Көбіне жас ата-аналар белгілі бір қиындықтарға тап болған соң, не істерін білмей қалады, тәжірибесі едәуір жоғары отбасы мүшелерінен жаңа туылған сәбиге қалай күтім жасау керектігі туралы ақыл-кеңес естиді. Туыстар мен достардың көмектескісі келгені және ақыл-кеңес бергені өте жақсы, бірақ кейде олардың ұсыныстары сіздің есіңізді шығарып жіберуі мүмкін. Төменде тәрбиелеу бойынша ескірген және елемеуге болатын үш кеңес берілгень.
1. Егер баланы қолға жиі алатын болсаңыз, ол тым еркелеп кетеді
Нәрестелер, әдетте, белгілі бір себептерге орай жылайды. Емізу, тербету немесе жөргегін ауыстыру үшін сіз баланы қолыңызға алған сайын, сәби өзін сүйікті әрі қорғалған адам ретінде сезінеді. Жаңа туылған сәбиді тым қатты еркелетіп жіберу мүмкін емес. Керісінше, сіз алты айға дейін оның қажеттіліктеріне жақсы мән бересіз, сәби одан кейін аз талапшыл болады.
2. Сәби ұйықтап жатқан кезде, үйде тыныш болуы тиіс
Бала фондық шуға құрсақта жатқан кезінде-ақ үйренеді екен. Демек, сәби ұйықтап жатқан кезде, кілемді шаңсорғышпен тазалаудың ешбір қылмыстық әрекеті жоқ. Кір жуатын машинаның дыбысы сәбиді әлдилеуге көмектеседі, ал сіз осы кезде үй жұмыстарымен шұғылдана аласыз.
3. Сәбиді қатаң кесте бойыша емізу
Бұрын сәбиді перзентханадан шығарған соң, оны әр төрт сағат сайын емізіп отыру керек деп саналатын. Талап ету бойынша (баланың қарны ашқан кезде) емізу оны еркелетіп, тіпті, ішекинфекциясына әкелуі мүмкін деген көзқарас та болатын. Алайда қазір көпшілік дәрігерлер нәрестені емшек сұраған сайын емізіп отыруды ұсынады.
Балаға қалай күтім жасау туралы көзқарастар уақыт өте келе өзгере түседі, бірақ бір нәрсе тұрақты күйінде қалады — ата-ананың сәбиді сау әрі бақытты етіп өсіру ниеті. Сондықтан кез келген кеңес пен көмекке ризашылық білдіріңіз, бірақ өзіңізге сеніңіз, өйткені ешкім сіздің сәбиіңізді сізден артық білмейді!