Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Оқиғалардың айқын бірізділігінің болмауына қарамастан, босанудың әне-міне басталуының ортақ белгілері бар. Кез келген жүкті әйел жоғарыда аталған босанудың алғашқы симтомдарын сезіне бермейді, егер бұл симптомдар пайда болса, онда сіз жуық арада өз сәбиіңізбен көрісетін боласыз.

«Босанар алдындағы түнде менің бойымда таңғаларлық күш-қуат пайда болды, мен үй ішін толық жинап-тазалауға кірістім. Бір тәулікке жетер-жетпес дүниеге менің Аням келді».

Наталья, Аняның анасы, 8 айлық

 

Іштің түсуі

Бұл сіздің сәбиіңіз жамбасқа қарай төмен түскенде орын алады; бұл босанғанға дейін бірнеше апта немесе сағат бұрын болуы мүмкін. Бұл сонымен қатар «жеңілдену» деп аталады, өйткені сәби енді диафрагмаға қысым жасамайды, ал сізге тыныс алу оңайға соғады; сіз сондай-ақ несеп шығару қажеттілігінің жиілей түскенін сезіне аласыз.

 

Қызғылт бөліністер

Сіз қызғылт немесе қанды бөліністерді байқауыңыз мүмкін. Бұл бөліністер жүктілік кезінде жатры мойнын жауып қойған шырышты тығыннан пайда болады. Бөліністер босануға дейін екі апта бұрын басталуы мүмкін.

 

Ұрық маңындағы судың төгілуі

Жиі айтылатын пікірге қарамай, көпшілік әйелдерде су мүлдем сарқырап төгілмейді. Сізге бірнәрсе сарт ете қалғандай болып көрінуі мүмкін, содан кейін сіз кішігірім су ағысын сезінесіз. Кез келген жағдайда, егер сіз өзіңізден су кетіп қалды деп күмәнданатын болсаңыз, бұл туралы тез арада өз дәрігеріңізге немесе акушерге айтыңыз.

 

Толғақтар

Ерте толғақтар 20-30 минут сайын көрініс табатын етеккір спазмы ретінде сезілуі мүмкін. Біртіндеп  толғақ жиілей түседі. Егер толғақ әр үш-бес минут сайын өтетін болса, бұл сіздің белсенді босану сатысына кіргеніңізді білдіреді. Толғақ жиілігін өлшеу үшін, толғақтың басталған дәл уақыты мен оның ұзақтығын жазып алыңыз.

Егер сіздің күнтізбеңізде жүктіліктің үшіші триместрі болса, онда босануға дайындық туралы мақалаларды оқу сізге көп пайда береді.