Жүктілік кезінде болашақ аналар сәбилерінің денсаулығы мен әл-ауқатына қамқорлық жасайды. Сонымен қатар олар әдемі және жинақы көрінгісі келеді. Демек артық түктер пайдасыз. Бірақ олардан қалай арылуға болады және оның жүктілікке байланысты қарсы көрсетілімдері бар ма??
Әдетте, түкті жұлу жүктілік пен баланың денсаулығына әсер ете алмайды, бірақ әдіс сіздің жеке ерекшеліктеріңіз бен қалауыңызды ескере отырып таңдалуы керек. Сонымен, түкті жұлудың үстірт әдістері (депиляция) ауыртпалықсыз өтеді, бірақ бұл әдістер 1-2 күн ішінде түкті жояды. Түкті тамырдан тазарту әдістері (түкті түбірімен кетіру - эпиляция) тегіс терінің 4 аптаға дейін рахаттануына мүмкіндік береді, бірақ олардың кейбіреулері ыңғайсыздық тудыруы мүмкін.
Депиляция (тері бетіндегі түкті жұлу)
Ылғалдап қыру. Қажетсіз түкті кетірудің ең қарапайым және танымал әдісі. Venus ұстарасының өткір жүздері гель жұмсартқан терімен бірқалыпты сырғи жөнеліп, бір тигеннен барлық түкті алып тастайды. Жалғыз кемшілігі — процедураны өте жиі қайталау керек, әсіресе, түгіңіз қара болса, өйткені бірнеше күннен кейін тері тегістігін жоғалтады. Сонымен қатар, жүктіліктің кеш кезеңінде, әдетте, кейбір жерлерге жету қиын болады.
Депиляцияға арналған крем. Кремдер, лосьондар мен депиляцияға арналған көбік құрамында терінің бетіндегі түкті бұзатын химиялық компонент бар. Сізге затты теріге жағу керек, 15-20 минут күтіңіз және кремді түкпен бірге арнайы қалақпен алыңыз. Бәрі оп-оңай сияқты. Бірақ маңызды бір мәселе бар: кремнің құрамындағы компоненттер аллергиялық реакция мен тітіркенуді тудыруы мүмкін, әсіресе, жүктілік кезінде, барлық реакциялар күшейген кезде тудыруы мүмкін. Сондықтан тәуекелге бармағаныңыз жөн және кремді бірден терінің үлкен аумағына қолданбау керек. Егер күмәндансаңыз, бұл әдісті қолданбаған дұрыс.
Эпиляция (түкті түбірімен жұлу)
Балауыз. Процедураны үйде де, сондай-ақ салонда да жасауға болады. Ыстық немесе суық балауыз түктің өсу бағытында теріге қолданылады. Балауыз қатқан соң, түктің өсуіне қарсы бірден қимыл жасап, оны кесіп алады.
Процедураның артықшылығы түктің ұзақ өспейтіндігінен көрінеді.
Сондай-ақ маңызды кемшіліктері де бар:
- процедура ыстық балауызбен жүргізіледі, ал жүкті әйелдер үшін температураның құлдырауы болмағаны жөн;
- ол қатты ауыртады;
- процедура алдында түктер белгілі бір ұзындыққа дейін өсуі тиіс, мұның өзі жылдың жылы мезгілінде ыңғайсыздық тудырады;
- теріде тітіркену болмайды.
Егер сіз ауыруды нашар өткеретін болсаңыз, тәуекел жасаудың қажеті жоқ — қазір сізге ашулануға болмайды.
Эпилятор. Эпиляторлар кішкентай пинцеттердің көмегімен түкті түбірімен жұлып алады, терінің тегістігін 4 аптаға дейін сақтайды.
Бұл жағдайда олардың қажетті ұзындыққа дейін өсуін күтудің қажеті жоқ. Braun Silk-épil сияқты заманауи эпиляторлар өте қысқа түкті ұстай алады, бұл балауызды кетіруге қарағанда 4 есе қысқа. Эпиляторлар микроайналымды жақсарту үшін массаж роликтерімен жабдықталған, бұл өз кезегінде ауырсыну шегін төмендететін заттардың өндірілуін ынталандырады.
Сонымен қатар, кейбір модельдерді душта немесе ваннада жатып, тері мүмкіндігінше босаңсыған кезде қолдануға болады. Түктер өсіп кетпеуі және тері тегіс болуы үшін, Braun эпиляторларының көптеген модельдерінің жиынтығына нәзік немесе терең пиллингке арналған арнайы щетка кіреді. Нәтижесінде тері 4 аптаға дейін тегіс және жібектей болып қалады, ал сізде басқа жағымды істерге көбірек уақыт қалады!
Ал сіз қай тәсілді ұнатасыз?