Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Сіз кішкентай балалардың көпшілік ата-аналарын мазалайтын КӨБС, яғни кенеттен болған балалар өлімі синдромы туралы естіген шығарсыз.
КӨБС бір жасқа толмаған сырттай сау баланың кездейсоқ және түсініксіз өлімін білдіреді. Кейде оны «бесіктегі өлім» деп те атайды, өйткені КӨБС-ке шалдыққан балалардың көпшілігі өз кереуетінде ұйықтап жатып өліп кетеді. КӨБС себептері белгісіз. Дегенмен, сәбиге қауіпсіз ұйқыны қамтамасыз ету жәіне КӨБС алдын алу үшін қабылданатын шаралар бар. Осы мақаладан сіз КӨБС деген не екенін, қауіп факторлары қандай болатынын, сәбиіңізге барынша қауіпсіз жағдайлар жасау үшін не істеу керектігін толық білетін боласыз.

Кенеттен болған балалар өлімі синдромы деген не?

КБӨС — бұл сәбидің ұйықап жатқанда болатын күтілмеген және түсініксіз өлімі. КБӨС қаншалықты кең таралған? Федералдық  мемлекеттік статистика қызметінің деректері бойынша 2016 жылы Ресейде 1,888, 729 бала туылды, 374 КБӨС оқиғасы тіркелді. Мұның барлығы сұмдық болып көрінеді, ал іс жүзінде бұл бір жасқа дейінгі сәбилердің 0,019%-ы КБӨС-тен қайтыс болады.

Барлық ата-аналардың заңды сұрағы: КБӨС-ке орай мазасызданудан қашан арылуға болады КБӨС оқиғаларының көпшілігі сәби өмірінің алғашқы бірнеше айында өтеді, бұл жағдайда екі-төрт айлық сәбилер барынша осал болып келеді. Бала бір жасқа толғанда, КБӨС қаупі маңызды шамада төмендейді.

Қауіпсіз ұйқы және КБӨС-тің алдын қалай алуға болады?

Қалайша КБӨС-тің алдын алуға болатындығын білудің маңызы зор. Міне, сіздің балаңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірнеше тәсілі мынадай:

