Әрине, сіз жүктіліктің соңына қарай босанудың басталғанын қалай түсінуге болады деген ойға берілесіз. Егер екінші немесе үшінші триместрде толғақты сезінсеңіз, одан сайын көп сұрақ туындауы мүмкін, бұл толғақтар кейіннен өз бетінше өтеді, бұл жағдайда толғақтар босанудың басталуына әкелмейді. Мұндай толғақтарды Брэкстон-Хикс толғақтары деп атайды, бұл босануға дайындық тәсілдерінің бірі болып келеді, мұнда жатыр бұлшықетінің бір бөлігі жиырылып, организмді босану процесіне дайындай бастайды.
Брэкстон-Хикс толғақтары деген не?
Брэкстон-Хикс толғақтары (толғақты алғаш анықтаған дәрігердің құрметіне солай аталады) жаттықтырушы толғақ ретінде де белгілі. Бұл нағыз толғақ емес, бірақ босану толғақтарына алып барады, алайда бұл толғақтар нағыз толғақтар сияқты жатыр бұлшықетінің жиырылуынан туындайды. Егер сіз Брэкстон-Хикс толғақтарының қалай сезілетінін білетін болсаңыз, онда сізге босану алдында толғақтың басталуын анықтау оңайға соғады. Жалған толғақ кезінде іштің қатты қысылуы сезіледі, сондай-ақ жалған толғақтар таныс етеккір құрысуын еске түсіруі мүмкін.
Брэкстон-Хикс толғақтарында әлдебір шараларды қолдану міндетті емес. Егер серуендеп шығатын болсаңыз, демалсаңыз немесе позаны өзгертсеңіз, толғақ жойылып кетеді. Сезінулер сияқты көмектесе алатын тәсілдер де жеке-дара болып келеді.
Брэкстон-Хикс толғақтары және босану толғақтары
Егер мерзімі бойынша сіз босануды әлі жоспарлай қоймаған болсаңыз, онда толғақтың алғашқы симптомдарында сіз мерзімінен бұрын босану басталады деп мазасыздана жөнелесіз. Бұдан әрі Брэкстон-Хикс толғақтарын сезінетіндігіңіз түсініксіз болады, ақыр-соңында сіз күтен жағдай орын алады.
Мәселенің пайымына бару үшін, босанудың басталуының алғашқы белгілері туралы оқып шығып, олардан Брэкстон-Хикс толғақтарының ерекшеліктерін ажырата білуге үйреніңіз:
- Жалған толғақтар тұрақты емес, олардың арасындағы кідірістер қысқармайды. Тексерудің жақсы тәсілі — бұл толғақтың ұзақтығы мен олардың арасындағы үзілісті белгілеп алу.
- Жалған толғақтар әлсіз болып келеді және күшеймейді де, егер толғақ бастапқыда күшті болса, соңынан әлсірей түседі. Алайда босану жақындаған сайын ауыру күшейе түседі және тұрақты Брэкстон-Хикс толғақтары орын алады.
- Жаттығу толғақтары тоқтайды, бұл үшін жүру, жату немесе позаны ауыстыру керек.
- Толғақтан болған жайсыздық іштің алдыңғы жағынан сезіледі (нағыз толғақтар арқа жақтан басталып, іштің алдыңғы жағына қарай жылжиды).
Брэкстон-Хикс толғақтары қанша уақытқа созылады? Әдетте, жиырылулар 30 секундтан 2 минутқа дейін созылады. Әдетте, толғақтар күннің екінші жартысында немесе кешке немесе қатты дене белсенділігінен кейін басталады. Егер өзіңізбен болып жатқан жағдайларға күмәндана қарасаңыз немесе келесілердің ешбірін байқамасаңыз, өз дәрігеріңізге қоңырау шалыңыз:
- Толғақтар сіз қозғалсаңыз да жалғаса түседі.
- Толғақтар тұрақты өтеді, уақыт өте келе жиілейді және күшейе түседі.
- Қынаптан қан кету.
- Қынаптан сұйықтықтың әлсіз немесе қатты бөлінуі. Сонда сізде Брэкстон-Хикс толғақтары ауыр ма? деген сұрақ туындайды. Жалған толғақтар қалыпты құбылыс болып саналғанымен, Брэкстон-Хикс толғақтары ауырсынуды тудыруы мүмкін. Сондықтан егер сіз, шынымен, ауырсаңыз, өз дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Брэкстон-Хикс толғақтары қашан басталады?
Әдетте, мұндай толғақтарды үшінші триместрде сезінуге болады, бірақ кейбір адамдарда толғақ екінші триместрде де болып тұрады. Егер бұл сіздің алғашқы жүктілігіңіз болмаса, Брэкстон-Хикс толғақтары ерте басталып кетуі де мүмкін.
Брэкстон-Хикс толғақтары, сөзсіз, жайсыздық тудырады, бірақ бұл жүктіліктің мүлдем қалыпты кезеңі болып келеді. Өйткені толғақтар сіздің денеңізді алдағы босану күніне дайындауға көмектеседі.