Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Сәбидің дүниеге келгенге дейінгі және одан кейінгі айлар, әдетте, ең әбігерлі шақ болып келеді, кешкі отырысты жоспарлау кезінде, болашақ анаға ыңғайлы күнді анықтап алу керек.

Жұмыс күні немесе демалыс күні

Кез келген іс-шараны, оның ішінде анаға арналған кешкі отырысты өткізуге ең ыңғайлы күндер сенбі мен жексенбі болып келеді. Алайда, осындай іс-шараны ұйымдастыруды жоспарлай отырып, жұмыста мерекені атап өту үшін, күнделікті жұмыс күндерін де ескерген жөн болады. Мереке күнін таңдап болған соң, күнтізбеге қарап, сіз таңдаған күннің демалыстар маусымына немесе ерекше іс-шараларға сәйкес келмейтіндігіне көз жеткізіп алыңыз. Жаңа жылғы демалыстар немесе парламент сайлаулары кезінде кешкі отырыс жасағыңыз келмейтін шығар?

Сәби дүниеге келгенге дейін мерекені өткізудің артықшылықтары

  • Болашақ ананың сыйлықтарды қарастыруға балалар бөлмесін жабдықтауға және жетіспейтін заттарды сатып алуға уақыты болады.
  • Ананың жаңа туған сәбиді емізуге, жөргегін ауыстыруға және қанып ұйықтауды армандауға емес, босаңсуға және мерекеден ләззат алуға уақыты болады.
  • Көңілді кеш өткізу және достық қарым-қатынасқа ие жауапты оқиғаның алдында ананың көңіл-күйін жақсартып, оған қолдау көрсетеді және сенімділік береді.

Босанғаннан кейін кешкі отырыс өткізудің артықшылықтары

  • Мерекені сәби көрумен үйлестіруге болады.
  • Қонақтар сәбидің жынысын, өлшемі мен есімін білген соң, оларға пайдалы сыйлықтар таңдай оңай болады.
  • Мерекеге арналған осы уақыт асырап алған ата-аналарға да ыңғайлы, өйткені олар әркез баланы қай уақытта алып кетуіне сенімді бола бермейді.

Нақты жағдайда ненің ыңғайлы болатынын анықтап алыңыз, алайда сіз қай уақытты таңдамаңыз, ең бастысы — ана мен сәби үшін көңілді және ізгі ниетті мереке ұйымдастыру!