Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Көпшілік әйелдер жүктілік кезінде түктің тез және белсенді өсе бастағанын байқайды, яғни түкті эпиляциялау мәселесі өткір реңк алады. Барлық мәселе гормондық өзгерістерде болып тұр. Сондай-ақ, тері сезімтал болады, ауырсыну шегі төмендейді. Бұл мәселені қалай шешуге болады? Түкті жұлудың ең тиімді және ыңғайлы әдісін таңдаңыз.

Эпиляцияның негізгі түрлері

Балауыз

Ыстық немесе суық балауызтүктің өсу бағытында теріге қолданылады. Балауыз қатқан соң, түктің өсуіне қарсы бірден қимыл жасап, оны кесіп алады. Аяқтар 4 аптаға дейін тегіс қалады, бірақ процедурадан кейін теріде кейде тітіркену пайда болады.

Артықшылықтары:

  • Түк ұзақ уақыт бойы өсіп шықпайды — тері 4 аптаға дейін тегіс күйінде қалады.
  • Тілік пен сызат түсу қаупі жоқ.

Кемшіліктері:

  • Жүктілік кезіндегі аурушаңдық процедура одан сайын жағымсыз бола түседі.
  • Жүктілік кезінде сезімтал теріге жарамайды, өйткені тітіркену қаупі бар.
  • Процедура үшін түкті кем дегенде 3 мм-ге дейін өсіру керек - аяқтар әрдайым тегіс бола бермейді.

 

Эпилятор

Эпилятор электр ұстарасына ұқсас, бірақ басқа принцип бойынша жұмыс істейді: ұстара беткейдегі түкті кеспей, тері астындағы түйіншелерден түктерді жұлып алады.

Артықшылықтары:

  • Эпилятор түктерді тамырдан алып тастайды, яғни тері бір айға жуық тақыр болып қалады.
  • Braun Silk-épil жаңа эпиляторлары уқалау роликтерімен және салқындатқыш қолғаптармен жабдықталған, нәтижесінде түктер ыңғайсыздық туғызбай, оңай алынып тасталады.
  • Көптеген Braun Silk-épil модельдерін тері буланған және босаңсыған кезде, душта немесе ваннада тікелей қолдануға болады.
  • Braun Silk-épil сияқты заманауи эпиляторлар тіпті ең қысқа түктерді де қармайды, демек, сізге балауызбен эпиляциялау кезінде қажет болғандай, белгілі бір ұзындыққа өсіа жеткенше күтудің қажеті жоқ.
  • Процедура өте аз уақытты алады, сізге сұлулық салонына уақыт пен ақшаны ысырап етудің қажеті жоқ.
  • Эпиляторды неғұрлым ұзақ пайдалансаңыз, түктер неғұрлым жұқа, әлсіз және елеусіз болады.

Кемшіліктері:

  • Тері жаңа сезімдерге үйренуі үшін, процедураға бейімделу керек.
  • Түктер ішіне кіріп өспеуі үшін, терінің жансызданған бөлшектерін қайызғақтану процедурасын тұрақты қайталап отыру керек. Пиллинг саптамалары көптеген Braun жиынтықтарына кіреді және ішіне қарай өскен түктердің пайда болуын алдын-ала болжауға көмектеседі.

 

Лазерлік эпиляция

Лазер пульсирленген жарық шоғырын тері арқылы түк түйіншелеріне бағыттайды. Лазер сәулесінің жоғары температурасы түк фолликуласындағы меланинге әсер етеді және түктің өсуіне жол бермейді.

Артықшылықтары:

  • Кәсіби лазерлік эпиляция түк түйіншелерін құртады, нәтижеде түк баяу өсетін болады.
  • Процедураны арнайы аппараттардың көмегімен үйде өткізуге болады.

Кемшіліктері:

  • Ауыртуы мүмкін.
  • Процедура организмді маңызды күйзеліске ұшыратуы мүмкін, жүктілік кезінде оны болдырмаған жөн.
  • Түктің қаралығы жеткілікті адамдарға ғана жарамды.
  • Процедурадан соң күнге шығуға болмайды.
  • Процедура алдында гинекологпен кеңескен жөн.

Ал сіз эпиляцияның қай тәсілін ұнатасыз?