  • Сәбиді шалқасынан жатқызып ұйықтату. Бала бір жасқа толғанша әр жолы осылай естеңіз, балаға қарайтын әр адамға осылай айтып отырыңыз (күндізгі ұйқы немесе түнгі ұйқы болғанына қарамай). Кейбір сәбилерді шалқасынан ұйқыға жатқызған кезінде, ұйықтап жатып бір бүйіріне немесе жанына қарай аударылады. Сарапшылардың пікірінше, егер бала өзі ары-бері аударылатын болса, қауіпті емес. Егер сәби әлі аударыла білмейтін болса, оны қауіпсіздендіру үшін, біліктердің немесе анатомиялық жастықтың көмегімен шалқасынан жатқызып бекітіңіз.
  • Кереуеттен артық нәрсенің бәрін жинап алыңыз. Матрастың серпінді екеніне және жан-жағына қуыс қалдырмай, өлшемінің дұрыс келетіндігіне көз жеткізіңіз. Қосымша көрпе, жастық, жамылғы немесе кез келген амортизаторлар қажет емес. Қатты тартылған жайма болса болды, ешбір тыртыстар болмауы тиіс. Ешқашан ойнышықтарды, тіпті, жұмсақ пүліш аюларды да кереуетте қалдырмаңыз. Барлық осы беткейлер мен заттар баланың қалыпты тыныс алуына кедергі жасауы мүмкін.
  • Баланы қатты жерге орналастырыңыз. Кейде бала автомобиль креслосында, бесік арбада немесе слингте ұйықтап қалуы мүмкін. Бұл жағдайда ұйықтату үшін мүмкіндігінше тезірек қатты жерге жатқызу керек. Баланы ешқашан сулы кереуетте немесе жастықта қалдырмаңыз.
  • Сәбидің қатты ыстықтап кетпеуін қадағалаңыз. Қатты ыстықтап кету КБӨС қаупін ұлғайтады. Сәбиді ұйқыға жатқызғанда, сәбидің басы жабулы болмасын. Бөлмедегі температура сізге де жайлы болуы тиіс, тым ыстық болмауы керек. Баланы ең көбі бір қабат етіп жылы киіндіріңіз, оның үстіне көрпе жаппаңыз. Оның орнына күлпарасы жоқ жатын тысқапты немесе пижама-комбинезонды пайдалануға болады. Егер сәбидің басы немесе оның кеудесі ыстық болса, қолмен ұстағанда терлеп тұрса, демек, бала ыстықтап тұр.
  • Бала сізбен бірге  бөлмеде ұйықтасын. Бұл жеке қалауыңызға байланысты, алайда сарапшылардың ұсыныстарына сәйкес, сәби сіздің бөлмеңізде, бірақ өз кереуетінде ұйықтағаны жөн. Егер осындай мүмкіндік болса, бала сізбен бірге бір жылға дейін жатсын, бірақ кереует немесе аспалы бесік сіздің кереуетіңізден қол созым жерде орналасқаны жөн.
  • Баланы өз кереуетіңізге жатқызбаңыз. Сәбимен бір кереуетте жатуға болмайды, оның себебі мынада. Бұл КБӨС қаупін ұлғайтады, өйткені сіз ұйықтап жатып баланы кездейсоқ басып кетуіңіз мүмкін. Сонымен қатар бала сіздің төсек жаймаңызда шырмалып қалуы мүмкін.
  • Сәбиді емізу арқылы қоректендіріңіз. Егер мүмкіндігіңіз болса, баланы кемінде алғашқы алты айда емшек сүтімен қоректендіріңіз. Зерттеулер көрсеткендей, мұның өзі КБӨС қаупін маңызды шамада азайтады.
  • Сәбиді кеудеңіздің үстіне жатқызыңыз. Мұндай «теріге-тері» байланысы сәбиге өте пайдалы. Сіз емшек емізгенде немесе бөтелкеден қоректедіргенде, жалпы алғанда, күннің кез келген уақытында сәбиді жатқызуыңызға болады. Әкелерге де осылай істеу ұсынылады.
  • КБӨС тыныс алу мониторына сенім артпаңыз. Сарапшылар осындай мониторларды және КБӨС қаупін төмендетеді деп саналатын басқа осыған ұқсас құрылғыларды пайдалануға кеңес бермейді, өйткені олардың тиімділігі дәлелденген емес.
  • Емізікті пайдаланыңыз. Күндізгі немесе түнгі ұйқы кезінде емізік ему КБӨС қаупін төменжете алады. Емізік жіпке немесе бауға ілінбеген болуы тиіс — немесе әлдебір ретте киімге бекітілмеуі тиіс. Егер сіз емшек емізетін болсаңыз, сәбиге үш-төрт апта толуын күте тұрсаңыз, сәбиге емізік ұсынудан алдын үйреншікті емізу режиміне кіресіз. Егер емізік ұйықтп жатқанда баланың ауызынан түсіп кетсе, оны қайтадан аузына салуға тырыспаңыз.
  • Сәбиге барлық қажетті еспені жасаңыз. Кейбір зерттеушілер көрсеткендей, екпелер КБӨС қаупін азайтады.
  • Баланың қасында темекі шекпеңіз. Сондай-ақ көлікте немесе үйде темекі шекпеңіз. Баланы темекі шегетін жерден алыста ұстауға тырысыңыз.
  • Аспа бесік және басқа да жабдықтардың дұрыс болғанын қадағалаңыз. Бесік, кереует, бесік арба және манеж қауіпсіздік нормаларына сәйкес болуы тиіс. Олар сынбаған болуы тиіс, ал егер сіз әлдекімнен сұрап алған болаңыз немесе оны сізге пайдаланып болғанан кейін берген болса, олардың қауіпсіздігін тексеріп, мұқият залалсыздандырыңыз.
  • Сәбиді емізіп жатқанда, ұйықтап қалмаңыз. Диван мен креслоға қарағанда, алдын ала кереуеттен жастық пен көрпені жинап алып, баланы кереуетте емізген жақсы. Егер сіз емізіп жатып ұйықтап кетсеңіз, оянған соң баланы бірден кереуетке жатқызыңыз.
  • Ішімен жата берсін. Сәби ұйықтамаған кезде, қанша қаласа, сонша уақыт ішімен жата берсін және еңбектеп жүрсін — бұл сәбидің мойыны мен арқасын нығайтады. Бірақ осы қалыпта ұйықтап қалмауы үшін, үнемі сәбиді қадағалап отырыңыз.

