Әрбір жүкті әйел қалай босанатынын және осы бір күрделі процестің барынша жеңіл өтуі үшін, не істеу керектігін сан рет ойланады. Сізді босандыратын сауатты дәрігерлер командасын таңдаңыз және сіздің физикалық, эмоциялық және ақпараттық қажеттіліктеріңізді қанағаттандыра алатын адамдардың жаныңызда болуы әлі күнге үздік тәсіл күйінде қалып келеді. Осындай адамдар тобы сіздің серігіңізден, анаңыз бен ең жақсы құрбыңыздан құралуы мүмкін.
Алайда босану кезінде осы істі туыстардан сапалы және тез атқаратын кәсіби көмекші — бұл Доула. Доула — бұл босану кезінде көмек көрсету бойынша арнайы дайындықтан өткен әйел. Доула сізбен, серігіңізбен, отбасы мүшелерімен, дәрігермен немесе акушер әйелмен және мейіргермен бірге сізді босандыратын команданың бір бөлігі.
Доуланың басты міндеттері
Жақсы доула босану кезінде сіздің тілектеріңіздің орындалуын қамтамасыз етеді. Ол босанудың барлық физикалық және эмоциялық аспектілерін түсінеді, сіздің босануыңыз қалай өтіп жатқаны туралы сізге қажетті ақпарат ұсынады. Ол қамқорлық жасайды, сізді жұбатады, босану кезінде ауыру мен жайсыздықты жеңілдететін техникаларды жақсы біледі. Мысалы, ол сізге жаңа поза ұсынуы, уқалауы немесе тыныс алуды реттеп, арнайы релаксация техникасын өткізуі мүмкін.
Доула туралы фактілер
Доула медициналық күтім жасау маманы екенін ескерген жөн, ол дәрі бермейді және медициналық шешім қабылдамайды. Дегенмен ол босандыру командасының бір бөлігі болып табылады, сізге босану барысында жеке әдіс ұсынып, қажетті қолдау көрсетеді. Ол сондай-ақ сізге бала туылған соң емшек емізуге көмектесе алады, қажет болған жағдайда, сіз ауруханадан шыққан соң үйіңізге келіп тұратын болады.
Лайықты доуланы қалай табуға болады?
Сізде жеткілікті уақыт болуы үшін, үшінші триместрдің басында іздеуге кірісіңіз. Доуланы іздес кезінде, өзіңізге нақты бір адамның лайық келетіндігін анықтауға көмектесетін бірнеше сұрақ қойыңыз:
- Оның дайындығы мен тәжірибесі қандай? (Оның сенімді ұйым берген дайындық сертификаты болуы тиіс).
- Оның босану кезінде ана мен әкені қолдауға көзқарасы қандай?
- Босану кезінде ол сіз үшін не істей алады?
- Сіз босануды жоспарлап отырған ауруханамен оның жұмыстық қатынастары жолға қойылған ба?
- Ол босану күні қолжетімді бола ма?
- Егер ол босану кезінде қатыса алмайтын жағдайда, оның орнын ауыстырушы бар ма?
- Оның қызметі қанша тұрады?
Сіз неғұрлым көп хабардар болсаңыз, осы бір көптен күткен күні сіз соғұрлым дайындалған боласыз және өзіңізді тыныш сезінесіз.