Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Жиырмасыншы ғасырда денсаулық сақтау саласындағы көрнекті жетістіктердің бірі кең таралған балалар жұқпалы ауруларынан 95-100 пайызға толық құтылу мүмкін болды, соның арқасында соңғы ғасырларда балаларды вакциналау белсенді насихатталып келеді. Дегенмен, ауру қоздырғыштар бұрынғысынша біздің айналамызда әлі де бар, балалар өз иммундық жүйесінің қорғануға дайын болуына мұқтаж.

Екпелердің көмегімен сіздің сәбиіңіз полиомиелит, көкжөтел және төменде тізімде берілген басқа маңызды аурулардан қорғалады. Нәрестелер қауіпке ерекше бейім болып келеді, сондықтан барлық ұсынылған екпелерді 2 жасқа дейін жасау керек. Балаңызды вакциналау күнтізбесін жасау және екпе тағайындауы үшін, өзіңіздің учаскелік педиатрыңызға жолығыңыз. Вакциналау кестесін, әрбір жоспарлы қатынауды нақтылап алыңыз, өйткені вакциналар тұрақты жетілдіріліп отырады, күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болуы мүмкін.

4-тен 6 жасқа дейінгі және 11-ден 12 жасқа дейінгі балаға үлкен жастағы балалар мен жасөспірімдерге ұсынылатын АПВ және менингитке қарсы вакциналар сияқты екпелермен қатар қайта вакциналау, қосымша түйреу қажет етіледі. Бүкіл балалық шағы бойынша екпе туралы жазбаларды міндетті түрде сақтаңыз, дәрігерге әр келген сайын оларды өзіңізбен бірге ала келіңіз. Денсаулық мәселесінде ерекше түткіл бар балалар қосымша екпелерге және жағдайға сәйкес күнтізбеге өзгеріс енгізуге мұқтаж. Шала туылған балаларға вакциналау тиісті жаста керек, мезгілінен бұрын туылғанына түзету енгізудің қажеті жоқ. Егер сіздің балаңыз екпені өткізіп алса, күнтізбені қуып жетуі тиіс, сізге жоспарды сақтау жөніндегі нұсқаулықты ұсынамыз.

Вакциналау күнтізбесі

Вакциналау туралы ресми ақпаратты сізге учаскелік педиатр ұсынады.

Аурулар анықтамалығы

Бұдан әрі сіз балаларды вакциналау көмегімен алды алынатын аурулар тізімімен және сипаттамасымен таныса аласыз.

  • ДИФТЕРИЯ (АКДС вакцинасында «Д»)
  • ГЕМОФИЛді ИНФЕКЦИЯ/ТИП B (Hib вакцинасы)
  • А ГЕПАТИТі
  • В ГЕПАТИТі
  • ҚЫЗЫЛША (ҚҚП вакцинасында «Қ»)
  • ПАРОТИТ (ҚҚп вакцинасында «П»)
  • КӨКЖӨТЕЛ, сондай-ақ құрысу жөтелі деп аталады (АКДС вакцинасында «К»)
  • ПНЕВМОКОКТЫҚ АУРУЛАР
  • ПОЛИОМИЕЛИТ (IPV, бұлшышет ішіне енгізілетін әсерсіздендірілген вакцина немесе OPV, ауыз арқылы қабылданатын вакцина)
  • РОТАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ
  • ҚЫЗАМЫҚ (ҚҚП вакцинасында екінші «Қ»)
  • СІРЕСПЕ (АКДС вакцинасында «С»)
  • ЖЕЛШЕШЕК (желшешекке қарсы вакцина)

ДИФТЕРИЯ

(АКДС вакцинасында «Д») Дифтерия — маңызды инфекциялық респираторлық ауру, нәтижесінде мұрында, жұтқыншақ пен үстіңгі тыныс алу жолдарында жуан үлдір пайда болады. Дифтерия асқынуларына тыныс алу мәселелері, жүрек-қатамыр жүйесі қызметінің бұзылуы, сал ауруы, тіпті, өлім. Дифтериямен ауырғандардың 20 пайызға жуығы қайтыс болады. Өте кішкентай балалар аса үлкен қатерге бейім болып келеді, қорғалмаған ересектер да жұқтыруы және инфекция көзіне айналуы мүмкін.

