Көп демалыңыз. Бұл сіздің тоғыз айлық саяхатыңызға арналған ең қарапайым кеңес, бұл кеңеске сүйену оңай шаруа емес. Өсіп келе жатқан іш, белсенді сәби және гормондық өзгерістер — мұның барлығы жүктілік кезінде қатты ұйықтауға ықпал етеді. Ал енді ұйқыға қанғысы келетін жүкті әйелдер ұшырайтын өзіндік мәселелерді қарастырып, шешу жолдарын табуға тырысамыз.
Түрткілер мен төңкерілулер
Көбіне жүктілер, әсіресе, үшінші триместрде, өздерінің ұйықтауға ыңғайлы орналасымын табу қиын екендігіне шағымданады. Белге түсетін қысымды болдырмау үшін, екі тізенің арасына жастық қойып, бір бүйіріңізбен жатып көріңіз. Ұзын жастық сатып алып, қажет болған жерге қою үшін, дененің ұзына бойына қатар орналастырыңыз. Кейбір әйелдерге арқасына және бүйір жақтарына бірнеше жастық қойып, жартылай отырып ұйықтаған оңайға соғады.
Жиі несеп шығару
Сіз босану күнін есептеген кезде, апта сайын жүктілікті қадағалай аласыз, әр кезеңде сізді не күтіп тұрғанын біле аласыз. Жүктілік мерзімі неғұрлым үлкен болған сайын, сіз соғұрлым әжетханаға барғыңыз келе береді, түнде де осы оқиға жалғасын табады. Несеп шығарғысы келе беру жиілей түседі, өйткені өсіп келе жатқан жатыр несеп қабын қыса түседі. Күні бойы сұйықтық тұтынуды азайтпау керек, бірақ ұйықтар алдында артық су ішуден бас тартуға болады.
Көпшілік жағдайда жиі несеп шығару — бұл жай ғана жүктіліктің салдары. Бірақ мынаны есте сақтау қажет: осындай әсер несеп шығаратын жолдардың инфекциясы нәтижесінде туындайды. Алайда бұл осындай инфекциялардың жалғыз симптомы емес: ең алдымен бұл жағдайда сіз бірден несеп шығарғыңыз келеді, ал бұл процестің өзі ауырумен немесе ашып ауырумен қатар жүреді. Егер сіз жиі несеп шығарудан басқа әлдебір ерекше симптомдарды сезетін болсаңыз, өз дәрігеріңізбен кеңесіңіз. Ең алдымен дәрігер бактериялық инфекцияның бар-жоғын тексеру үшін несеп талдауын тағайындайды.
Сәбиіңіздің қимылы
Сәбидің белсенді қимылдары да жүктілік кезінде ұйықтауға кедергі жасайды. Бұған ешнәрсе істей алмайсыз, істеудің де қажеті жоқ: егер балақай белсенді болса, әдетте, бұл оның дені сау екенін білдіреді. Егер балақай ұзақ тыныш жатып қалса немесе қимылды баяулатса, біз толғана бастаймыз. Демек, сіз бұдан шаршап-шалдықсаңыз да, бұл сіздің балаңыздың дені сау болып өсіп келе жатқанын білдіреді! Егер сәби түнде ұйықтамаса, сзіге де ұйқы бермесе, күндіз біршама ұйықтап алуға тырысыңыз. Тіпті, қысқа күндізгі ұйқының өзі күшті қалпына келтіруге көмектеседі.
Жақсы ұйқыға арналған кеңестер
Жүктілік кезінде ұйқыны жақсартатын тағы бірнеше кеңес:
- Кофеин тұтынуды шектеңіз.
- Күнделікті дене жаттығуларымен шұғылданыңыз. Зерттеулер көрсеткендей, тұрақты жаттығу жасау жақсы ұйқыға ықпал етеді. Жүкті әйелдерге жүрген өте пайдалы.
- Ұйқыға жатар алдында бір стакан жылы сүт ішуге тырысып көріңіз.
- Сондай-ақ, дәріханаларда ұйқыны жақсарту үшін ұсынылатын ешбір дәріні немесе шөп тұнбасын пайдаланбаңыз.
- Әлдебір препаратты қабылдар алдында, міндетті түрде өз дәрігеріңізбен кеңесіңіз.