Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Сәбидің дұрыс тамақтануы және бойы мен салмағының біркелкі дамуы бала денсаулығының жалпы жағдайының жақсы екенін білдіреді. Дәрігер осы параметрлерді кестеде өлшейді және белгілейді. Осындай кесте дәрігермен бірге сіздің айлар бойынша сәбидің бойы мен салмағының қалай өзгергенін қадағалауға көмектеседі, уақыт өте келе оның даму процесі туралы тұжырым жасауға жәрдемдеседі.

Сау балалардың бойы мен салмағы алуан түрлі болуы мүмкін екенін есте сақтаған жөн, осыған қатысты «нормалар» ұғымы қатты бұрмаланған. Мысалы, ата-анасынан тұқым қуалайтын сымбаты көрініс таба бастаған кезде, олардың көпшілігінің 6 айдан бастап бойы тез өсе бастайды. Осы кезге дейін баланың өсу қарқыны, әдетте, оның құрсақ ішінде дамуына және өмірінің алғшақы айларында емізілуіне байланысты. Емшек сүін еметін балақайлар жасанды қоспамен қоектенген балақайларға қарағанда, туылған соң алғашқы айларда едәуір томақ және кейінірек арық болып келеді. Сонымен қатар кейбір отбасыларда сәбилер өте тез өседі, ал басқа отбасыларда салмақты баяу, бірақ тұрақты жинайды.

Сондықтан сәбидің даму параметрлерін қадағалай отырып, осы кезеңдердің барлығын есте сақтау қажет. Төмнедегі кестеде ұлдар мен қыздардың орташа өсу қарқыны көрсетілген. Көрініп тұрғандай, диапазоны өте үлкен және бұл қалыпты жағдай. Осы кестеге қарап, өз сәбиіңіздің бойы мен салмағын қадағалап отырыңыз, әлдебір сұрақтар пайда болған жағдайда, дәрігерге көрініңіз.