ГЕМОФИЛДІ ИНФЕКЦИЯ/ В ТИПІ

(вакцина Hib). Гемофилді инфекция — бактериялық инфекция, көбіне пневмония, эпиглоттит, іріңді менингит және басқа аурулар түрінде көрініс табады. Бұл үйреншікті емес тұмау. Бұл бактериялық отиттің — орта құлақ инфекциясының қарапайым себебі. Вакцина ойлап табылғанға дейін гемофилді инфекция мыңдаған балаларды өлтірді және маңызды шамада мертіктірді. Бұл инфекция 5 жасқа толмаған балаларда жиі кездеседі.

А ГЕПАТИТІ

(А гепатитіне қарсы екпе). А гепатиті — безгекпен, қалжыраумен, сары ауру және тәбеттің жойылуымен өтетін вирустық инфекциялық ауру. Балаларда ауру белгілерінің сирек көрініс табуына қарамай, жұқтырған ересектер маңызды шамада жайсыздық сезінуі мүмкін. А гепатиті адамнан адамға нәжіс-ауыз арқылы өтеді, жекелеген қауымдарда бұрқ ете қалады. Бұл ауру, негізінен, дамушы елдердегі кіші жастағы балаларды зақымдайды, мысалы, АҚШ-та жыл сайын 25 000-нан астам оқиға тіркеледі.

В ГЕПАТИТІ

В гепатиті (HBV) — вирустық бауыр ауруы, соңынан бауыр циррозына немесе обырына әкелуі мүмкін. АҚШ-та екі миллионннан астам адам осы вирусты тасымалдаушылар болып келеді. Толық қорғау үшін В гепатитінің үш дозасын енгізу қажет. Жасөспірімдермен ересектер де қорғану үшін осы вакцинаны алуы мүмкін. Осы ауруды өткерген адамдар өмір сүру барысныда кейіннен бауыр обырының жоғары даму қаупіне ие, сондықтан ерте бастан қорғану ұзақ және қысқа мерзімді әсерлерге ие. Анадан балаға берілуі босану кезінде өтуі мүмкін, осы кезде басқалар зарарланған қанмен жанасу арқылы зарарланады. В гепатитін тасымалдаушылармен бірге тұратын адамдар жұқтыру мүмкіндігіне ие; сондай-ақ вирус жыныстық жолмен берілуі мүмкін. Қазіргі таңда В гепатитіне қарсы вакциналауды туылған соң бірден бастайды, сондықтан екпе жасалмаған балаларға, жасөспірімдер мен ересектерге вакцина егуді мүмкіндігінше тезірек жасау керек.

ҚЫЗЫЛША

(ҚҚП вакцинасындағы алашқы «Қ») Қызылша (сондай-ақ «қызылша қызамығы» деп аталады) — безгек, катаралды құбылыстар, таралу кезеңі тән болып келетін инфекциялық бөртпе түрінде көрініс табатын вирустық ауру. Қызылша көбіне маңызды асқынулармен қатар жүреді. Нашар тамақтанатын тәуекелге көп ұшырайды.

ПАРОТИТ

(ҚҚП вакцинасындағы «П») Паротит – безгекті, улануды, бас ауыруын тудыратын және шықшыт безін ұлғайтатын жедел инфекциялық ауру. Кейбір жағдайларда ол менингитке, бас және жұлын миы инфекциясына немесе энцефалитке, бас миының ісінуіне әкеледі. Ол сонымен қатар құлағы естімей қалуға әкелуі мүмкін, ал балалар мен еркектерде белсіздікке себеп болуы мүмкін. Ересектер паротитті жеңіл өткізеді, сондықтан вакциналау міндетті болып табылады.

КӨКЖӨТЕЛ

(АКДС вакцинасындағы «К»). Көкжөтел – спазмдық жөтелмен қатар жүретін инфекциялық ауру. Жөтел ұстамалары ішке дем тартуға әрекеттенген баладағы безгек сияқты жүреді. Көбіне осыдан кейін құсу орын алады. Көкжөтел пневмонияға, безгекке, мидың зақымдалуына, тіпті, өлімге әкелуі мүмкін. Өте кішкентай екпе жасалмаған балалар аса үлкен тәуекелге ұшырайды, ауырып қалған жағдайда, оларды ауруханаға жатқызу керек болады. Көкжөтел жұқтырған ересектер қатты ауырып қалуы мүмкін, олар, әдетте, бірнеше аптадан немесе айлардан кейін сауығады. Өкінішке орай, олар нәрестелер мен екпе жасалмаған балаларға жұқтыруы мүмкін.

