Температура бала организмінің инфекциямен күресуін көрсете алады. Температура өздігінен міндетті ауруды білдірмейді. Температураның кішігірім көтерілуі елеусіз балалар ауруларынан табиғи қорғаныш тетігі болып табылады. Баланың температурасы көтерілгенде, не істеу керек – түсіру керек пе әлде жоқ па?
Баланың ыстығы шығуы
Нәрестенің ыстығы шығуына (2 айға дейін) маңызды қарау керек. Сәбидің ректальды температурасының 38 Цельсий градустан асуы жоғары температура болып саналады. Осы жаста құлақ термометрін пайдалануға болмайды.
Не істеуге болады?
Егер 2 айға толмаған баланың температурасы көтерілсе, оның үстіндегі бір қабат киімді шешіп тастап, 15-20 минуттан кейін температураны қайта өлшеңіз. Егер осы уақыт ішінде төмендемесе, онда сәбидің тәбеті төмендеді, ол ұйқышыл немесе шектен тыс қозған болып көрінеді – дәрігерге көрініңіз!
Дәрігерге не дейміз?
Дәрігер баланы тексерген кезде, ол сізге баланың жағдайы туралы қажетті сұрақтар қояды. Бірақ дәрігердің жағдай туралы нақты түсінікке ие болуы үшін, баланың жақсы тамақтанатынын, қалай ұйықтап-оянатынын, мазасыздықтың басқа белгілерінің бар-жоғын айтыңыз. Егер бала соңғы екі аптада ауырған адамдармен байланыс жасаған болса немесе баланың созылмалы аурулары бар болса, міндетті түрде дәрігерге хабарлаңыз.
Бөбек жастағы сәбидің ыстығы
Әдетте, Цельсий бойынша 39,4 градустан жоғары температура аса маңызды ауруларды сүйемелдейді, мұндай жағдайда баланың жалпы жағдайына бағдарлану керек.
Не істеуге болады?
Егер баланың жасы үш айдан жоғары болса, температураның жоғарылауы 38,5 градустан асқан жағдайда, ыстығын түсіру немесе жайсыздығын төмендету үшін, оған балалар парацетамолын немесе ибупрофен беру керек. Балаларға ешқашан аспирин бермеңіз! Сондай-ақ сәби қалтырамаса, жылы суда шомылдыру арқылы оның ыстығын түсіруге болады. Дірілдеу температуаның жоғары екенін білдіреді, ал ванна бұл кезде жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін.
Дәрігерді қашан шақыру керек
Баланың температурасын мұқият қадағалаңыз. Егер дәрі қабылдаған соң, температурасы түспесе немесе жоғарыласа, міндетті түрде дәрігерге көрініңіз!