Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Бір жастағы баланы қарау уақыты! Баланы қарау кезінде ол бұрынғыға қарағанда көбірек мазасыздануы немесе шошып тұруы мүмкін — солай болуы да керек. Дәрігердің кабинетінде көп ойыншықтар және балалар үшін қызықты болатын басқа да заттар болады, бірақ, егер дәрігер жақындаған кезде балаңыз сізге жабысып тұрса, таң қалмаңыз.

Екпелер

Осы келген жолы балаға бірнеше екпе салынады. Бұл жаста балаға, оны не күтіп тұрғандығын айтудың қажеттілігі жоқ, себебі оның уақытты қабылдауы және түсінуі шектеулі. Алайда бала сіздің даусыңыздағы немесе іс-әрекетіңіздегі үрейді сезінуге қабілетті. Екпе кезінде баланы құшақтаңыз және әнмен немесе ойынмен көңілін аулаңыз. Егер сіз тыныштық сақтап, баланы қолдайтын болсаңыз, ол көп жыламайтын болады.

Осы келген жолы дәрігерлеріңіз, мыналарды орындауы ықтимал:

  • Баланың салмағын және бойын өлшейді. Осы кезеңде баланың өсу қарқыны баяулай бастайды. Өсу графигімен танысу үшін мынаны басыңыз.
  • Осы кезеңдегі қажетті екпелерді жасайды (олар АКДС-тен жасалатын екпе, гемофильді инфекциядан, полиомиелиттен, қызылшадан және желшешектен жасалатын екпелер болуы мүмкін).
  • Сіздің дәрумендер, тағамдық қоспалар және баланың тамақтану рационы туралы сұрақтарыңызға жауап береді.
  • Баланың өсіміндегі және салмағындағы ықтимал ауытқуларды қарастырады.
  • Баланың салмағы, дүниеге келген сәттен бастап бір жасқа дейін әдетте үш есе көбейеді. Өмірінің екінші жылында бала баяуырақ өсуі мүмкін, бірақ өсу қарқыны біркелкілеу болады.
  • Егер бала тым томпақ болса, ол сүтті көп ішуі мүмкін. Егер баланың салмағы оның бойына пропорционалды болмаса, дәрігер оны сізге айтады және қалай рационды түзетуге болатындығы туралы ұсыным береді. Балаларға «диета» емес, пайдалы тағамдармен тамақтану керек.
  • Шырындар туралы талқылаңыз, себебі нәрестелердің көптеген тағамдық проблемалары шырындарға әуестіктен басталады.

Сіздердің дәрігерлеріңіз нені білуді қалайды

Балалардың барлығы әртүрлі болады және дамуының келесі кезеңдеріне әртүрлі уақытта ауысады. Бірақ дәрігермен сіздің балаңыздың жеке дамуы туралы сөйлесу, пайдалу болуы мүмкін.

  • Дәрігерге соңғы рет келген сәттен бастап бала басқа дәрігерге қаралды ма? Егер қаралған болса, оның себебі не болды? Осы қаралудың нәтижесі қандай болды, дәрілік заттар немесе процедуралар жазылып берілді ме?
  • Баланың тістері шықты ма? Егер шыққан болса, нешеуі?
  • Бала тұруы үшін көтеріледі ме және қолдауды қажетсіне ме? Бала бір орыннан екінші орынға қалайда болмасын жете ала ма?
  • Бала өздігінен жүре ме немесе қолынан ұстаған кезде жүре ме?
  • «Мама» және «папа» деген сөздерден басқа сөздерді айта ала ма? Егер айта алса, онда қандай сөздерді айтады?
  • Мағынасыз сөздерді пайдалана ма? Адамдардың әңгімесіне көңіл аудара ма? Қандай да бір дыбыстарды, еліктеп сала ма?
  • Өз есімін атаған кезде немесе таныс заттардың атауларын атаған кезде бұрылып қарай ма?
  • Өзіне қажетті заттарды немесе сіздің назарыңызды аударғысы келетін заттарды саусағымен көрсете ме?
  • «Ку-ку», «осындай үлкен» немесе ыммен айтылатын басқа да ойын өлеңдерін ойнай ма?
  • Нәресте заттарды екі қолымен ұстап ойнауды бастады ма?
  • Тамақты аузына қолымен апара ма немесе шыны-аяқтан іше ме?
  • Еден сүрту немесе жуыну тәрізді әдеттегі айналысатын шаруаларды еліктеп жасауға тырыса ма?
  • Жасырынған заттарды іздей ала ма?

