Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Кейбір әйелдер үшін босану — өте ауыр сынақ емес. Басқа әйелдер үшін босану ауыртатын және жайсыз болып көрінуі мүмкін, бірақ бұдан құтылудың жолы бар. Босану процесін жеңілдетудің көптеген тәсілдері бар. Сіз ауыруды табиғи жеңілдету әдісін үйреніп, босанғанға дейін жаттығып көруіңізге болады. Қажет болған жағдайда, дәрілік және медициналық емшараларды пайдалануға болады.
Босану кезінде қайсы әдісті немесе олардың үйлесімін пайдалануға болатындығын шешуден алдын, олардың әрқайсысының артықшылықтары мен тәуекелдерін таразылау қажет. Келесі нұсқаларды қарастырып көріңіз:

Ауыруды жеңілдетудің медициналық емес тәсілдері

  • Босаңсу техникалары
    Босануға дайындау бойынша нұсқаушылар, мейіргерлер және осы әдісті бұрын пайдаланып көрген әйелдер алғашқы кезекте босану кезінде бұлшықеттің ширығуы мен ауыруды азайтудың инвазивті емес тәсілін ұсынады. Дененің ілгерінді босаңсуы — өз денеңіз бойлап ойша зорығуды басатын «серуен» жасау — бұл сіз алдын ала үйрене алатын және босануға дейін және кейін іс жүзінде тексеріп көре алатын нәрсе.
  • Уқалау
    Босаңсуға көмектесу және шиеленіс пен ауыруды азайту үшін, өз серігіңізден босану кезінде қолыңызды, аяқтарыңыз бен арқаңызды уқалап беруді өтініңіз.
  • Тербелу
    Ұрық маңында су төгілуінен кейін отыруға рұқсат етілмейді, несеп ыдысына немесе унитаздың орындығына отыруға рұқсат етіледі. Толғақ кезінде сіз байқап көруіңізге болады, алға және артқа қарай жайлап тербеліп, тыныс алып, босаңси аласыз.
  • Жүру 

Өз кереуетіңіздің ұзына бойымен жүрудің өзі жайсыздықты азайтады, сонымен қатар толғақты күшеюі мен оның тұрақтылығына ықпал етеді.

  • Дене орналасымын ауыстыру
    Бір қалыпта бір сағаттан артық кідірмеңіз және шалқаңыздан жатпаңыз. Оның орнына, төсекте немесе орындықта көтерілуге тырысыңыз, бір бүйірлеп жатыңыз, жүрелей-тізелеп отырыңыз, босану добымен тербеліңіз  немесе орындықтың немесе кереуеттің үстінен алға қарай еңкейіңіз. Егер сіз бас айналуды сезінбесеңіз (олар жүкті әйелдің жатыр қолқасының іш бөлігін қысудан пайда болуы мүмкін) және сізге ыңғайлы болса ғана шалқалап жата аласыз.
  • Гидротерапия
    Уқалау құйылыстарын арқаға бағыттап, душта отырып көріңіз немесе джакузиде жата тұрыңыз. Кейбір босану орталықтарында немесе аурухана палаткаларында ванна немесе душ жоқ, сондықтан босану кезінде осы релаксация әдісін пайдаланғыңыз келсе, бұл туралы ертерек ойластырыңыз, ваннасы  мен душы бар мекемені таңдаңыз.
  • Жылу немесе салқынды қолдану
    Арқаға қойылған жылытқы немесе ішіне мұз салынған пакет бұлшықеттің жиырылуын азайтып, қан айналымын жақсартады және ауыруды басады.
  • Тыныс алу техникалары
    Арнайы тыныс алу техникалары босаңсуға және толғақ кезіндегі ауырудан басқа жаққа көңіл бөлуге көмектеседі. Босану кезінде үш техниканы (баяу, жеңіл және ауыспалы тыныс алу) ретімен пайдаланылады.
  • Музыка
    Алдын ала перзентханада босану блогына өзіңізбен бірге телефон немесе плеер ала кіруге болатындығын біліп алыңыз. Егер алып кіруге рұқсат берілетін болса, құлаққаппен өзіңіздің сүйікті босаңсытушы музыкаңызды тыңдаңыз.

Жоғарыда аталғандардың көпшілігін босануға дайындық курстарында үйретеді.

Медициналық препараттар және ауырсындырмау

  • Релаксанттар
    Егер сіз шиеленісті сезінетін болсаңыз, босаңсуға ықпал ететін шаншудың көмегімен енгізілетін дәрілер; бұл дәрілер, алайда, ұйқышылдықты тудыруы мүмкін. Дәрілерді босанудың кез келген сатысында енгізуге болады. Кейде релаксант жоғарыда атап өтілген медициналық емес техникалармен бірге толғақтар кезеңі арқылы өтуге толық жеткілікті болады.
  • Эпидуральды анестезия
    Эпидуральды анестезия — дәріні омыртқаға инъекциялау — толғақ кезінде ауыру сезімдерінің басым бөлігін жояды. Нәтижеге 30 минуттан кейін қол жеткізіледі. Эпидуральды анестезия көпшілік әйелдердің ауырсынуын толық басады, алайда тәуекелдері де жоқ емес; егер оны тым ерте, белсенді босану сатысынан бұрын енгізетін болсаңыз, эпидуральды анестезия босануды баяулатуы немесе тоқтатып қоюы мүмкін, бұл өз кезегінде басқа препараттардың пайдаланылуын қажет етеді.

    Эпидуральды анестезия қан қысымының төмендеуіне әкелуі мүмкін, бұл дәрігерге босану кезінде қысқышты қолдану мүмкіндігін арттырады, өйткені сіздің бұлшықеттеріңіз босаңсып, сізге күшену қиынға соғады. Бұл дегеніміз - іштің күшенуі мен босаңсу қабілетінің төмендеуі, мұның өзі егер босану ілгері жылжымаса, кесар тілігін жасау қажеттілігіне әкелуі мүмкін.

    Эпидуральды анестезия сіздің дене температураңызды жоғарылатуы мүмкін, бұл өз кезегінде инфекция жойылғанша балаңызды босанғаннан кейін сізді онымен айрылыстыру қажеттілігіне әкеледі. Босанғанға дейін эпидуральды анестезияның барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін өз дәрігеріңізбен міндетті түрде талқылауды ұмытпаңыз.

Ауырсынуды жеңілдетудің қандай медициналық немесе медициналық емес тәсілдерін қолданғыңыз келетінін алдын-ала айту қиын. Уақыты келгенде, сіз босанудың қарқындылығы мен ұзақтығына байланысты шешім қабылдай аласыз. Енді ең бастысы — үй тапсырмасын орындау: қолжетімді нұсқалар туралы мүмкіндігінше көбірек біліңіз, дәрігермен сөйлесіңіз және өзіңіздің дұрыс шешім қабылдай алатындығына сеніңіз.

Сізге жүктіліктің соңғы бірнеше аптасында тағы не күтуге болатынын білу қызықты болады, босануға арналған басқа мақалаларды да оқып шығасыз.