Бірнеше ай ойланып-толғанған соң, сіз ақыр-соңында сәбиге есім таңдадыңыз, демек, енді онымен достарыңызбен және туыстарыңызбен бөлісуге дайынсыз.
Бірақ осы қажет пе?
Балаға есім таңдау — бұл жүктілік кезеңінің ең ғажайып сәттерінің бірі. Бұл сіздің арқаңызды осы әлемнің есігін ашатын жаңа адаммен таныстық жолында жасалған алғашқы қадам және жеке өз шешіміңіз. Барлық ата-ана жалғыз дұрыс таңдау жасағанды және жақындарымен бөліскенді ұнатады.
Бәрінен бұрын сіздің туыстарыңыз бен достарыңыз сізден «Сәбидің есімін кім қояйын деп жатырсыңдар?» деп сұрастырып, өз нұсқаларын ұсынған болуы да мүмкін. Бұл талқылаулар, әсіресе, сіз есім таңдауға енді кірісіп, нұсқаларын жинау бастаған шақта пайдалы болуы мүмкін. (Мүмкін, сізге ұнаған есімдердің бірін оп-оңай мазаққа айналдыруға болатынын сіз ойлап көрмеген де шығарсыз). Мүмкін, сіз отбасы тарихынан бір жаңа нәрсені білген боларсыз және туыстардың әлдебірінің құрметі үшін, сол кісінің есімін қойғыңыз келетін шығар.
Алайда, пікірлер алуан түрлі болуы мүмкін, ал сіздің әдемі есім туралы түсінігіңіз жақындарыңыздың ойлаған пікірімен сәйкес келмей қалуы да мүмкін! Өз таңдауыңызды анаңызбен бірге талқылап көріңіз, ол кісі өкініш білдіруі де мүмкін, өйткені ол сәбидің есімін өз әкесінің құрметіне қойғысы келген шығар. Сіздің ең жақсы құрбыңыз өзін мәжбүрлеп күлімсіреп, «Біршама ескі сияқты деп ойламайсың ба?» деп бұрқылдауы мүмкін. Ал жұмыстағы әріптестеріңіз «Менің осындай есімді сыныптасым болған. Маған ол ешқашан ұнаған емес» де,п қойып қалуы мүмкін.
Айналаңыздағы адамдарға өз сәбиіңіздің есімін айтуға немесе айтпауға қатысты қандай шешім қабылдағаныңызға қарамай. Назар аударуға тұрарлық бірнеше маңызды кезең бар.
1. Көркем мінез танытыңыз
Есіңізде болсын, сіздің туыстарыңыз бен жақындарыңыз сәбидің дүниеге келуін асыға күтіп жүр және оның дүниеге келуіне қатысы болғанды қалайды. Егер сіз сәби туылғанға дейін оның есімін жарияламауды қаласаңыз, бұл оларды ренжітуі мүмкін. Неліктен ондай шешім қабылдағаныңызды күлімсіреп, сыпайы түрде түснідіріңіз, өзіңізге олардың қолдауы ауадай зәру екенін айтыңыз.
2. Батыл болыңыз
Туыстарыңызбен ақылдасып алғыңыз келіп тұр. Сіз қалай ойлайсыз? Сізге ұнайды ма? Әрине, сұрақтарға берілген жауаптар сізге ұнамай қалуы да мүмкін. Егер есім таңдаған болсаңыз, оны табанды түрде қорғап шығыңыз. “Біз сәбидің есімін Устинья деп атауды жөн көрдік! Бұл есім бізге қатты ұнайды, бұл тамаша есім.” Егер сіз таңдаған есіміңізге кәміл сенімді болсаңыз, көпшілік адамдар сыпайы түрде үнсіз қалады.
3. Сынға дайын болыңыз
Сәбидің есімін қашан жариялағаныңызға қарамай — мейлі, туылғанға дейін болсын — мейлі туылғаннан кейін болсын, ол туралы түрлі пікірлер айтылатындығына дайын болыңыз. Теріс пікірлер сізге ұнамауы мүмкін, сіз бұған дайын тұруыңыз керек. “Сізге Устинья есімінің ұнамайтындығы өкінішті-ақ, ал бізге қатты ұнайды. Егер қаласаңыз, оны Стеша деп атасаңыз болады.”
4. Қуаныңыз!
Сіз өз анаңызға әпкеңізге немесе ең жақсы құрбыңызға есім таңдаған жоқсыз ғой. Сіз есімді өз балаңызға таңдап отырсыз. Жүйкені тоздырудың қажеті жоқ, қуану керек! Сіз ешкімнің көңілінен шығуға тиісті емессіз.
5. Төзімді болыңыз
Сәбиіңіздің есімін қалай атасаңыз да, бәрібір, ол көп ұзамай баршаға ортақ сүйікті адамға айналады. Егер алғашқы реакция сіздің көңіліңізден шықпаса, олардың үйренуіне біршама уақыт беріңіз. Шекспирдің мына бір сөзі есіңізде ме: “«Раушан гүлді қалай атасаң да, бәрібір раушан сияқты аңқиды».”