Міне, енді сіз өз сәбиіңіздің дүниеге қалай келетінін білесіз, мүмкін, алғашқы триместрдің соңы шығар, сіз туыстарыңызға қалай хабарлау керектігін ойланып отырсыз. Осы аналардың тәжірибесі, өздерінің жүктілігін хабарлау оқиғалары сізді шабыттандыра түседі!
Анна, 30 жаста
“Мен өзімнің туған-туыстарыма қоңырау шалып, оларды ойын кешіне қонаққа шақырдым. Біз бәріміз жиналған кезде, мен бір ойын ойнауды ұсындым, онда әркім бір парақ қағазға өзі туралы белгісіз бір деректі жазуы керек, содан кейін қағаздарды қалпаққа салып, кезекпен сол жерден алып, дауыстап оқып, кімнің не жазғанын білу керек болды. Ағам "мен жүктімін" деп жазылған қағазды шығарып, оқығанда, алдымен ешкім ештеңе түсіне алмай, бәрі бір-біріне таңғала қарасты.
Олар ақыр-соңында істің мәнін түсінген соң, біресе қуана бастады, біресе қуаныштан көздеріне жас алды, құшақтасып күле бастады.”
Олеся, 39 жаста
“ Мен тұңғыш ұлыма жүкті болған кезде, күйеуіме "ең жақсы әке" деген футболка мен "№1 әке"қалпақшасын сыйлап едім. Ол бастапқыда қымсынып қалды, содан кейін жақында әке болатынын түсінді. Мен анама бірінші рет әже болатынын хабарлауға шешім қабылдағанда, мен оған әжелер туралы кітап сыйладым. Анамның көзіне жас алғанын айтып жатудың қажеті жоқ шығар?”
Екатерина, 23 жаста
“Мен ең алдымен сіңліме «Сен тағы да тәте боласың» деп айттым (біздің сіңліміздің балалары бар). Осыдан кейін біз сіңлімізге ол алғаш рет тәте болатынын айттық! Үшеуіміз әрқашан бір-бірімізді қолдап отырамыз. Менің барлық туыстарым мен үшін өте қуанышты, біздің отбасымыз толығатын болды.”
Ольга, 28 жаста
“Біз әкеммен, оның әйелімен және үш жасар інім Мишамен отбасылық кездесу өткіздік. Біз Мишамен сөйлестік, ал қалғандары тыңдап отырды, мен одан саған аға болу ұнай ма деп сұрадым. Барлығы маған таңдана қарады, содан кейін құттықтауға кірісті.”
Наталья, 41 жаста
“Бұл туралы маған күйеуімнің не айтқаны қызық болып тұр. ‘Қымбаттым, соңғы уақытта сенің көңіл-күйің болмай жүр, сондай-ақ тамақты да көп жейтін болыпсың. Мүмкін сен сонда?.. Мен: «Олай болуы мүмкін емес, бірақ күте тұр... Осылай болуы мүмкін бе?» деп айттым. Жүктілік расталған соң, біз өзіміздің 19 және 15 жасар ұлдарымызды алдымызға отырғызып қойып, оларға жаңа жұмыс табылғанын – кішкентай інілеріне қарау керектігін айттық.