ПНЕВМОКОКТЫҚ АУРУЛАР

Пневмококтық инфекция, көбіне, бактериялық пневмонияның, менингиттің, сондай-ақ отиттердің себебі болып келеді. Пневмококтың бірнеше түрі бар және вакциналар бәрінен емес, олардың кейбір түрінен ғана қорғайды. Кішкентай балалар инфекцияланудың аса көп тәуекеліне ұшырайды. Нәресте кезінде екпе жасалмаған 7 айдан үлкен және 5 жасқа толмаған балаларға бір немесе бірнеше инъекция жасау керек.

ПОЛИОМИЕЛИТ

(IPV — бұлшықет ішіне енгізілетін әсерсіздендірілген вакцина немесе OPV — ауыз арқылы қабылданатын вакцина). Полиомиелит — кең таралған вирус, безгекті, тамақ ауыруын, лоқсуды, бас ауыруын, асқазан ауыруын, мойын мен арқада булығу мен әлсіздікті тудырады, жүйке жүйесін зақымдайды. Ол сал ауруын тудыратын өткен заманның ауруы болып саналады. Алайда біздің көпшілігіміздің вакциналануымызға байланысты ауру өткен дәуірдің кеселіне айналды. Қазіргі таңда тиімді түрі бұлшықетішілік инъекция болып табылады, өйткені ауыз арқылы қабылданатын вакцина мутацияланған вирустың нәжіс шығару арқылы қоршаған ортаға тап болады. Дегенмен, полиомиелит тараған және індет тіркелген басқа елге аттанатын адамдарға ауыз арқылы қабылданатын түрі адамның жақсы қорғалуын қамтамасыз етеді, өйткені вирус ас қорыту жолы арқылы организмге түседі.

РОТАВИРУСТЫҚ ГАСТРОЭНТЕРИТ

Ротавирустық гастроэнтерит — вирустық ішек инфекциясы, негізінен, нәрестелер мен кіші жастағы балаларда кездеседі. Балалар көбіне қыстыгүні және ерте көктемде ауырады, ауру температуаның көтерілуінен, лоқсудан, құсудан көрініс табады, соңынан бес күннен жеті күнге дейін созылатын сулы диареяға өршиді. Аса кең таралған маңызды асқынуы — сусыздану, мұның өзінің соншалықты маңызды болғаны соншалық, ауруханаға жатқызуға тура келеді. Егер дәрігерге уақтылы көрінбесе және емдеуді бастамаса, ауру өлім халіне әкелуі мүмкін. Назар аудару қажет болатын сусыздану белгілері: сирек несеп шығару, ауыздың құрғауы, шырыш бөлінудің азаюы, енжарлық, әлсіздік. Ротавирустық инфекцияға қарсы вакцина алған балалар, әдетте, ауырмайды немесе  ауруды жеңіл өткізеді, мұның өзі ауыр сусыздануға әкелмейді.

ҚЫЗАМЫҚ

(ҚҚП (Қызамық, қызылша, паротит) вакцинасындағы екінші «Қ» ). Сондай-ақ неміс қызылшасы атымен де танымал, қызамық — бұл бөртпенің, безгектің, катаралды құбылыстардың пайда болуын сипаттайтын вирустық ауру. Қызамық, әсіресе, әйелдер мен қыздарда артрит тудырады. Қызамық екпе жасалмаған әйелдер үшін өте қауіпті, өйткені ұрықта даму кемістігі қаупін ұлғайта алады. Бала кезде вакциналау келесі ұрпақты, сондай-ақ жүкті әйелдерді қорғайды.

СІРЕСПЕ

(АКДС вакцинасындағы «С» ). Сіреспе бұлшықеттерде қатты және ауыртатын зорығу тудырады және көбіне өлім қаупіне әкеледі. Оны сіреспе деп атайды, өйткені тамақтануды қиындата отырып немесе мүлдем мүмкін етпей, жақтың бұлшықетін «құлыптайды». Тыныс алу жүйесінің істен шығуы өлім тудырады. Бактериялар лас жерде өмір сүреді және терең тіліктер мен кесілген жараларға түсіп, дамиды.

