Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Жас ата-аналардың көпшілігі шаншу не екенін біледі, алайда сәбиді жылауға не мәжбүрлеп отырғанын анықтау оңай шаруа емес. Өз мақалаларында біз балалардың жылау себептері өте көп болуы мүмкін екенін жазған болатынбыз. Олардың кейбірі сіздің назар аударғаныңызды және қатысқаныңызды қажет етеді. Сәбидің шаншудан жылап жатқанын қалай білуге болады. Баланың, атап айтқанда, шаншудан жылап жатқанын қалай білуге болады? Оған қалай көмектесуге болады?

Істің мәні шаншуда

Жаңа туылған сәбм күні бойы жайсыздық сезінуі мүмкін, үшніші аптадан бастап ол өзін әлдебір нәрсенің мазасыздандырып тұрғанын ата-анасына балыт көрсете алады. Ал егер сәби бірнеше апта боы күніне 3 сағаттан астам жылайтын болса, шамасы, оған шаншу тиіп жатыр.

Шаншудан жылау

Кейбір зерттеушілер темпераментіне орай өте сезімтал және әсершіл аса белсенді балалар жиі шаншуға ұшырайды. Дегенмен шаншу сәбилерде жеке-дара дамиды. Сіздің балаңыз шаншуға бейім екенін сәби 6 аптаға толғанда біле аласыз. Бұл кездегі жылауды басқа жылаумен шатастыру мүмкін емес. Сәби долдана, қатты дауыстап және еңіреп жылайды, өйткені шаншу сәбидің денесін ауыртып, жайсыздық тудырады.

Шаншу деген не?

Шаншудың пайда болу себептері әлі күнге толық зерттелген емес. Көбіне педиатрлар шаншаудың пайда болуын емшек еметін балалардың ас қорыту жолының жетілмеуімен байланыстырады. Сонымен қатар дисбактериоз, баланың жоғары сезімталдығы және тамақтану ерекшеліктері (сору) себеп болуы мүмкін. Сәбиде шаншу ұстамасы пайда болғанда, бала жылайды, аяғын ішіне тартады, бұл кезде оның іші кепкен және нығыздалған болуы мүмкін.

Сәбиге қалай көмектесуге болады?

Шаншуды емдеудің тиімді әдістері жоқ: аналар мен фармацевттер ұсынатын препараттардың көпшілігі дәлелденген тиімділікке ие емес. Осы жағдайды жеңілдету үшін, сіз сәбиге өз бетінше көмектесе аласыз. Жаңа туылған сәбилер емізу кезінде жиі ауа жұтады, сәби тамақтанып болған соң, оның кекіруі оңай болуы үшін, баланы тік ұстаңыз. Күні бойы сәбиді сәбиді ішінен жатқызып, тік көтеріп жүріңіз, ішін жайлап уқалаңыз, асқазанын жеңілдетеді. Ең бастысы — жанында болыңыз, сәби сіздің жылуыңызды сезінеді, сөйтіп, оңай тынышталады.

Сәби жылап-еңіресе, мазаланбау мүмкін емес, шаншу — бұл уақытша екенін есте сақтауға тырысыңыз. 4 айлығында сіз осы мәселені ұмытып кетесіз. Сондықтан сабырлы болыңыз, абыржымаңыз, өйткені сіздің сабырлылығыңыз сәбиге беріледі.