Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Жүктілік кезінде саяхаттау  мен сапарға шығуға әсер ете алатын бірнеше фактор бар:

  • Сапар кезіндегі жүктілік сатысы
  • Жүктілік кезінде асқынулардың болуы
  • Қозғалыс тәсілі: машинада, пойызда, ұшақта
  • Сіз үйден алыста болатын қашықтық
  • Сақтандыру: өзіңді қауіпсіздендіру үшін, саяхатшының сақтандыруын рәсімдеу артық болмайды. Сақтандырудың сіздің сапарыңыздың барлық уақытына қолданылуына көз жеткізуді ұмытпаңыз

Жүктілік сатысы: жүктіліктің түрлі сатысында сапардан алынған сезімдер бір-бірінен қатты ерекшеленуі мүмкін

Бірінші және екінші триметрис кезінде саяхат жасау, әдетте, адамды қажытқанымен, едәуір қауіпсіз болып саналады.

Жүктіліктің алғашқы триместрі кезінде саяхат жасау, әсіресе, сіз жүктілікпен байланысты лоқситын немесе шаршайтын болсаңыз, қиындық тудыруы мүмкін. Сондай-ақ осы айларда бәрінен бұрын қан кету немесе түсік тастау қаупі жоғары болып келеді.

Екінші триместр — бұл өзіңізді бәрінен жақсы сезінетін және бойыңызда күш-қуат мол болатын жүктілік кезеңі. Бұл сапарға шығуға өте жайлы кезең. Осы кезеңде сәби дүниеге келер алдында, екеу болып демалған жақсы болуы мүмкін.

Үшінші триместр кезінде саяхат жасау жайсыздық тудыруы мүмкін, маңызды қауіп төндіреді, өйткені сіз өз дәрігеріңіз бен өз перзентханаңыздан жүздеген шақырым алыста босанып қалуыңыз мүмкін.

Кейбір авиакомпаниялар дәрігердің рұқсатынсыз жүктіліктің соңғы аптасындағы әйелдерді бортқа кіргізбейді.  Бұл ұшу ұзақтығына (ішкі немесе халықарлық рейс) және авиакомпанияға байланысты. Көп жағдайда мұндай рұқсат ұшуға дейін 3 тәулік бұрын алынуы тиіс. 

Егер сіз маңызды мерзімде сапарға шығуға бел бусаңыз, міндетті түрде алдын ала дәрігермен кеңесіп алыңыз.  Егер дәрігер сапарға шығуға рұқсат берсе, рұқсат-анықтама беруін өтініңіз, әсіресе, сіз басқа елге аттанып бара жатсаңыз, әуежайда қиындыққа душар болмау үшін, анықтаманы өзіңізбен бірге ала жүруді ұмытпаңыз.

Қозғалыс тәсілдері:

Көлікте сапарға шығу — жүктілік кезіндегі қозғалыстың ең жайлы тәсілі. Көлікте сапарға шыққанда, аяғыңызды жазып алу үшін, сағат сайын немесе екі сағат сайын тоқтап отырыңыз — бұл қан айналымын жақсартуға ықпал етеді. Әрқашан қауіпсіздік белдігін тағып жүріңіз. Бұл жағдайда белдіктің бір бөлігін ішіңіздің астына жіберіңіз, ал иық белдігін кеудеге орналастырыңыз.

Ұшу алғашқы екі триместр кезінде мазасыздық тудырмауы тиіс, алайда келесі ережелерді сақтап жүріңіз:

  • Асықпау үшін және бір көліктен екіншісіне ауыстыру кезінде бас қатырмау үшін, уақытты жақсылап жоспарлаңыз.
  • Сіздің қозғалысыңызға ыңғайлы болуы үшін, қажет болған жағдайда, әжетханаға бару оңай болу үшін, өту жолы маңынан орын сұраңыз.
  • Аяқта қан айналымын жақсарту үшін, сағат сайын өту жолы бойымен жүріңіз.
  • Отырған күйіңізде табан буынын жазыңыз және аяғыңызбен дөңгелектеп шеңбер сызыңыз.
  • Егер сізге ұзақ уақыт отыруға тура келсе, ұшу алдында аяқтың қан айналымын қосымша ынталандыру үшін, компрессиялық колготки немесе шұлық киіп алыңыз.
  • Су теңгерімін ұстап тұру үшін, су немесе шырынды көп ішіп отырыңыз.

Теңіз бойлап саяхат жасау, әсіресе, егер бұл үлкен круиздік лайнер болса, алғашқы екі триместрде ерекше қиындықтар тудырмауы тиіс. Сонымен қатар көпшілік круиз лайнерінде сізге көмек көрсетуге қажет болып қалу мүмкіндігіне орай, медициналық персонал болады. Егер сіз қозғалыста сезімтал болсаңыз, жол соғып тастамауы үшін, дәрі қабылдау қажет болуы мүмкін; өз дәрігеріңізден жүктілік кезінде қай дәрілер қауіпсіз екенін сұрап біліңіз. Сонымен қатар сіз лоқсуға қарсы акупунктурлық білезіктерді пайдаланыңыз, оны кез келген дәріханадан рецептсіз сатып алуға болады.

Сапар ұзақтығы

Егер сіз үйден алысқа сапар шегуді жоспарлаған болсаңыз, белгіленген пунктте жақсы медициналық қызмет көрсетілетіндігіне көз жеткізіп алыңыз. Өзіңіздің жүктілігіңіз туралы жазбаны, қандай талдаулар тапсырғаныңыз, қандай дәрілер қабылдағаныңыз, қайсы қан тобына жататындығыңыз туралы ақпараттарды, сапар кезінде қажет болатын басқа да деректерді өзіңізбен бірге ала жүріңіз.

Егер сіз шетелге аттанатын болсаңыз, дәріңіз таусылып қалу жағдайына орай, рецептілердің көшірмесін де ала жүріңіз. Шетелге сапарға шығуды жоспарлаудан алдын барлық қажетті екпелерді жасатыңыз, есіңізде болсын, кейбір екпелержі жүктілік кезінде салдыру қауіпті болып келеді.

Жүктілік кезінде климаттың, биіктік пен рационның өзгеруі сізге көп жайсыздық тудыруы мүмкін. Белгіленген пунктке келіп жеткен соң, әсіресе, ыстық климатта немесе үлкен биіктікте бірнеше күн бойы жүктемені шектеңіз; мұның өзі сіздің денеңізді өзгерістерге бейімдей түседі.

Тағы бір рет ескертеміз, кез келген сапарды жоспарлау алдында, әсіресе, ұшу кезінде биіктік құбылатын болса, міндетті түрде дәрігермен кеңесіңіз. Дәрігер барлық қажетті ұсыныстарды береді, егер сізге үйден алыстағы дәрігерге көріну қажет болса, медициналық мекемелердің байланыс тетіктерін де береді.

Міндетті түрде жүктілік кезінде сапарға шығуды жоспарлаңыз, барлық сақтық шараларын қолданыңыз, сол кезде сіздің саяхатыңыз жеңіл, қауіпсіз әрі жағымды болады. Сапарыңыз сәтті болсын!