Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Мүмкін, сіз тұңғыш бала туралы енді ойластырып отырған шығарсыз, я болмаса, үйде тағы бір сәби болғанын қалайтын шығарсыз.

Сіздің қазір қолданатын қадамдарыңыз, егер сіз жүкті болуға шешім қабылдасаңыз, сіздің денсаулығыңыз бен балаңыздың денсаулығын қорғауға көмектеседі. Осы кеңестер арқылы сіз жүктілікке дайындықты неден бастау керктігін біле аласыз.

Бірінші қадам: Мультидәрумендерді қабылдай бастаңыз

Құрамында кемінде 400 мкг фоли қышқылы бар дәрумендерді қабылдаудың маңызы зор. Фоли қышқылы В тобындағы дәрумендерге жатады және ұрықтың өсуі мен дамуы үшін ерекше маңызға ие. Ең жақсысы қабылдауды жүктілікке дейін бастаған жөн — мультидәрумендер құрамында, сондай-ақ азық-түлік құрамында.

Екінші қадам: Өз дәрігеріңізге консультацияға жазылыңыз

Алдын ала консультацияға баруды жоспарлаңыз. Жүктіліккке дайындықты ескере отырып, өз денсаулығыңызға жалпы баға берген жөн. Дәрігер сіздің қызылша мен көкжөтелге қарсы екпелеріңіздің өзектілігін тексере алады.

Алдын ала тексеру кезінде өзіңіз тұрақты қабылдайтын барлық дәрі-дәрмектер туралы міндетті түрде дәрігерге хабарлаңыз. Дәрігер дозаны түзетуі немесе тіпті, ықтимал жүктілікті ескере отырып, басқа препарат жазып беруі мүмкін.

Сізге қаназдықты болдырмау немесе қалқанша безі қиындықтарынан құтылу үшін, талдау тапсыру қажет болуы мүмкін. Олар сізге сәбимен шұғылдану қажет болған кезде, жоғары қалжырауға әкелуі мүмкін.

Үшінші қадам: тіс дәрігеріне барыңыз

Жүктілік кезіндегі күрделі стоматологиялық емшаралар инфекция қаупін арттырады, сондықтан тіс саулығын ертерек қамқорлыққа алған жөн.

Төртінші қадам: Алдағы оқиғалар туралы біліңіз, оқыңыз

Егер сіз организміңізде не болып жатқанын түсінетін болсаңыз, сізге біршама тыныштау болады. Бұл үшін біздің сайтымызға тіркеліп, жүктілік кезінде қалай тамақтану керектігін, құрсақта сәбидің қалай дамитынын, босануға қалай дайындалу керектігін және көптеген басқа жайттар туралы біліңіз.

Осы қарапайым қадамдар теңдестірілген диетамен және тұрақты дене жаттығуларымен бірге сізді жүктілікке дайындайды.