Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Сіздің отбасыңызда сәбидің дүниеге келуі достарыңызбен және жақындарыңызбен осы бір айтулы оқиғаны тойлауға сансыз себептер береді. Ерлі-зайыптылар жүктілікті хабарлау және болашақ сәбидің жынысын айту үшін кешкі отырыстар ұйымдастырады, болашақ ана үшін мереке өткізеді, жаңа туылған сәбимен таныстыру үшін қонақ шақырады.

Есім таңдауға байланысты өткізілетін мерекелер кейбір мәдениеттерде ғасырлық дәстүр болып табылады және қазіргі заманғы ата-аналар арасында кең таралып келеді. Өз сәбиіңізге арнап есімді өзіңіз жақсы көретін адамдармен бірігіп ойластыру – бұл отбасымен және достармен бірге дүниеге келетін сәбиді тойлау үшін бас қосуға тамаша себеп. Тіпті, сіз есімін таңдап қойған күннің өзінде, өз жақындарыңыздың қандай нұсқаларды ұсынатынын білу сізге қызықты бола түседі.

Кімді шақыруға болады?

Ең жақсысы, кешкі отырысты шағын ортада өткізген жөн. Мысалы, 4 адамнан 10 адамға дейін — бұл бәрімен толықққанды қарым-қатынас жасауға болатын ең жақын адамдар тобы.

Егер сіз сәби туылғаннан кейін мереке өткізетін болсаңыз, балаңызды таныстыру үшін, сізге көбірек қонақ шақыру қажет болуы мүмкін. Бұл шамадан тыс ауыр болып көрінуі де мүмкін, сондықтан қонақтар тізімінен ең қымбат әрі жақын адамдарды іріктеп алып, соңынан қалғандарға жеке-жеке баруыңыз керек болады.

Мәзір

Осындай бірегей іс-шарадан не күтуге болатынын ешкім білмейді, сондықтан кез келген тағамды беруге болады. Бутербродтар, салқын немесе ыстық басытқы тағамдар, салаттар, торт, піспенан — бәрі жарайды, ең бастысы, өз отбасыңызға ұнаса болғаны.

Әрине, кешке шығармашылық тұрғыдан дайындалып, әріптер түріндегі піспенан немесе крекерлер пісіруге немесе сатып алуға болады.

Дайындықтың бір нұсқасы ретінде қонақтардың әрқайсысынан бір тағамнан әкелуді өтінуге болады, қызық болуы үшін, әкелінген тағам мерекеге келген кезде ғана есімі аталатын адамды шабыттандыратын болсын.

Немен шұғылдануға болады?

  • Балалардың есімдері жазылған кітапты бір-біріңізге беріңіздер немесе сайттан есім таңдауға арналған қосымшаны ашыңыз.
  • Үлкен қағаз параққа мольберттер қойыңыз (немесе қабырғаға форматы үлкен қағазды бекітіп қойыңыз)
  • Қонақтарға есім қоюға арналған критерийлерді беріңіз: Критерийде белгілі бір әріптер мен дыбыстардың болғанын қалайсыз ба? Әлдекіммен байланысты болатын есімдерді қалайсыз ба? Осы туралы әңгімелеп беріңіз.
  • Қонақтар өз таңдауын айтып жатырмыз деп ойласын. Олардан әңгімелеп беруді өтініңіз:
    • Есім оған несімен ұнайды?
    • Бұл есім не мағына береді?
    • Осындай есімге ие атақты тұлғалар бар ма?
    • Бұл есім қаншалықты кең таралған?
  • Таңдалған есімнің пайдасына межелік дәлелдер келтіруін өтініңіз (бұл міндетті түрде күлкі тудырады, сондықтан қонақтардың ұсынысты әзілмен қабылдауына тырысып көріңіз!)

Нені есте сақтау керек?

Есімдер — бұл өте субъективті (және эмоциялық) тақырып! Егер сізде сүйікті есімдер бар болса, оны мереке кезінде жарияламаған жөн.

Егер сіздің қонақтарыңыз сіз таңдаған есімдерден жақсы есім таңдай алмаса, сіз әрқашан соңынан «Бізді сіздер таңдаған есімдер шабыттандырды, алайда біз таңдаған нұсқа өзімізге көбірек ұнайды» деп айта аласыз.