Жүктілік кезіндегі таңғы лоқсу деген не?
Лоқсу, кейде арасында құсу жүктіліктің кең таралған ерте симптомы болып табылады. Әйелдердің шамамен 50-70 пайызы оны жүктіліктің бірінші триместрінде сезінеді. Лоқсу - бұл қалыпты процесс, бұл сіздің жүктілігіңіздің дұрыс, жақсы екенін көрсетеді.
Бұл жағдай "таңертеңгі лоқсу" деп аталады, өйткені күннің дәл осы уақытында симптомдар өте жиі көрініс табады. Алайда, жүктілік кезінде және тәуліктің басқа мерзімінде сіз әлсіреу мен лоқсуды сезінуіңіз мүмкін.
Жүктілік кезінде таңғы лоқсудың себептері қандай?
Симптомдарды ХГЧ гормондары тудырады деп санайды, бұл гормонды дамушы плацента өндіреді және жүктілікті ұстап тұруға көмектеседі. Бірақ оған қандағы қанттың төмен деңгейі, асқазанның жоғары қышқылдығы, күйзеліс және қалжырау сияқты басқа факторлар да әсер ете алады.
Лоқсудың алдын алу стратегиялары
- Кереуеттің жанында қоспасыз крекерлер, нан, күріш нан, тіпті бір тілім шоколад тұрсын, ояна салысымен, тұрар алдында қандағы қант деңгейін көрету үшін бір нәрсе жеңіз.
- Асқазан бос тұрмауы, ал қандағы қант деңгейі тұрақты болуы үшін, күшіне үш рет жақсылап тамақтанудың орнына, кішігірім үлеспен бес-алты рет тамақтаныңыз.
- Дамып келе жатқан сәбиіңіздің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін рационыңызға жеткілікті мөлшерде ақуыз (ет, балық, жұмыртқа, ірімшік) және күрделі көмірсулар (жемістер, көкөністер, жарма) қосыңыз.
- Тамақтану бойынша кейбір сарапшылар жүкті әйелдерге арналған әдеттегі дәрумендерді қабылдаудан басқа, жүрек айнуын болдырмау үшін қосымша ретте 50-100 мг B6 дәруменін қабылдауды ұсынады.
- Ащы немесе майлы тағамдардан аулақ болыңыз, ыстықтап кетуден және терлеуден аулақ жүріңіз, сонымен қатар көп демалуға тырысыңыз.
Жүктілік кезінде таңғы лоқсудан қалай құтылуға болады
Егер сіз лоқситын болсаңыз, келесі әрекеттерді жасауға тырысып көріңіз:
- Өзіңізді бос ұстаңыз. Баяу демалыңыз — мұрныңызбен дем алып, ауыз арқылы дем шығарыңыз — немесе жағымды визуалды образға көңіл аударыңыз.
- Сіз лоқсу тудыратын азық-түліктердің немесе басқа заттардың түрінен, иісі мен дәмінен (мысалы, темекінің түтіні) аулақ жүріңіз.
- Мұз немесе балғын лимон тілігін сорыңыз немесе шайнаңыз.
- Егер тіс тазалау кезінде лоқситын болсаңыз, пастаны ауыз шабға арналған сұйықтықпен ауыстырыңыз. Ауыз қуысы әрқашан таза болуы үшін, оны жиі пайдаланыңыз.
- Асқазандағы қышқылды бейтараптандыру үшін, бір стакан сүт немесе екі таблетке кальций ішіңіз.
- Зімбірдің дәмін көріңіз — зімбір лоқсумен күресуге арналған табиғи зат. Зімбірді үгіткішпен үгітіп, көкөніске немесе басқа өнімдерге қосыңыз.
- Түймедақ немесе зімбір шайын ішіңіз.
- Қатты тағам жегіңіз келмесе де, жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішіңіз. Сондай-ақ қатты тағамды сұйық тағаммен араластырмауға тырысыңыз — бұл ішкі лоқсумен күресуге көмектесе алады.
Егер лоқсу мен құсу симптомдары тұрақты болса (көбіне күніне бір немесе екі рет болады), сізге тамақ, су ішуге мұрша бермесе, сіз бастапқы салмағыңыздың 5%-ынан астамынан айрылсаңыз, ішіңіз 2-3 тәулік жүрмесе, тері мен көз сарғая түссе немесе симптомдар бірінші триместрден соң сақталып қалса, онда бұл туралы өз дәрігеріңізге хабарлаңыз.
Таңғы лоқсу қаншаға созылады?
Жақсы жаңалық жүктілік кезінде көпшілік әйелдердің таңертеңгі лоқсуы төртінші айда, екінші триместрдің басында аяқталатындығынан көрінеді, бұл кезде гормондар деңгейі біршама азая түседі.
Өзіңізге жүрек айнуының қалыпты симптом екенін және жақында оның өтіп кететінін еске салуды жалғастыра түсіңіз — жүктіліктің жағымды жағына және нәрестенің сізге бақыт әкелетініне назар аударыңыз