Егер сіз жақсы ұйымдастырылған болсаңыз, икемділік таныта білсеңіз және баршаға мереке туралы әңгімелей алсаңыз, онда сіз үшін мереке ұйымдастыру қиынға соқпайды. Ана үшін мереке жоспарлау кезінде ойластыруға болатын бірнеше кезеңді ұсынамыз.
Іс-шараға орын таңдау
Өзіңізге қонақтарды қай жерде күтіп алған ыңғайлы болатынын ойластырыңыз, мүмкін, сізге үй жағдайында ұйымдастырған жайлырақ болатын шығар, мүмкін, сіз дәмханада немесе мейрамханада өткізгенді ұнататын боларсыз?
1. Үйде
Ыңғайлы, жайлы, оңаша — жеке іс-шара үшін тамаша нұсқа. Ас үй толық сіздің қарамағыңызда, бәрі әжетхананы қайдан іздеу керектігін біледі.
2. Мейрамханада
Ең бастысы, алдын ала үстелді брондап қою керек! Мейрамхананы таңдаған кезде, барлық қонақтардың талғамынан шыға біліңіз, ең бастысы, мейрамхана сізге ұнауы тиіс.
3. Кеңседе
Жұмыста бәрі қауырт іспен шұғылданады, алайда, әріптестер отбасының толығуын мерекелеуге уақыт табуға болады.
4. Шығу
Спа-салонға, саябаққа немесе саяжайға бару — көшпелі мерекелерге арналған танымал бағыттар.
Болашақ ана мерекесінің тақырыбы
Шақыру және сәндеу жұмыстарын жүргізе бастау үшін, тақырып таңдаңыз. Тақырып сіздің тұлғаңызды және не қалайтыныңызды көрсетуі тиіс, сондай-ақ сәбиге де арналуы мүмкін. Мысалы, егер сіз сәбидің жынысын білмесеңіз, тақырып әлдебір бейтарап немесе классикалық түрде болуы мүмкін. Егер сіз сәбиіңіз қыз болатынын білсеңіз, тақырып үшін қызылт реңктегі жөргек пішінді торт-қамал туралы сиқырлы ертегі тамаша жарасады.
Шақыру хаттар
Егер сіз шақыру хат тарататын болсаңыз, таңдалған тақырыпты ойластырып, оларды тиісті стильде рәсімдеңіз. Шақырылатын қонақтар саны орынға, уақытқа және сіздің нақты адаммен қатынасыңызға байланысты. Егер сіз кімді шақыратындығыңызға сенімді болмасаңыз, достардан немесе отбасы мүшелерінен кеңес сұраңыз.
Тамақ пен сусын
Болашақ ана мерекесінде тамақ пен сусын күрделі болмауы тиіс. Егер тағамды алдын ала таңдап, тапсырыс берсеңіз, шағын буфетті оп-оңай ұйымдастыруға болады. Кешкі отырыста алкоголь қойылсын ба, бұл мәселе өз еркіңізде.
Болашақ ана мерекесіндегі ойындар
Қонақтар арасында қарым-қатынасты жолға қоюға көмектесетін бірнеше ойынды таңдап алыңыз. Барлық қонақтар өздерінің бала күнгі суреттерін ала келсін — суреттен кімнің кім екенін тауып көріңіз. Сіз викторина, жұмыртқамен танысу, жөргектегі кәмпиттер сияқты белсенді ойындарды қосып, қонақтардың жануарлар төлінің атауын қаншалықты білетіндігін тексере аласыз.
Болашақ ана мерекесі, әдетте, небары бірнеше сағатқа созылады, алайда, бұл естеліктер сіздің мәңгі есіңізде қалып қояды. Мереке ұйымдастырумен қатар сіз сәбиге арнап алғашқы заттарды сатып алып жатқан шығарсыз, онда сізге біздің кеңестеріміз кәдеге жарайды.