Егжей-тегжейлі анықтаңыз

  • Қорғасынның болуына талдау жасау. Ол міндетті немесе міндетті емес қан талдауы болуы мүмкін. Қорғасынмен тұрмыстық қатынас тәуекелдерінің болуын талқылаңыз. Дәрігерлердің көпшілігінде нәрестенің қорғасынмен улану қаупін бағалауға арналған бақылау тізімі болады. Егер бала 1972 жылға дейінгі салынған үйде тұратын болса, талдау жасау артықтық етпейді.
  • Кейіннен жасалатын талдаулар. Егер бала естумен немесе көрумен байланысты тексерулерден өткен болса, қазір ол туралы дәрігерге нағыз ескертетін уақыт. Қайталап тексерулер қажет болуы мүмкін.
  • Инфекциялық аурулар. Егер баламен тығыз байланыстағы адамдардың қайсібірінде туберкулезді, гепатитті немесе менингитті қоса алғанда, ауыр инфекциялық аурулар болса, ол туралы дәрігерге хабарлаңыз.
  • Жақында болған аурулар, дәрілік заттар және шұғыл жағдайлар. Егер балаға дәрілік зат берсеңіз немесе соңғы рет келген сәттен бастап шұғыл түрде дәрігер шақырған болсаңыз, ол туралы айтып беріңіз. Өзіңізбен бірге барлық ақпаратты және дәрілік заттарды алып келіңіз.
  • Тәрбие. Дәрігерлеріңіз сіздерге тәртіп мәселелері бойынша консультация береді — бұл осы жастағы нәрестелердің ата-аналарын толғандыратын, ең кең тараған мәселелердің бірі. Қазір осыны талқылаудың ең қолайлы сәті, себебі нәрестенің іс-әрекеті күннен-күнге күрделі бола түседі. Егер мүмкін болса, отбасының барлық мүшелері үшін дәрігермен кездесу ұйымдастырыңыз.
  • Отбасылық мәселелер. Егер сіздің отбасылық өміріңізде үлкен өзгерістер орын алса, мәселен, қайсібіреуі жұмысын ауыстырды немесе жұмысынан шығып қалды, қайтыс болды, айырылысып кетті немесе отбасы мүшелерінің жай-күйіне әсер еткен басқа да оқиға болса, ол туралы дәрігерге айтыңыз. Ол бала үшін күйзеліс болуы мүмкін және балаға онымен қалай күрескен дұрыс болатындығын сіз жақсы білесіз.
  • Сақтандыру. Егер сіздің бала күтімі бойынша сақтандыру құжатыңыздың мерзімі аяқталған болса, ол туралы айтыңыз. Сақтандыру төлемдерінің қолжетімді бағдарламалары болады.

Үндемей қалмаңыз!

Сізде дәрігер үшін маңызды болатын басқа да сұрақтар болуы мүмкін. Мына жағдайларды байқасаңыз дәрігерге хабарлаңыз:

  • Аяқтарымен тұра алмайды немесе тұрғысы келмейді.
  • Бір немесе екі көзін де қылилатады. Бала оны мерзімді түрде ғана жасаса да ол туралы айтыңыз.
  • Екі қолын біркелкі пайдаланбайды.
  • Дұрыс сөздерді қолданбайды, өзінің атын білмейді және/немесе «бала» тілінде сөйлемейді.
  • Еңбектемейді және алға қарай жылжуға тырыспайды.
  • Сергек болып және маңайындағы барлығына қызығушылық танытатын болып көрінбейді; таныс адамдармен араласуға ұмтылмайды.
  • Таныс емес адамдардан қорықпайды және ата-анасынан алшақ болған кезде оған алаңдамайды. (Қорқу және алаңдау осы жаста қалыпты реакция болып табылады).
  • Заттарды саусағымен көрсетпейді.
  • Сіз балаңыздың көрумен немесе естумен байланысты проблемалары бар деген күдігіңіз бар.
  • Бұрын болған дағдыларының бірін жоғалтты.
  • Өздігінен тамақтана алмайды.
  • Жиі қақалып қалады, сілекейі ағады немесе жұтынғанда қиыншылықтары бар.

Балалардың барлығы әртүрлі болатындығына және дамуындағы келесі кезеңдерге әртүрлі уақытта ауысатындығына қарамастан, дәрігермен өзіңізді толғандыратын сұрақтарды талқылау ешқашан артықтық етпейді.