Кейде әйелге жүктілік туралы хабарлау ыңғайсыз немесе қорқынышты болып көрінеді. Бұл мақалада біз сіздердің назарларыңызға әріптестеріңізге артық әңгіме айтпай, көп ұзамай ана болатындығыңызды мойындаудың бірнеше ерекше тәсілін ұсынғымыз келеді.
1. Бастыққа хабарлаңыз
Бірінші кезекте жақсы жаңалықты бастыққа хабарлау қажет. Бейтарап тақырыптағы әңгіме барысында, олардың көп ұзамай сізсіз бизнес жүргізуге мәжбүр болатынын айтыңыз. Сіз бастықты түскі асқа шақырып, жаңалықты сол жерде айта аласыз.
2. Тәтті жегіш
Үстелге көгілдір немесе қызғылт сілікпелі кәмпит пен «Менен және менің кішкентай кәмпитімнен» деген жазуы бар хат салынған банканы қойыңыз. Электронды поштамен бүкіл кеңсеге (немесе тек қана өз командаңызға) хат жолдап, өз үстеліңізде баршаны дәмді кәмпиттермен сыйлап жатқаныңызды хабарлаңыз, соңынан әріптестеріңіздің сізге біртіндеп келіп жатқанын және нені аңғаратынын байқаңыз.
3. Баршаңыз тыңдаңыздар!
Егер сіз барлығы естісін деп өз қуанышыңызды жұртқа жария қылғанды жақсы көретін сенімді әрі ақкөңіл жан болсаңыз, жаңалықпен бөлісу үшін бүкіл компанияның келесі жиналысын күте тұрыңыз. Бастық әлдебір хабарламалар бар ма деп сұрағанда, қолыңызды көтеріп, әріптестеріңізге сәби күтіп отырғаныңызды айтыңыз.
4. Жынысын білгенше күте тұрыңыз
Баланың жынысын білетін сәтті күтіңіз және бірден екі хабарландыру жасаңыз. УДЗ нәтижелерін алған кезде, кекстерді пісіріп, қамырға қызыл немесе көк бояғыштың бірнеше тамшысын қосыңыз. Үйде пісірілген тағамды хатпен бірге жұмысқа алып келіп, жұрттың оған қалай мән беретінін күтіңіз.
5. Сарафан радиосы
Егер сіз кішігірім компанияда жұмыс істейтін болсаңыз, бір-екі әріптесіңізге жағымды жаңалықтың ұшын шығарыңыз және оны бүкіл компанияға тез таратыңыз — жақсы жаңалықтың ешкімге зияны жоқ!
6. Барлығы тоқашты жақсы көреді!
Сіз бір пакет тоқаш ала келіп, оны «Бұл менің болашақ сәбиім дәл қазір жегісі келетін тамақ» деп жазып, ас үйде қалдырыңыз.
7. Командаға жаңа адам қосылады!
Команда жуық арада жаңа адаммен толығатындығы туралы әріптестерге хат жазып, жүктілік туралы хабарлаңыз. Жаңа жұмыскер пәлен күннен бастап (болжалды босану күні) лауазымға кіріседі деп жазып, кімнің бірінші болып аңғаратынын бақылауға алыңыз. Ең алдымен бала-шағалы әріптестер аңғарса керек.
8. Бұл туралы киім сөйлесін
Егер сіздің компанияңызда дресс-код болса, міндетті түрде үстіңгі жағын балалар тақырыбы берілген кодқа ауыстырыңыз. Барлығы осындай өзгеріске қызығушылық танытып, киім сәнінің ауысу себебін сұрастыра бастайды немесе өздері аңғарады.
9. Қайда?
Әріптестер болашақ демалыс жоспарлары туралы әңгіме-дүкен құрғанды жақсы көреді, сондықтан саяхатты келесі бір талқылау кезінде, нәресте туылғанға дейін романтикалық демалысқа қайда баруға болатындығын айтыңыз. Осылайша сіз тек ұсыныстар ғана емес, құттықтаулар мен ізгі тілектерге де ие боласыз.
Біздің баршамыз жеке темпераментке және жұмыста түрлі мәртебеге иеміз. Әлдекімде бейресми жұмыс жағдайы қалыптасуы мүмкін, ал басқа біреуде қатаң жұмыс тәртібі болуы мүмкін, сондықтан жүктілікті хабарлау туралы осы идеялардың бірін пайдаланар алдында, жағдайды мұқият бағалап, өзіңізге дәл келетін идеяны таңдаңыз.