Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Етеккірдің кідіруі – жүктіліктің ықтимал басталуының алғашқы сигналы. Алайда, етеккір кідіргенге дейін әйел өзінің организмінде әлдебір ерекше нәрсе болып жатқанын сезіне алады.

Дәрігерлер етеккір кідіргенге дейін жүктіліктің келесі алғашқы белгілерін атап өтеді:

  • Әлсіздік пен ұйқышылдық. Сіз жеткілікті ұйықтаған болсаңыз да, үнемі ұйқыңыз келе беретінін, әдеттегіден гөрі әлдеқайда тез шаршайтыныңызды байқайсыз.

  • Таңғы дәмкәстік.  Кейбір әйелдер жүктіліктің ең ерте кезеңінде-ақ жеңіл таңғы лоқсудың болатындығын атап өтеді.
  • Дәм сезімдерінің өзгерісі. Сіз бірден тұздалған қарбыз немесе бұрын ешқашан жеп көрмеген басқа бір тағамды жегіңіз келсе ше? Ойланарлық жайт екен!
  • Емшектің ұлғаюы. Егер емшек ұшы жүктіліктің ең кейінгі кезеңінде қарая бастаса, онда емшек мөлшері алғашқы күннен бастап елеулі шамада ұлғая түседі.
  • Сезінудің өзгерісі. Сіз бірден бұрын-соңды назар аудармаған иістерді байқай бастасаңыз ше? Сүйікті әтіріңіз бірден ұнамай қалса ше? Бұл жүктіліктің симптомы болуы мүмкін.
  • Ұмытшақтық және алаңдаушылық.  Бөлмеге не үшін кіргеніңізді ұмытып қалсаңыз, бір бетті қайта-қайта оқи берсеңіз және қарапайым заттарды жадыңызда сақтай алмасаңыз ше? Бұл сіздің болашақ сәбиіңіздің қылықтары болуы мүмкін!
  • Қынаптан бөлініс. Болжалды етеккірден бұрын шамалы қан кету эмбрионның жатыр қабырғасына жабысып қалғанын көрсетуі мүмкін. Бұл жағдайда сіз өте мұқият болуыңыз керек — тәуекелге бармау үшін, тез арада дәрігермен кеңескен дұрыс.
  • Дімкәстік. Жүктіліктің ерте кезеңінде иммунитет төмендеуі мүмкін және сізді барлық жерде жан-жақтап анталап тұрған зиянды бактериялардан қорғамайды. Нәтижесінде, жүктіліктің ерте кезеңіндегі көптеген әйелдер, әсіресе, қыстыгүні мұрынның бітелуі мен тамақ ауыруына шағымданады. Бірақ бұл жағдайда сіз өзіңіздің жүктілігіңізді ескере отырып, ұрыққа зиян келтіретін күшті дәрі-дәрмектерді қабылдамауыңыз керек.
  • Температураның елеусіз шамада көтерілуі және бас ауыруы.

Жүктілік кезінде жатырға қан келуі ұлғая түседі, мұның өзі сіздің көңіл-күйіңізге едәуір тез әсер етеді.

  • Несеп шығаруға жиі шақыру. Сіз кенеттен өзіңіздің әжетханаға жиі жүгіретініңізді байқап қалуыңыз мүмкін

Әрине, бұл дегеніміз, барлық осы симптомдар бірден байқалады деген сөз емес. Мұнда барлығы сіздің ерекшеліктеріңізге байланысты болады. Бір адамның бойында сәби өзінің бар екенін бірден білдірсе, ал басқа адамдарда сәби өзін тыныш ұстайды және біршама уақыт бойы болашақ анасын мазаламайды.

Сондай-ақ, жүктіліктің алғашқы белгілерін аурумен, күйзелістің салдарымен немесе ағзадағы басқа проблемалармен шатастырып алуға болатындығын ескерген жөн. Жүктіліктің басталуын дәл тексеру үшін дәрігерлер ұсынған медициналық әдістерге жүгінген дұрыс.

Жүктілікті ерте  мерзімде анықтаудың дәйекті тәсілдері

Егер сіз жүктіліктің алғашқы белгілерін байқасаңыз, барынша дәл диагнозға көшудің уақыты келді. Жүктілікті диагностикалаудың ең дәл әдісі - бұл ХГЧ деңгейіне талдау жасау. Оны етеккір кідіргенге дейін де жасауға болады. Сондай-ақ сіз дәріханада сатылатын жүктілік тестін жасай аласыз. Қазіргі заманғы тестер жүктілікті және оның жуық шамадағы мерзімін етеккір кідіргенге дейін анықтай алады. Егер сізде кішігірім кідіріс болса, сіз гинекологтан УДЗ-ға жолдама ала аласыз.

Алайда тексеру кезінде ұрық жұмыртқасының анықталуына кепілдік жоқ. Екі аптадан соң УДЗ қайталауға тура келуі мүмкін.