Кейбір елдерде болашақ ана мерекесін тойлау дәстүрі ежелден өткізіліп келеді. Бізде бұл мереке кең таралмаған, бірақ өз өміріңізде болатын алдағы маңызды оқиғаны бірге тойлау үшін, сізде туыстар мен достарды шақыру ниеті пайда болуы мүмкін. Болашақ ана мерекесінің этикеті туралы көбірек білгіңіз келе ме? Егер сіз кімге не беретініңізді және болашақ ана мерекесінде өзіңіз қандай міндет атқаратыныңызды білмесеңіз, тамаша іс-шара өткізуге көмектесетін қарапайым тізімді ұсынамыз.
Болашақ ана мерекесіне арналған жүргізуші: Міндеттері
Қазіргі заман ағымы болашақ анаға арналған мерекені кез келген адамның үйінде өткізуге мүмкіндік береді, алайда қатаң этикет көрсеткендей, бұл іс-шараны құрбысы немесе алыстау туысы, мысалы, немере сіңлісі немесе әпкесі жүргізуі тиіся. Жүргізуші барлық қонақтарды қарсы алуы, олардың сырт киімін қабылдап алуы, сыйлықтарды қоятын орынды көрсетуі және оларға сусын ұсынуы тиіс. Қарсы алу рәсімі сіздің жақсы мәнеріңізді көрсетіп қана қоймай, сондай-ақ барлық қонақтарға жылы шырайлы, қуанышты көңіл-күй сыйлайды, кешкі отырыстың жақсы басталуына себеп болады.
Оларды достастырыңыз
Егер сіздің қонақтарыңыз бір-бірімен таныс болмаса, оларды таныстырып, мерекені ойыннан бастаңыз.
Сәбиге арналған сыйлықтар тізімі: Сыйға тарту өнері
Қонақтар өз сыйлықтарды өте мұқият таңдады, көңіл көтеру сәтінің бір бөлігі — сіздің сыйлықтарды қалай ашатыныңызды бақылау. Этикет ережесі бойынша, сыйлықтарды кешкі отырыс соңында ашқан жөн — осылай сыйлықтар кешкі отырыстың басты мақсаты екендігі туралы әсер қалыптаспайды. Сыйлықтар қайталанбауы және сіздің шын жүректен қуанышты болуыңыз үшін, өз тілектеріңіздің тізімін жасауға кеңес береміз.
Алғыс хаттар
Алғыс хаттар жөнелту бұрынғысынша болашақ аналар үшін дұрыс әрекет болып саналады. Тізім жасайтын адамды тағайындап, барлық сыйлықтар мен сыйлаушыларды белгілеп алыңыз. Қонақтардың әрбіріне дербес алғыс хат жазып шығыңыз, ашықхаттар мен конверттерді таңдаңыз, соңынан оларды таратыңыз.
Дұрыс қоштасу
Іс-шара соңында барлық жиналған адамдарға келгендері үшін рақмет айтып, оларды есікке дейін шығарып салыңыз.
Бұл кеңестер сізге ұмытылмас болашақ ана жасауға көмектесіп, содан кейін көптеген жылы естеліктерді қалдырады.