Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Алты айлығына қарай бала отырыңқырап немесе отыруға дайындала бастайды және оның арқасы тіктеле түседі. Бұл бала үшін қуанышты және толқытатын кезең, себебі енді ойындар күрделірек және қызықтырақ бола түседі. Бала көргенінің бәрін аузына сала береді, осылайша ол айналасындағы әлемді зерттейді.

Дәрігерге келуге дайындық

Бала алты айға толғаннан кейін дәрігерге бару көптеген екпелер жасатуды көздейді, осы екпелерден кейін, олар жасалған орын аздап ауырыңқырайтын болуы мүмкін. Бұдан бөлек, балада аздап температурасы көтерілуі мүмкін. Ағзаның мұндай реакциясы балада кейбі ауыр ауруларға қатысты иммунитеттің қалыптасып жатқандығын білдіреді. Дәрігердің қабылдауына өзіңіздің медициналық картаңызды және ішінде барлық жасалған екпелер көрсетілген, балаңыздың картасын алып келуді ұмытпаңыз.

Пайдалы кеңес! Температураны төмендету үшін немесе екпелерден кейінгі ауыруды азайту үшін, балаға балаларға арналған парацетамол немесе ибупрофен беруге болады. Егер сізде осы препарат болса, дәрігердің баланың жасы мен салмағына арналған дұрыс дозаны көрсетуі үшін, өзіңізбен бірге бөтелке ала келіңіз.

Балаңыз алты айға толғаннан кейін дәрігерге келген кезде, дәрігерлеріңіз мыналарды орындауы ықтимал:

  • Балаңыздың салмағы мен бойын өлшейді.
  • Осы кезеңдегі қажетті екпелерді жасайды (олар Б гепатитінен, дифтериядан, сіреспеден, көкжөтелден (АКДС), полиомиелиттен және гемофильді инфекциядан жасалатын екпе болуы ықтимал).
  • Баланың дамуын, темпераментін және іс-әрекетін бағалайды.
  • Балада дұрыс ұйқы режимін қалай қалыптастыруға болатындығын айтады.
  • Қоршаған кеңістіктің қауіпсіздік дәрежесін бағалайды, себебі қазір бала күн сайын көптеген заттармен байланысқа түседі және жақын арада жүре бастайды.

Дәрігерлеріңіз нені білуді қалайды

  • Бала соңғы рет келген сәттен бастап басқа дәрігердің қарауында болды ма? Егер қаралған болса, оның себебі не болды? Осы қаралудың нәтижесі қандай болды, дәрілік заттар немесе процедуралар жазылып берілді ме?
  • Баланың тістері шықты ма? Кейбір балаларда осы жасқа қарай тістері шыға бастайды, бірақ барлығында емес, сондықтан алаңдауға себеп жоқ.
  • Бала қандай дыбыстар шығарады: «ба», «да» немесе «ма»?
  • Ол «сөйлей» бастады ма? Міңгірлеуін, күлкісін, айғайын, еліктеуін немесе «жөтелін» — бала шығаратын барлық дыбыстарды сипаттап беріңіз. Сіз сөйлеген кезде, сіздің сөйлеуіңізге еліктеп, «сөйлеуге» тырыса ма?
  • Балаңыз заттармен ойнай ма? Заттарды аузына апара ма, оларды құлатып, лақтыра ма? Оларды бір қолынан екіншісіне ауыстыра ма?
  • Балаңыз қолдарымен қандай әрекеттерді жасай алады? Ол заттарды іздеп, қолына кішкентай заттарды ұстай ала ма?
  • Ол қалай отырады — біреудің көмегімен бе немесе өздігінен бе? Ол екі жағына да аунай ала ма?
  • Сіз оны вертикалды қалыпқа қойған кезде, бала салмағын аяқтарына түсіре ала ма?
  • Сіз бөлмеге үндемей кіріп келген келе жатқан кезде, ол басын сіз жаққа бұра ма?
  • Егер бала бірдеңемен ауырған болса, ол туралы мүмкіндігінше толығырақ айтып беріңіз.

Егжей-тегжейлерін талқылаңыз

  • Бала қатты тағамға ауысуға дайын болып қалуы мүмкін немесе оған таяу арада дайын болады. Дәрігермен отбасыңыздағы тағамдық аллергия, астма немесе экзема жағдайларын талқылаңыз. Егер балада тағамға қатысты кенеттен қандай да бір реакция пайда болса, қалай әрекет ету керектігін білетіндігіңізге көз жеткізіңіз.
  • Балаңыздың ұйқысымен байланысты ықтимал проблемаларды талқылаңыз.
  • Егер отбасыңыздағы немесе қоршаған ортаңыздағы қайсыбіреуде туберкулез немесе басқа да ауыр инфекциялық аурулар болған болса, баланың жұқтырып алмағандығына көз жеткізу үшін, дәрігердің баланы мерзімдік қарауы қажет болады. Егер сізге ауру туралы белгілі болса, шұғыл түрде ол туралы дәрігерге хабарлаңыз.
  • Бала туған кезде анықталған кез-келген проблемалар туралы дәрігерге ескертіңіз. Тыңдау арқылы немесе қан талдаудың көмегімен қайталама тексеру қажет болуы мүмкін. Егер дәрігерде бала туылғаннан кейін бірден толтырылатын карточка болмаса, сізге оны алу қажет болады.
  • Балаға фтор қоспалары қажет пе? Ол жергілікті судың сапасына байланысты.
  • Егер баланы еденде немесе манежде ойнауға жіберуге қорықсаңыз, сондай-ақ баламен қалай ойнау керектігін білмесеңіз, дәрігерге хабарлаңыз.
  • Ойындарға арналған материалдарды, балаларды дамыту бойынша топтарды, ата-аналар айналысатын істерді және басқа да қоғамдық ресурстарды қайдан іздеу керектігін дәрігермен талқылаңыз.

Үндемей қалмаңыз!

Дәрігерлеріңізді сонымен қатар басқа да сұрақтар толқытуы мүмкін. Егер мыналарды байқасаңыз, дәрігерге хабарлаңыз:

  • Бала отырған немесе қозғалған кезде, көбінесе тек бір ғана қолын, аяғын қолданады немесе үнемі бір жаққа қарай қисаяды.
  • Қозғалысы сізде алаңдаушылық туғызады. Бұл ретте осы жастағы аяқтардың шамалы дөңгелектеу болуы және маймақтығы қалыпты жағдай.
  • Дыбыстарға жауап бермейді немесе естуінің нашарлауына қатысты күмән бар.
  • Көздерін қылиландырады немесе көруінің нашарлауына қатысты күмән бар.
  • Ешқандай дыбыстар шығармайды немесе бұрынғыға қарағанда аз дыбыс шығарады.
  • Бозарған болып көрінеді.
  • Аунамайды.
  • Ойыншықтарға немесе заттарға қызығушылық танытпайды.
  • Тамаққа қақалады немесе кружкадан ішкен кезде шашалады және тамақты аузында ұстап тұра алмайды.

Есіңізде болсын, балалар әртүрлі және өз қарқынында дамиды. Сіздің, дәрігермен барлық күмәндарыңызды талқылап, балаңыздың дұрыс дамып жатқандығына көз жеткізуге мүмкіндігіңіз бар.