Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Барлық болашақ аналар жүктіліктің соңғы айларында энергияның кенеттен оянатынын және үйді жабдықтауға және жаңа туған нәрестеге қажетті заттарды дайындауға деген құлшынысты байқайды. Бұл табиғи және түсінікті процесс, оны халық "ұя салу инстинкті" деп атайды. Энергияны дұрыс бағытқа бағдарлау және қажетсіз заттарды ынта-жігермен көптеп сатып алмау үшін, жаңа туған нәрестеге арналған сатып алым тізімін алдын-ала жасаңыз. Бұл жағдайда өзіңіз не сатып алу керектігін, нені уақытша туыстар мен достардан ала тұруға болатынын, нені сыйлыққа сұрау қажеттілігін бөлек белгілеп алыңыз.

Ірі сатып алымдар

  • Бесік арба және оның сулығы
  • Кереует және матрас (матрасқа ақша үнемдеудің қажеті жоқ, өйткені сәбидің денсаулығы матрасқа тікелей байланысты)
  • Жаялық үстелі (ыңғайлы зат, бірақ онсыз да өмір сүруге болады)
  • Былау
  • Радиокүтуші (міндетті емес, бірақ пайдалы зат)
  • Фотоаппарат (сіз өзіңіздің кішкентай сәбиіңізді мың рет суретке түсіргіңіз келеді). Айтпақшы, егер сіз дәл қазір біздің сайтқа тіркелсеңіз, сыйлыққа өзіңіздің үздік суреттеріңіз бар фотокітапты аласыз

Ілеспе сатып алымдар

  • Төсек жаймасы (бірден 2-3 жиынтық сатып алған жақсы)
  • Кереует пен бесік арбаға арналған жылы көрпелер (жүн және бәйке)
  • Бәйке және шыт жөргектер (7–10 дана)
  • Бірреттік жөргектер (олар әрқашан пайдаға жарайды)
  • Клеенка (2 дана)
  • Бөтелке (2–3 дана)
  • Сілекейлік (3–4 дана)
  • Шомылуға арналған сүлгі (кішкентай және үлкен — кләпарасы болғаны жақсы)
  • Pampers Premium Care жөргектері: жұмсақ және тыныс алатын — сәбиді ұқыпты қорғау үшін
  • Pampers Sensitive майлықтары (оларды әрқашан жаныңызда ұстау ыңғайлы)
  • Қуыс емізік (2–3 дана)
  • Сылдырмақ

Сәбиге арналған киім

  • Ұйқықап-конверт
  • Костюмдер мен боди (5–6 дана)
  • Сырғытпалар, кофталар мен жейделер (5–6 дана)
  • Комбинезондар (әртүрлі ауа райында көшеге арналған)
  • Қалпақтар мен телпектер
  • Башмақай мен шұлықтар

Косметика және гигиена заттары

  • Қызуөлшегіштер (бөлме температурасын өлшеу үшін және су үшін)
  • Балалар кір жуу ұнтағы немесе балалар сабыны
  • Тырнаққа арналған қайшылар
  • Мақта дискілері
  • Балалар сабыны мен сусабын
  • Ваннаға арналған ойыншықтар
  • Балалар кремі
  • Емшектегі балаға арналған термометр
  • Тамшуырлар

Егер болашақ ана мерекесін ұйымдастырғыңыз келсе, туыстарыңыздан зат сатып алуға және өз қалауларыңызды айтуға ұялмаңыз. Сондай-ақ уақытты үнемдеу және кезекке тұру мен жолға уақыт жұмсамау үшін, интернет-дүкендерді пайдаланыңыз. Әрине, егер сәби туылатын күнге дейін бәрін сатып алуға үлгермесеңіз, мазасызданудың жөні жоқ. Ең бастысы — бұл сіздің махаббатыңыз бен қамқорлығыңыз!