Қауырт желі 7766 (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)

Балаларыңызға арналған заттарды бұрынғыдан да тиімдірек сатып алу үшін «MUM Club Magnum» кіріңіз

Клубқа кіру

Жүктілік кезінде жамбас немесе жамбас буындарында ауырсыну пайда болуы мүмкін, олардың көзін анықтау кейде оңай емес. Бұл мақалада біз осындай ауырсынудың кейбір себептері мен жиі кездесетін көріністері туралы сөз қозғаймыз, сонымен қатар ауырсынуды жеңуге немесе оның алдын алуға көмектесетін кеңестер береміз.

Жүктілік кезінде жамбас-сан буындары мен жамбас аумағында ауыру қалай көрініс табады?

Анатомиялық құрылысты еске алған пайдалы болады: жамбас — бұл кеуденің астыңғы бөлігінде орналасатын омыртқа негізіндегі сүйек түзілімі. Жамбастың қос тарапында жамбасты сан сүйектерімен жалғастыратын жамбас-сан буындары орналасқан.

Жамбас немесе жамбас-сан буындарының ауыруын сезінгенмен, осы сезімдердің нақты оқшауланған жерін анықтау қиынға соғады. Кейде осындай ауыруды, әсіресе, ауыру басқа жерлерге берілетін болса,  белдің ауыруы деп шатастырып алуға болады, сондай-ақ бел ауыруы жүктілік кезінде көпшілік әйелдерде кездеседі.

Бұл жағдайда ауыру түрліше сезіледі: кейбіреулерде бұл бірден және кенеттен болатын ауыру сезімдері, басқаларда — тұрақты сыздап ауырады. Жүктіліктің түрлі кезеңдерінде басқа ауырулар да пайда болуы мүмкін. Дәл диагнозды сізді емдейтін дәрігер қояды.

Жүктілік кезінде жамбас аумағының ауыруы едәуір жиі кездеседі. Ауыру сыздап ауыру және жедел ауыру, тұрақты және үзілмелі ауыру түрінде болуы мүмкін. Ауыру белге, бөксеге және санға берілуі мүмкін.

Жамбастың ауыруы белгілі бір қозғалыс кезінде, мысалы, жүру кезінде, кейбір позаларда, мысалы, ұйқыға жатқаныңызда туындауы мүмкін.

Егер ауыру сізге үйреншікті өмір салтын ұстануға кедергі жасайтын болса, уақыт өте келе күшейетін немесе бірден қатты ауыратын болса, міндетті түрде дәрігерге хабарласыңыз. Сонымен қатар егер ауыру бас айналумен, қынаптан қан кетумен несе жоғары температурамен қатар жүретін болса, дәрігерден кеңес алған жөн.

Жамбас-сан буындары аумағының ауыру себептері

Егер жамбас аймағының ауырсынуы жүктіліктің ерте кезеңінде немесе бірінші триместрдің соңғы апталарында пайда болса, ол жүктіліктің өзінен басқа әлдебір өзге нәрсемен байланысты болуы мүмкін. Емдеуші дәрігер сізге оның себебін анықтауға көмектеседі.

Екінші немесе үшінші триместрдегі жамбас аумағының ауырсынуы жатырдың құйымшақ жүйкесі қысылуының нәтижесі болуы мүмкін. Бұл жағдайда ауырсыну белге, санға және балтырға берілуі мүмкін. Бақытқа орай, ол, әдетте, босанғаннан кейін бірден кетеді.

Жамбас аумағының ауыру себептері

Жүктіліктің алғашқы кезеңдерінде жамбас аумағының ауыруы, әдетте, алаңдаушылық тудырмайды. Бұл өсіп келе жатқан ұрыққа орын беру үшін сүйектер мен байламдардың аздап жылжуымен байланысты.

Кейде жүктіліктің ерте кезеңдерінде немесе алғашқы триместрдің соңғы апталарында жамбас аумағының ауыруы жатырдан тыс жүктілік симптомы болуы мүмкін, бұл жағдайда ұрық жұмыртқасы жатырға емес, басқа беткейге, мысалы, фаллопийлік жатыр түтігіне тұрып қалады. Эктопиялық жүктіліктің басқа симптомдары: іштің төменгі жағының жедел және бүріп ауыруы, жыныс жолдарының қанды бөліністері (етеккір кезеңінен тыс), жыныстық акт кезіндегі ауыру, сондай-ақ бас айналуы немесе әлсіздік. Жатырдан тыс жүктілік медициналық араласуды қажет етеді, егер өзіңізде осы симптомдарды байқайтын болсаңыз, бірден дәрігерге көрініңіз.