Сәбидің қауіпсіз ұйықтауының үш басты ережесін есте сақтаңыз:

  • Сәби жалғыз өзі ұйықтауы тиіс.
  • Сәби шалқалап жатып ұйықтауы тиіс.
  • Сәби өз кереуетінде ұйықтауы тиіс.

Қауіп факторлары және КБӨС себептері

КБӨС-ті не тудыратыны анық емес, бірақ кейбір аналық, физикалық, жалпы факторлар, сондай-ақ ұйқы шарттары баланы едәуір осал етіп, КБӨС қауіптерін ұлғайтады.

Қауіпсіз ұйқы факторлары

КБӨС қаупін арттыруы мүмкін ұйқы шарттары:

  • Ішімен немесе бір бүйірімен ұйықтау. Ішімен немесе бір бүйірімен жататын сәбилерде шалқасынан жатқанға қарағанда, тыныс алуы қиындауы мүмкін.
  • Жұмсақ жерде ұйықтау. Құс төсекте, жұмсақ төсекте немесе сулы кереуетте ұйықтау баланың тыныс алу жолдарының қысылуына алып келуі мүмкін.
  • Кереуетте басқалармен бірге ұйықтау. Ата-анасымен, бауырларымен, әпкелерімен немесе үй жануарларымен ұйықтау әлеуетті тұншығу қаупінен КБӨС қаупін ұлғайтады.
  • Қатты қызу. Егер сәби ұйықтаған кезде ыстықтаса, бұл КБӨС қаупін ұлғайтуы мүмкін.

Аналық қауіп факторлары

Сәби туылғанға дейін оның анасы КБӨСтәуекелін еріксіз арттырып алуы мүмкін. Аналық факторлар келесі жағдайларда КБӨС-ке әсер етуі мүмкін, атап айтсақ:

  • Ананың жасы 20-ға толмаған болса.
  • Ана темекі шексе.
  • Ана спирттік ішімдіктер ішсе немесе есірткі тұтынса.
  • Ана жүктілік кезінде өз денсаулығын дұрыс қадағаламаса. Сондықтан дәрігерге көрінуді жоспарлау және босанғанға дейін дәрігерге тұрақты көріну маңызды.

Физикалық факторлар

  • Ми мен орталық жүйке жүйес жұмысының бұзылуы. Кейбір сәбилерде тыныс алуға және ұйқыдан кейін есін жинауға жауап беретін ми бөлігі жеткіліксіз дамыған, мұның өзі оларды КБӨС алдында өте дәрменсіз етеді.
  • Туылған кездегі салмағының кішкентай болуы. Шала туылған немесе егіз балалар кейде тыныс алуы мен жүрек ырғағын толық бақылауды дамытып үлгере алмайды, мұның өзі оларды КБӨС алдында өте дәрменсіз етеді.
  • Тыныс алу инфекциясы. Егер сәби жуырда суықтап ауырған болса, бұл да тыныс алу мәселесін тудырып, КБӨС қаупін ұлғайтады

Жалпы қауіп факторлары

Кенеттен болған бала өлімі синдромының нақты себебі белгісіз болғанымен, келесі факторлар қауіптің артуына әсер етеді:

  • Жынысы. Ұлдар КБӨС қаупіне жиі ұшырайды.
  • Жас ерекшелігі. Сәбилер екіден төрт айға дейінгі жаста өте дәрменсіз болып келеді, алайда, жалпы балалар қауіп тобында бір жасқа дейін болады.
  • Нәсілі. Негроид немесе моңғолойд нәсілді балалар қауіпке көбірек ұшырайды.
  • Отбасы тарихы. Егер немере ағайынды немесе туған бауырлар немесе әпке-сіңлілер КБӨС-тен қайтыс болған болса, қауіп ұлғая түседі.
  • Темекі шегу. Темекі шегтін отбасындағы сәбилер қауіпке көбірек душар болады.
  • Төмен салмақ және шала туылу. Егер сәби мерзімінен бұрын оянса және/немесе салмағы нормадан төмен болса, оның тәуекелдері ұлғая түседі.

КБӨС барлық ата-аналарды мазасыздандырады деп айтуға болады. КБӨС өте сирек болатынын есте тұтыңыз, егер сәби өмірінің алғашқы жылында жоғарыда аталған барлық сақтық шараларын мұқият сақтайтын болсаңыз, осы синдромның пайда болу тәуекелі одан сайын азая түседі.