Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Шомылдыру ана мен баланың арасындағы жағымды байланыс болуы тиіс. Сәбилердің көпшілігі шомылғанды жақсы кіреді. Дағдылану үшін сізге бірнеше әрекет қажет болуы мүмкін, бірақ кейіннен бәрі әлдеқайда көңілді өтетін болады.

Жаңа туылған сәбиді дұрыс шомылдыру туралы бірнеше кеңес.

Жаңа туылған сәбидің кндігі түсіп қалмай тұоғанда, оны ылғал ысқышпен сүртіңіз. Кіндік тезірек жазылуы үшін, оны суламаңыз.
Кіндік түсіп қалған соң, баланы балалар ваннасында немесе раковинада астына сүлгі төсеп шомылдыруға болады.

Су ыстық емес, жеткілікті шамада жылы болуы тиіс. Сәби үшін өте жайлы температура ересек адамның температурасы болып келеді — 36,6–37,0°С. Егер қолыңызда термометр болмаса, су температурасын шынтағыңызды иіп сезінуге болады.

Жаныңызға ысқыш, сабын мен сүлгіні қойыңыз — шомылдыру кезінде баланы қолдан шығаруға болмайды.

Шомылдырып болған соң, сәбидің денесін құрғата сүртіп шығыңыз, тері әжімдеріне ерекше көңіл аударыңыз.

Баланы жуындырып және сүртіп болған соң, оның үстіне таза жөргек кигізіңіз, кереуетке жатқызып, жер бетіндегі ең күшті хош иісті — тап-таза жаңа туылған сәбидің иісін иіскеңіз.