Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Құттықтаймыз! Міне, жүктіліктің екінші кезеңі де келді. Әйелдердің көпшілігі осы кезеңді алаңсыз кезең деп атап көрсетеді. Әдетте, таңғы лоқсу енді мазаны алмайды, алғашқы 13 аптаға қарағанда, сізде күш көп болады.

Бірінші триместрге қарағанда, өзіңізді жақсы сезінген шағыңызда (солай болады деп үміттенеміз), ішқату, көтеу және жұмыр байламның ажырауы сияқты кейбір ыңғайсыздықтар пайда болуы мүмкін — іштің астыңғы бөлігінің бір жағынан немесе екі жағынан да немесе шат аумағы.

Ішқатумен қалай күресуге болады?

Жүктілік кезіндегі гормондық өзгерістер асқазан-ішек жолының белсенділігін төмендетеді. Сонымен қатар сәби өскен сайын, жатыр жуан ішекке қысым көрсете бастайды. Мұның барлығы ішқатуға алып келуі мүмкін.

Жүктілік кезінде ішқатуды қалай жеңілдетуге болады?

Қуанышқа орай, диетадағы кішігірім өзгерістер маңызды көмектесе алады:

  • Суды көп ішіңіз, мүмкіндігінше, күніне сегіз стакан су ішіңіз. Суды ісіну, гестоз белгілері (несепте ақуыздың болуы, қысымның жоғарылуы), сондай-ақ дене салмағының патологиялық артуы болмаған кезде ғана ішуге болады.
  • Алхорыны, кебек қосылған қауыздар мен жапырақ салатты қоса алғанда, жасұнықты көп жеңіз.
  • Жүктіліктің екінші триместрінде өсіп келе жатқан салмаққа қарамай, органдардың қанмен жабдықталуын жақсарту үшін, ең болмағанда, күн сайын 15 минут жаяу жүріңіз.
  • Алдын ала дәрігермен кеңесіп алмайынша, іш өткізетін дәрілерді қабылдамаңыз.

Жүктілік кезіндегі көтеу: жайсыздықты қалай азайтуға болады?

Көтеу — тік ішек айналасындағы веналардың кеңеюі, бұл осы аумақта қысымның жоғарылауынан жиі дамиды. Көтеу, әдетте, сәбидің өсуімен күшейе түседі, ауыруды өршітіп алмау үшін, емдеуді жайсыздықтың алғашқы белгілерінен бастау керек.

  • Артқы өтіс аумағына жылы ванна және салқын душ қабылдау көтеудің ауыруын жеңілдетеді.
  • Аяқпен тым ұзақ тұруға тырыспаңыз. Егер сіз тым ұзақ уақыт тік тұратын болсаңыз, қан айналымы қиындап, мәселені күшейте түседі.
  • Ішқатудың алдын алу да көмектесе алады. Үлкен дәрет сындыру кезінде неғұрлым аз күшенсе (нәжіс неғұрлым жұмсақ болса), соғұрлым жақсы.
  • Егер үй құралдары көмектеспесе, дәрігерге көрініңіз.

Жұмыр байламның ауыруы

Егер сіз ауыруды немесе қысылу сезімін және шаттың шаншуын сезінсеңіз, демек жұмыр байлам ауырады. Жатырдың өсу шамасына қарай, оны іш қуысында ұстап тұратын байламдар созылады. Кейбір әйелдерде бұл процесс ауыртып өтеді.

Өкінішке орай, осы ауыруды жеңіллдету оңай емес. Егер ауыру күшейе түссе, дәрігерге көрініңіз. Сондай-ақ жүктілік кезінде шаттың немесе іш қуысының ауыруы ықтимал асқынуларды блідіруі мүмкін, сондықтан гинекологпен міндетті түрде кеңесіңіз, маңызды мәселелерді болдырмау үшін, тағайындалған тексеруден өтіңіз.

Көпшілік әйелдердің пікірінше, жүктіліктің екінші триместрі біріншісінен елеулі шамада оңай өтеді. Біздің кеңестеріміз осы кезеңде толық шамада рахаттануға көмектеседі деп үміттенеміз.