Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Бала туылған соң, сіздің денеңіз табиғи қалпына келу кезеңінен өтуге тиіс болады. Оның қаншау уақыт алуы сіздің жалпы денсаулық жағдайыңызға байланысты болады, алайда сіздің денеңіз жүктілікке дейінгі қалпына келуі үшін кемінде бір жыл өтуі мүмкін.

Босанудан кейінгі толғақтар мен инволюция

Бала туылған соң көп ұзамай плацента ытқып шығарылады, ал жатыр жатыр қабырғасындағы ашық қантамырларды жабу үшін қатты жиырыла бастайды. Плацентаның орнығу аумағы қазір жазылуды қажет ететін ашық жара күйінде болады. Кейде «босанғаннан кейінгі толғақ» деп аталатын жатырдың жиырылуы алғашқы бір-екі күнде қатты спазм сияқты сезілуі мүмкін. Сіз сонымен қатар егер емшек емізетін болсаңыз, оларды сезінетін боласыз, өйткені емшек ұшының стимуляциясы жатырдың жиырылуына ықпал етеді. Мұндай жиырылыстар едәуір ауыртады, бірақ біліп қойыңыз, жиырылыстар жараның тез жазылуына көмектесіп, көп ұзамай тоқтайды. Егер тым қатты ауыратын болса, сізге ауырсынуды басатын дәрілер көмектеседі.

Босанудан кейінгі толғақтар жатырдың қалыпты өлшемге келуінің ажыралмас бөлігі болып табылады. Сіздің мейіргеріңіз сіз ауруханада жатқанда, осы процесті қадағалайды, жиырылуды ынталандыру үшін жатырды уқалауы мүмкін.

Бөліністер

Плаценталық алаңның жазылуы 10 күнді алады. Осы кезде сіз ақ кірлер деп аталатын қынаптық қанды бөліністерді байқайсыз. Босанған соң 1-2-ші күні ақ кірлер мол етеккір келген кездегідей ашық-қызыл түсті  болады. Содан кейін ақ кірлер азайып, қара-қоңыр түске, соңынан қызғылт түске ие болады; 10-ші күні ақ кірлер шағын ақ бөліністерге айналады. Бұл плаценталық алаңның толық жазылғанын білдіреді. Кейде ақ кірлер жағылатын қанды бөліністер түрінде болады және 1,5-2 айға созылады.

Ақ кірлер жойылып кеткенше, секстен бас тартып, қынапқа бактериялардың түсуін болдырмау үшін, бірнеше күн бойы шат аумағының гигиенасын ұстау керек.

Тілік орнының жазылуы

Қынаптық босанудан соң, сондай-ақ кесар тілігінен соң, сізде жазылуы тиіс тілік қалып қоюы мүмкін. Қынаптық босануда сізде шамасы эпизиотомия болса керек. Бұл тікелей сәбидің басы пайда болар алдында қынапты ұлғайту үшін жасайтын кішігірім тілік. Содан кейін тілік аумағына жік қояды. Кез келген тілік сияқты,  эпизиотомиядан кейін жазылу бір-екі аптаны қажет етеді. Жіктер көп ұзамай сорылып кетеді, алайды босанған соң алғашқы аптада осы жер ауыратын болады. Кейде инфекция қосылуы мүмкін, бірақ шат аумағына тиісті күтім жасаған жағдайда, әдетте, аурудан құтылуға болады.

Егер сізге кесар тілігі жасалған болса, іш тілігі ұзақ уақыт жазылатын болады — төрт аптадан алты аптаға дейін, сізге ең алдымен ауырсынуды басатын дәрілер қажет болады. Алдымен сізге қатты әсер ететін ауырсынуды басатын дәрілер қабылдау керек, мұның өзі сіздің басыңызды айналдырып, ұйқыңызды келтіруі мүмкін. Егер жіктер өздері сорылып кетпесе, оларды шамамен босанған соң бесінші күні алып тастайды.

Үй жағдайында қалпына келтіру жөніндегі кеңестер:

Үй жағдайында жазылуға көмектесе алатын көптеген тәсілдер бар:

  • Эпизиотомиялық тіліктің зарарлануын болдырмау үшін, гигиеналық төсемдерді жиі ауыстырып отырыңыз,

кемінде әр 4-6 сағат сайын ауыстырыңыз. Несеп шығару және нәжіс шығарудан кейін шат аумағын жылы сумен жуып тазалаңыз, мақта дәкесімен мұқият кептіріңіз. Қозғалыс әрқашан алдынан артқа қарай бағытталуы тиіс. Тіліктің жазылуына көмектесу үшін, жылы ваннада отырыңыз немесе жылы компресс төсеңіз. Егер сізде ақ кірлер әлі сақталып қалған болса, ванна қабылдауға болмайды. Жік аумағы қатты ісінген жағдайда, шат аумағына салқын душ қабылдау керек.

  • Жамбас түбі бұлшықетінің жиырылуына арналған жаттығулар (Кегель жаттығуы) сияқты босанғаннан кейін қалпына келтіруге арналған арнайы жаттығулар

осы аумақтағы қан айналымын жақсартуға ықпал етіп, жазылуға көмектеседі.

  • Кесар тілігінен кейін жіктегі таңғыштың таза әрі құрғақ болуын қадағалаңыз

және ауруханада алған ұсыныстарды сақтаңыз.

  • Дұрыс диета ұстаңыз,

бұл жазылу процесіне қолдау көрсетеді. Ақуыздарды, дәрумендерді және көп мөлшерде сұйықтықты тұтыныңыз.

  • Демалыңыз!

Босанғаннан кейін алғашқы аптада кереуетте немесе диванда жатуға тырысыңыз. Өзіңізді жақсы сезінсеңіз де, көп жұмыс істемеңіз. Сіздің жалғыз жұмысыңыз – бұл сәбиге қарау. Тамақ дайындау, кіру жуу және басқа үй жұмыстарымен басқа біреу айналыссын. Көмек сұрайтын адам болуы үшін алдын ала жоспарлаңыз.

  • Сәби ұйықтаған кезде сіз де ұйықтаңыз.

Сізді көптеген ұйқысыз түндер күтіп тұр, сондықтан сізге күндіз ұйықтап алу керек. Қатарынан болмаса да, бала туылғанға дейін тәулігіне қанша сағат ұйықтасаңыз, сонша уақыт ұйықтауға тырысыңыз.

Дәрігерге қашан қоңырау шалу керек?

Егер сіз келесі белгілердің әлдебірін байқайтын болсаңыз, өз дәрігеріңізге көрініңіз, өйткені бұл белгілер жазылу процесінің дұрыс жүрмей жатқанын білдіруі немесе сізде инфекция дамып жатқанын көрсетуі мүмкін:

  • Бір тәуліктен бері температура 37,8 Цельсий градустан жоғары болып тұр.
  • Босанғаннан кейін 5-ші күні жалғасатын ашық-қызыл немесе мол бөліністер (ақ кірлер) немесе ақ кірдегі үлкен қан ұйытқысы.
  • Иісі өте жағымсыз ақ кірлер.
  • Босанған соң бірнеше күннен кейін іштің астыңғы жағындағы ауыру.
  • Эпизиотомия немесе кесар тілігі орнындағы инфекция белгілері (қызару, ыстығы шығу, домбығу, жиі бөліністер).

Баланың дүниеге келуі — бұл ауру емес, қалыпты процесс болғандықтан, сіздің организміңіз босанудан кейін тез қалпына келуге бағдарламаланған. Осы нұсқауларға сүйенсеңіз, босанғаннан кейін қаншалықты тез қалпына келгеніңізге таңғалатын боласыз.