ЖЕЛШЕШЕК

(желшешекке қарсы екпе). Кең таралған атауы — желшешек (немесе белдемшелік теміреткі); бұл денде және бастың түкті бөлігінде күлбіреу түріндегі бөртпе болып келетін, респираторлық симптомдармен қатар үш-төрт күн ішінде күшейетін жоғары контагиоздық ауру. Көпшілік жағдайда ол денсаулығы мықты балаларға үлкен зиян клетірмейді, бірақ нәрестелерге, үлкен жастағы балаларға және ауырып жазылған (немесе екпе жасалмаған) ересектерге, иммунтапшылығы бар адамдарға және есекжемге ұшыраған немесе белгілі бір дәрілерді қабылдайтын (мысалы, салицилат) кейбір балаларға өте маңызды қауіп төндіруі мүмкін. Жыл сайын 10 000-ға жуық адам желшешекпен ауруханаға жатқызылады және 100-ге жуық адам өледі. Ауыру жеті күннен 21 күнге дейін жалғасады, оның ұзақ инкубациялық кезеңі вирус тасымалдаушы балалардың өздері ауру екенін білгенге дейін оны жүздеген адамдарға таратуы мүмкін екенін білдіреді. Балалар толық жазылып шыққанша, балабақшаға немесе мектепке бармауы тиіс. Пневмония, маңызды тері инфекциялары, мидың зақымдалуы және басқа мәселелер ауруды өршітіп жіберуі мүмкін. Екпе жасалмаған әйелдер ерте жасында желшешек жұқтыратын болса, маңызды тәуекелге ұшыраған балаларды дүниеге әкелуі мүмкін. Вакциналанған халықтың көпшілігі инфекциядан қорғалған, ал ауырып қалғандары ауруды жеңіл түрде өткізеді.

Вакциналау туралы мифтер

«Бұл аурулар енді өзекті емес, сонда оның не керегі бар?»

Өтірік:

Вакциналау жүргізілетін барлық осы бактериялар мен вирустар бүкіл әлемде бұрынғысынша біздің айналамызда жүр. Жыл сайын екпе егілмеген балалар арасында осы аурулар мен өлімдер бұрқ ете қалады.


«Менің балам кішкентай (немесе мезгілінен бұрын туылды). Екпе жасау үшін ол тым кішкентай».

Өтірік:

Кішкентай, әлсіз сәбилер өзіңіз қарсы еге алатын кез келген ауруды жұқтыратын болса, олар аса үлкен қауіпке ұшырайды. Оларға дәл мезгілінде, шала туылғанын түзетпей-ақ  екпе жасау керек.


«Мен емшек еміземін, сондықтан менің балам қорғалған».

Иә және жоқ:

Сіздің емшек сүтіңіздің құрамында, шынымен, инфекциялармен күресетін қуатты ақуыздар мен жасушалар бар. Дегенме спецификалық қорғау деңгейі сіздің сәбиіңізді толық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін жеткілікті жоғары емес. Ол өзі ұшырайтын ауруларға спецификалық антиденелерді өндіруге мұқтаж.


«Вакциналар бәрібір жұмыс істемейді — сіз бұрынғысынша ауырып қалуыңыз мүмкін».

Жоқ және иә:

Вакциналар оқиғалардың 90–99 пайызында жақсы әсер етеді. Сіздің сәбиіңіз қорғалмағандар ортасына тап болу ықтималдығы кішігірім, алайда бала вакциналардың бүкіл кешенін алатын болса, осы ықтималдылық мүлдем азая түседі. Екпеден кейін ауырып қалғандарда, әдетте ауыру жеңіл өтеді.


«Бұл екпелер аутизмді тудырады — мен бұл туралы теледидардан естігенмін».

Өтірік:

Аутизм белгілерінің көрініс табуы мен кейбір екпелер уақыт жағынан сәйкес келіп қалады. Алайда жылдар өте келе және зерттеу жылдарында осы бұзылыс вакциналаудан туындайтыны ешбір ғылыми дәлелге ие болған жоқ. Аутизм өте ерте босануға дейінгі) ми дамуындағы бұзылыстардан туындайды.

Кемшіліктері неде?

