Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Өкінішке орай, жүктілік кезінде терінің созылуы — жиі кездесетін құбылыс. Терінің созылуы терідегі жолақтар немесе жырашықтар сияқты көрінеді, әдетте, қызғылт немесе қызыл-ашық күлгін түсті болып келеді. Медицинада  striae gravidarum латын термині пайдаланылады, ол ананың дене салмағының артуынан және жатыр мен ұрық мөлшерінің ұлғаюынан терінің созылуынан пайда болатын жолақтарды белгілейді.

Көбіне мұндай жолақтар екінші немесе үшінші триместрде болашақ ананың дене пропорциясының өзгеру шамасына қарай кеудеде, іште немесе санда пайда болады. Терісі ақшыл немесе тез салмақ жинайтын жүкті әйелдерде терінің созылу қаупі жоғары болып келеді. Босанған соң олар біртіндеп кетеді, онша байқала бермейді, бірақ ешқашан біржолата кетіп қалмайды. Терінің созылу салдарларын азайтудың бірнеше тәсілі бар.

  • Артық салмақ жинамауға тырысыңыз (бүкіл жүктілік кезінде 11,5–16 кг артық емес), салмақты біртіндеп жинаңыз.
  • Дұрыс тамақтану жоспарына сүйеніп, көп су ішіңіз.
  • Қан айналымын жақсарту және ұстап тұрушы бұлшықеттерді нығайту үшін, дене жаттығуларымен тұрақты шұғылданыңыз.
  • Өлшемі дұрыс таңдалған ұстап тұрушы емшекқапты тағыңыз.
  • Терінің тітіркенуін болдырмау үшін, ылғалдаушы кремдермен және лосьондармен пайдаланыңыз. Есіңізде болсын, ешбір крем сізді терінің созылуынан құтқара алмайды, сондықтан керемет нәтижелерге уәде беретін ғажайып әсер етуші дәрі-дәрмектерге ақша құртудың мәні жоқ.