Баланы кішкентай қолдар үшін өте тартымды болатын, бірақ кездейсоқ үзіліп кетсе, тұншығуға себеп болатын моншақ, және таспа сияқты сәнді элементтермен безендірмеңіз.