Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Жүктіліктің 40 аптасында жинайтын салмақтың басым бөлігі сіздің ішіңізде өсіп келе жатқан сәбидің есебінен пайда болады. Сондай-ақ бірнеше "өз" килограммдарыңызды қосып алу - қалыпты жағдай. Жүктілік кезінде әйелдің қанша килограмм жинайтыны туралы нақты жауап жоқ: бұл дене бітімінің түріне, бастапқы дене салмағына және басқа да факторларға байланысты — мысалы, сіз бір баланы немесе егіздерді күтіп отырған шығарсыз. Бұдан әрі сіз бен сәбиіңіз үшін қанша салмақ жинау пайдалы екенін толығырақ талқылайтын боламыз.

Жүктілік кезінде қалыпты салмақ жинау деп нені айтуға болады?

Сіз жинаған салмақ мөлшері сіздің бастапқы салмағыңыз бен ДСИ-ға байланысты.
ДСИ — бұл дене салмағының индексі. Оны былайша есептеуге болады: сіздің килограмм бойынша салмағыңызды метрмен берілген өз бойыңыздың квадратына бөлу керек. Көпшілік жағдайда ДСИ организмдегі май мөлшерін көрсетеді.

Жүктілік кезінде салмақ жинау мәселесіндегі қарапайым басты қағида: ДСИ төмен әйелге ДСИ жоғары әйелге қарағанда, көп салмақ жинау керек. Егер  сіз өзіңіздің ДСИ-ға сенімді болмасаңыз, өзіңізге жүктілік кезінде қанша салмақ жинау керектігін өз дәрігеріңізбен талқылап алыңыз.

Жүктілік кезінде салмақты біртіндеп жинаймыз

Бірден «екі адам үшін жеу» қағидасынан бас тарта тұрыңыз — салмақты біртіндеп жинаған маңызды. Іс жүзінде алғашқы триместр кезінде сіздің организміңізге қосымша килограмдар қажет емес — организм онсыз да өзі қамтамасыз етіп отырады. Ал жүктіліктің алғашқы айларында таңертең басыңыздың айналатынын ескеретін болсақ, бұл жағдайда салмақ жинау оңайға соқпайды. Екінші және үшінші триместрде жүктіліктің одан әрі дамуы барысында сізге килограмдарды біртіндеп және бірқалыпты жинай бастаған жөн.

Міне, үлгілі схема, соған сәйкес сіз триместрлер бойынша жүктілік кезінде дұрыс салмақ жинау үшін қанша қосымша калория жинау керектігін біле аласыз:

Бұл мөлшер күніне 2000 калория деп ұсынылған нормаға орай есептелген. Есіңізде болсын, бұл ұсыныстар жуық шамада берілген және сіздің ДСИ және басқа факторларға байланысты өзгеріп отыруы мүмкін (мысалы, сіз бірнеше баланы күтіп отырған болсаңыз).

Егер сіз аш болмасаңыз, өзіңізді қалағаныңыздан көп жеуге мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Өз денеңізге құлақ асыңыз. Дұрыс тамақтану туралы ұсыныстарға сүйеніңіз, егер сіз бір нәрсеге сенімді болмасаңыз, өз дәрігеріңізбен қанша калория тұтыну керектігін талқылаңыз.

Жүктілік кезінде диетада отырмаңыз, бірақ не жейтініңізді қадағалауды ұмытпаңыз. Рационыңызға көптеген қоректік және пайдалы тағамдарды қосыңыз. Шоколад пен балмұздақтың екі еселенген үлесі — бұл сіздің балаңызға қажет емес.

Егер сіздің салмағыңыз аз немесе артық болса, дәрігеріңіз сізге және сіздің балаңызға жүктілік кезінде сау болу үшін қалай дұрыс тамақтану керектігін айтады.

Жүктілік кезінде салмақ қайдан жиналады?

Жүктілік кезінде алынған барлық салмақ майға айналмайды. Орташа алғанда, жаңа туған нәрестенің салмағы шамамен 3,5 кг құрайды, бұл жүктілік кезінде алынған салмақтың едәуір бөлігін құрайды. Мұнда жалпы салмаққа әсер ететін бірнеше басқа факторлар бар, атап айтсақ:

  • Ұлғайтылған жатыр (0,9 кг).
  • Плацента (0,7 кг).
  • Ұрық маңындағы сұйықтық (0,9 кг).
  • Ұлғайтылған емшек (0,4–1,5 кг).
  • Ұлғайтылған қан көлемі (1,4–1,8 кг).
  • Ұлғайтылған сұйықтық көлемі (0,9–1,8 кг).
  • Қосымша май қоры (2,7–3,6 кг).

Сіздің балаңыз дүниеге келген кезде, жүктілік кезінде жиналған салмақтың көп бөлігі кетеді, бірақ емшек сүтін өндіруді қамтамасыз ету үшін қосымша май қоры қалады.

Жүктілік кезіндегі ең бастысы — ана мен баланың денсаулығы. Бастапқы салмағыңызға қарамастан, сіз өзіңізді және балаңызды жақсы және дұрыс тамақтанумен қамтамасыз етуіңіз керек. Әрбір жүкті әйел ерекше тұлға, сондықтан организміңізді тыңдаңыз және жүктілік кезінде салмақ жинауға қатысты барлық мәселелер бойынша дәрігерден кеңес алудан қорықпаңыз.