Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Жүктіліктің алғашқы симптомдарын қалай сезінуге болады?

Кейде өз денеңіздің сізге жіберетін сигналдарды тануы оңайға түспейді. Егер сізде өзіңіздің жүктілігіңізге қатысты күмән туындаса, ол туралы білгіңіз келетіндігі анық.

Ең қарапайым тәсіл — тесті пайдалану, оны дәріханадан сатып алуға болады. Қазіргі заманғы тестерді етеккір кідірген алғашқы күннен бастап пайдалануға болады, тест 95% дәл нәтиже көрсетеді, тіпті, өзіңіздің жүктілік мерзіміңізді жуықтап анықтай аласыз.

Егер сіз өзіңіздің жүкті екеніңізді анықтасаңыз, дәрігерге көрінуді кейінге қалдырмаңыз.

 

Жүктіліктің ерте белгілері:

  • етеккірдің кідіруі;
  • жиі несеп жіберу;
  • емшек жұмсақ, ісінген, шаншу сезіледі;
  • «таңғы лоқсу», бұл күннің кез келген уақытында қайталануы мүмкін;
  • тері түсінің өзгеруі: емшек ұшы маңының күңгірттенуі, емшектегі венаның күңгірттенуі, кіндіктен бастап маңдайға дейін қара сызықтың пайда болуы;
  • әлдебір ерекше тамақ жегісі келуі;
  • тұрақты қалжырау мен ұйқышылдық.

Егер сізде осы белгілердің әлдебірі байқалса, мүмкіндігінше, тезірек дәрігермен кеңесіңіз. Тексеру кезінде дәрігер жүктілікті растайтын басқа белгілерді анықтай алады, мысалы, жатыр мойнының түсі мен қаттылығының өзгеруі, жатырдың өзгеруі, сондай-ақ эмбрионның жүрек соғуын естуге болады немесе оны ультрадыбыстық зерттеу кезінде көруге болады. Егер сіз жүкті болсаңыз, дәрігер сіздің денсаулығыңыз бен балаңыздың дамуын бақылау үшін тұрақты тексерулер тағайындайды.