Вакциналау — қазіргі заманғы медицинаның басты жетістіктерінің бірі. Жағымсыз әсерлердің қауіптеріне қарамай, бұл тәуекелдер өте төмен, мәселелер өте сирек туындайды және аурулардың өзімен байланысты тәуекелдерге қарағанда, олардың барлығы онша маңызды емес. Қазіргі көпшілік ата-аналар біз қарсы вакциналап отырған ауруларды көрмей өскен, сондықтан олар, әсіресе, өз балаларының екпеден кейін безгекке ұшыраған немесе аяғы ауырған кезде, неліктен вакциналау қажет екенін түсінбейді. Көкөжөтелше көріністері бар балаларды, күл аурудан булығып қалған сәбилерді, бактериялық менингит нәтижесніде мүгедек болған балаларды көрген кез келген адам вакциналаудың қажеті екенін жақсы білетін болады. Алайда, сіз барлық медициналық емшаралардың қауіптері туралы білуіңіз тиіс. Төменде есте сақтауға тұрарлық, екпемен байланысты бірнеше тәуекелдер берілген.

Вакцинациялаудан кейін болуы мүмкін ықтимал елеусіз реакциялар

Температураның көтерілуі

Біз көптеген екпелерден кейін безгектің көрінісін күтеміз — бұл иммунитетті қалыптастыра отырып, біз қалағандай дененің инъекцияға мән беру белгісі. Әдетте, нақты вакцинаның әрбір келесі дозасымен ыстығы күшейе түседі. Егер екпеден кейін температурасы көтерілетін болса, жаныңызда термометр және  парацетамолдың немесе ибупрофеннің лайықты дозасы болуы тиіс. Егер безгек бір немесе екі күннен көп уақытқа созылса, дәрігерге көрініңіз.

Жергілікті қызару, домбығу

Сіздің балаңызға екпе жасалған дер біршама сезімтал болады, домбығу пайда болуы мүмкін. Парацетамол немесе ибупрофен және аялаушы режим жайсыздықты азайтады. Егер қызғарған жері өлшемі жағынан бес теңгеден үлкен болса, іріңдесе немесе екі-үш күннен кейін қызарғанын сақтаса, өз дәрігеріңізге көрініңіз. Кейде түйреу орнындағы инъекция нәтижесінде нығыздалу қалып қоюы мүмкін, мұның өзі бір-екі ай сақталып, соңынан жойылып кетеді. Дегенмен, нығыздалу қызыл болмауы немесе ауыртпауы тиіс.

Бөртпе

Кейде екпе өзі қарсы салынған шағын аруды тудырады. Екпеден кейін екі апта бойы дамуы мүмкін симптомдар өте жеңіл болып келеді және кішігірім жайсыздық тудырады.

Вакциналауға сирек ықтимал маңызды реакциялар

Аллергиялық реакция

Бұл өте сирек кездеседі, бірақ өте маңызды өтеді. Кейде балаларда вакцинада пайдаланылатын компоненттерге аллергия болады, балалар аллергиялық реакцияны сезінеді. Мысалы, жұмыртқа ақуызына аллергиясы бар балаларда вакциналармен қиындықтар болады, оларды жасау үшін вирустар тауық эмбриондарында өсіріледі. Бұл аллергиялық реакцияның белгілері дақты, қызыл бөртпе (есекжем), ентігу, ысылдау, тыныс алудың қиындауы, бозару, бас айналу немесе жүрек соғу жиілігін қамтуы мүмкін. Бұл симптомдар вакциналаудан кейін бірнеше минут немесе сағат ішінде дамуы мүмкін. Осы себепті денсаулық сақтау мекемелерінің көпшілігі екпеден кейін бірден кетіп қалмауды өтінеді, егер осы симптомдар сіздің клиникадан кеткеніңізден кейін дамитын болса, сізге міндетті түрде қайта оралу керек. Егер сіздің отбасыңыз аллергияға бейім немесе отбасындағы әлдекімде вакциналауға реакциясы болса, вакциналауға дейін міндетті түрде дәрігерді хабардар етіңіз.

Соңғы ескерту

Өзіңіздің вакциналау мәртебеңізді тексеріңіз. Сіз кезінде бала болған кезіңізден бері көптеген вакциналар пайда болды, сіз ауырғыңыз немесе осы ауруларды өз балаларыңызға таратқыңыз келеді деп айта алмаймыз.