Үшінші триместрде жамбас аумағының ауыруы артық салмақпен, сондай-ақ жүктілік гормондарының әсерімен байланысты болуы мүмкін. байламдар, әдетте, қатқыл және қатты күйде болады. Жүктілік кезінде баланың босану жолдарымен өтуін жеңілдету үшін, жамбас аумағындағы бұлшықет пен байламдарды босаңсытатын релаксин гормоны бөлінеді. Алайда байламдар тым қатты босаңсыса, жамбас аумағында жағымсыз сезім туындауы мүмкін.

Сондай-ақ жүктіліктің соңғы мерзімінде ұрық дүниеге келуге дайындалып, жамбасқа түседі. Нәтижеде жамбасқа, жамбас-санға қысым түсу нәтижесінде несепқап өседі. Есесіне бұл сонымен қатар көп ұзамай сіздің сәбиіңіз туылатынын және сіздің енді еркін тыныс ала алатындығыңызды білдіреді, өйткені басқа ешнәрсе өкпеге қысым жасай алмайды. Егер босану мерзімі әлі басталмаған болса, жамбас аумағындағы немесе іштің төменгі жағындағы қысым мезгілінен бұрын босануды білдіреді, сондықтан өзіңізде осындай белгілерді байқасаңыз, бірден дәрігерге көрініңіз. Мерзімінен бұрын босану белдің сыздықтап ауыруымен, қынаптан қанды бөліністермен немесе оқтын-оқтын толғақтармен қатар жүруі мүмкін.

Кейде жамбас аумағының ауыруы несеп шығаратын жолдардың симптомы болуы мүмкін. Егер сіздің температураңыз көтерілсе немесе несеп шығару кезінде ашып ауырғанын сезінсеңіз, дәрігермен кеңесіңіз, ол сізге емдеу жоспарын құрады.

 

Жүктілік кезінде жамбас-сан буындары мен жамбас аумағының ауыруынан қалай құтылуға болады?

Дәрігерге көрінген дұрыс. Дәрігер келесі кеңестерді бере алады:

  •  егер аяғыңызда ұзақ тұру керек болса, үзіліс жасаңыз
  •  ауырлық көтеруге болмайды
  •  спортпен тұрақты шұғылданады, бірақ қатты беріліп кетпейді (жаңа жаттығуды бастар алдында оны дәрігермен талқылаңыз)
  •  жылы ванна қабылдау
  •  мүсінді дұрыс ұстау
  •  ұйықтар алдында екі тізенің арасына жастық қойыңыз
  •  Кегель жаттығуларын жасау
  •  арнайы бандаж тағу

Сонымен қатар дәрігер ауыруды басатын дәріні, емдеу дене шынықтыруын тағайындауы немесе жамбас-сан буындары мен жамбас аумағының ауыруын басуға арналған арнайы жаттығуларды ұсынуы мүмкін.

Жамбас және жамбас-сан буындарының ауыруы жүкті әйелдерде жиі кездеседі. Бұл жағымсыз жайт, бірақ бұл небары табиғи процес қана.

Сұрақ — жауап

Жамбасқа қысым жасау босанудың басталуын білдіре ме?

Босану жақындаған сайын жамбас аумағындағы қысымды сезінуге болады. Сіздің сәбиіңіз дүниеге келуге дайындалып, жамбасқа қарай төмен түседі. Бұған арналған медициналық термин — іштің түсуі. Әдетте, іштің түсуі бірнеше аптаның ішінде немесе тіпті босанғанға дейінгі сағат ішінде өтеді.

 

Жамбас аумағының ауыруы жүктілік дерегінің өзінен туындауы мүмкін бе?

Иә. Жүктілік кезінде жамбас аумағындағы бұлшықеттер мен байламдар өсіп келе жатқан ұрыққа орын босату үшін созылады, сондықтан ауыртатын сезімдер туындауы мүмкін.

 

Жүктілік кезінде жамбас аумағының ауыруы нені білдіреді?

Жамбас аумағының ауыруы — жүктілік кезіндегі кәдімгі құбылыс. Ықтимал асқынуларды болдырмау және жағдайды жеңілдету үшін, дәрігерге көрініңіз.