Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Егер бала микстураны ішуден немесе таблетка жұтудан мүлдем бас тартатын болса, оған дәріні қалай беруге болады? Оның жауабы оңай — дәрі қабылдау қажет деп сендіру керек. Егер сіз онша сенімді болмасаңыз, сәби сіздің күдіктеріңізді бірден сезініп, сіз не істесеңіз де, одан бас тартады. Өзіңіз табанды әрі мықты болыңыз, сол кезде сіздің сенімділігіңіз балаға беріледі.

Кішкентай балаларға дәріні қалай дұрыс беруге болады?

  • Егер бала жатқан болса, ол қақалып қалмауы үшін, оны аздап көтеріңіз. Жасы үлкен балалардың отырғаны немесе тіке тұрғаны жақсы.
  • Дәрісі бар қасықты баланың аузының бұрышына әкеліп, одан аузын ашуын өтініңіз. Құсу рефлексін тудырмау үшін, қасықты аузына тым терең салып жібермеңіз. Таблеткаларды тілдің артқы жағына салу керек, кері жғдайда бала оны оп-оңай түкіріп тастайды.
  • Мүмкіндігінше дәрінің жағымсыз дәмін әлдебір нәрсемен басыңыз. Бұл үшін алма езбесі, йогурт, пудинг немесе джем жақсы жарайды. Ең қиын жағдайларда жұмсақ кәмпитті, балмұздақ немесе шоколад шәрбатын байқап көруге болады. Егер сіз дәріні шырынға араластыратын болсаңыз, кішігірім мөлшерін алыңыз, кері жағдайда бүкіл дәрі тостағанның немесе бөтелкенің қабырғасында қалып қояды.
  • Өлшем қасығын пайдаланыңыз. Бұл препараттарды дәл мөлшерлеуге мүмкіндік береді. Ең ыңғайлы нұсқа — өлшеу белгісі бар пластикалық медициналық қасық.
  • Дәрі — кәмпит емес, балалардың бойында таблеткалар мен микустураларға қатысты жеңіл қатынас қалыптастыруға болмайды. Бұл өте қауіпті салдарларға алып келеді. Ең жақсысы, бәрін қалай жеу керек екенін түсіндіріңіз.
  • Кіші жастағы балалар дәріні ересектердің қарауымен қабылдауы тиіс.
  • Келіссөздер жүргізбеңіз және пара қолданбаңыз. Баланың сенімсіздігі осыдан тек қана күшейе түседі. Сонымен қатар сіз ауырмаған кезде дәріні ішпеуге болатындығы туралы әсер қалдырасыз. Балаға таңдау жасатыңыз, мысалы, ол қай тостағаннан немесе қай бөлмеде дәрі ішкісі келетінін таңдасын, бұдан артық әрекетке бармаңыз.
  • Егер бала дәрі қабылдағысы келмесе, жазалау да іске аспай қалады. Дәрілердің көпшілігі жағымсыз дәмге ие, ал адам тумысынан кейбір дәмдерден өзін алып қашатын етіп жаратылған — біздің ата-бабамыз улы шөптерді жеуге болатын шөптерден ажырата білген. Жай ғана дәріні ұсынуды табанды түрде жалғастыра беріңіз. Миссия аяқталған кезде, баланы ҚАТТЫ ҚЫСЫП құшақтап, жарайсың, біз маңызды әрі пайдалы іс атқардың деп айтуды ұмытаңыз!

Түрлі жастағы балаларға дәріні қалай беруге болады?

Түрлі жастағы балаларға арналған стратегиялар мен техникалар.

Нәрестелер

  • Баланы қолы мен басынан ұстап, 45 градус бұрышта ұстап тұрыңыз.
  • Пластикалық бүрку, тамшуырлау немесе бөтелкеден сору көмегімен тілдіңартқы жағының бүйір жақтарына дәріні тамызыңыз. Дәріні жақтың ішкі жағына тамызбаңыз, өйткені бала оны алғашқы мүмкіндікте түкіріп тастайды. Дәріні тікелей тамаққа тамызбаңыз — тамақ буылып қалуы мүмкін.
  • Дәріні сүтпен немесе шырынмен ішкізіңіз.

Бөбек және мектепке дейінгі жастағы балалар

Дәрінің жағымсыз дәмін бірнеше тәсілде басуға болады.

  • Қабылдар алдында дәріні салқындатып алыңыз немесе балаға бір тілік мұз немесе жіңішке балмұздақ сынығын беріңіз. Қабылдаған соң бірден сүйікті салқын сусынын үшуді ұсыныңыз. Суық дәм рецепторларын басады.
  • Дәріні күшті хош иісі бар әлдебір тәттімен, мысалы, шоколадты пудингпен араластырыңыз. Сәбидің бүкіл үлесін жеп қойғанына көз жеткізіңіз. Дәріні тәтті сусынға, мысалы, алма шырынына ерітіңіз. Бүкіл үлестің ішілгені маңызды.

Егер мүлдем ешнәрсе көмектеспесе, баланы ұстап тұруға тура келеді. Егер сізге әлдекім көмектескені жақсы, егер ол сәбиді қолымен ұстап денесіне қысып, басын 45 градуста ұстап тұрып, сәбиді құшақтаса, жақсы болады. Бала өзін онша жайлы сезінбейді, сондықтан препаратты берген соң, оны міндетті тұрде мақтап қойыңыз. Келесі жолы сәбиді сіздің тағы ұстап тұрмауыңыз үшін, оның дәріні өз бетінше қабылдау мүмкіндігі болатынын түсіндіріңіз.